| Күні: |
| |
| Сынып: | 5 «Б» | |
| Мұғалім: |
| |
| Сабақ тақырыбы: | «Қазақстан барысы» (мультфильм негізінде). | |
| Білімділік: | Қазақ тіліндегі танымдық ақпараттардың негізінде оқушыларға қазақша күрес жайлы мағлұмат беру. | |
| Дамытушылық: | Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы сұхбат құру мәдениетін дамыту, сөйлесімге баулу. | |
| Тәрбиелік: | Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы оқушылардың бойында ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру. | |
| Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы. | |
| Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақ тілінде қазақша күрес жайлы ақпарат береді. | |
| Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақша күрестен өткізілетін сайыс туралы өз ойын айтады, сыныптастарымен тілдеседі. | ||
| Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырыпқа қатысты диалог, шағын мәтін құрай алады. | ||
| Жаңа сөздер: | Барыс, қабан, аяқтан шалу, ептілік, төзімділік, арқар, борсық, мүйізтұмсық, жариялау, ақыру, ырылдау, жыртқыш, алдау. | |
| Сабақта қолданы- латын материалдар: | «Қазақстан барысы» мультфильмі, А4 парағы, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, тақырыпқа қатысты буклеттер, желімқағаздар. | |
| Оқыту әдістері: | Түсіндіру, сипаттау, «Оймоншақ» ойыны, «Шаттық шеңбері» тренингі, жұптық, топтық жұмыстар, «Жағымды сөздер» тәсілі. | |
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. | |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. | Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір- біріне біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады. |
| Өткен сабақты тексеру | Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. | Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
| І. Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында «Қазақстан барысы» мультфильмі- нен үзінді көрсетеді, сұрақтар қояды: — Балалар, қазақша күрес жайлы не білесіңдер? | Мультфильмді көреді, сұрақтарға жауап береді. |
| ІІ. Мағынаны тану | 1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. |
|
| 2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сурет бойынша әңгімелейді. |
| Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Тапсырманың шартын орындайды. | |
| 3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындатады. | Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді. | |
| Ә) Оқылым. Оқулықтағы 4, 7-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Мәтінді оқиды, қандай аң екенін айтады. | |
| Б) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға ма- шықтандыру үшін 5, 6-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Сұраққа жауап береді, сөйлем құрайды, аңды сипаттап айтады. | |
| 4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. | Топтық жұмыс. А4 парағына «Қазақстан барысы» сайысының суретін салады, сипат тайды. | |
| 5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 9-тапсырманы орындатады. | Айтылым. Әр сұрақ қа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауап ты тауып айтады. | |
| Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 10-тапсырманы орындатады. | Жазылым. Сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды. | |
| Жеке оқушымен жұмыс: |
|
|
| ІІІ. Ой толғаныс | Топтық жұмыс. «Оймоншақ» ойынын ұйымдастырады (оқулықтағы 11-тапсырма). | Тілдесім. Әр оқушы бір сөйлемнен айтады. Тапсырманың шарты бойын- ша сөйлемдер арасында логикалық байланыс болуы керек. |
| IV. Бекіту | Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады. | Оқылым. Айтылым. Жұмбақтарды кезекпен оқиды, жауабын айтады. |
| V. Бағалау | Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды. |
| VI. Үйге тапсырма | Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау. |
|
| VII. Рефлексия | Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мынадай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойынша сабақ қорытындыланады. | Сабақ барысында мұғалім, сыныптас- тары тарапынан ай-тылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқағаздарға жазады, тақтаға жапсырады. |




