«Зима 2025»

Қазақстан- ұлттардың мәдени шаңырағы

Барлық оқушылар орындай алады:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады,дәлелдей алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады,дәлелдей алады,қорытынды жасайды

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Роль

(мәтін кімнің атынан жазылады?)

Аудитория

(кімге арналып жазылады?)

Форма

(мәтіннің түрі)

Тақырып

(қандай тақырыпта жазу керек?)

Әңгімедегі негізгі кейіпкер/автор атынан

Көпшілік оқырман

Шағын әңгіме

Татулық – достықтың бесігі.

Достық Үйінің қызметкері

«Шаңырақ» газетінің оқырмандары

Шағын мақала

Қазақстан –ортақ үйіміз.

Мектеп көшбасшысы

7-сынып оқушылары

Нұсқаулық

Дос болайық бәріміз!

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

« Қазақстандағы ұлттар достығы»

Мектеп: «№2 Бадамша орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Калдыбекова А.С.

Сынып: 7 А

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

ҚАЗАҚСТАН – ҰЛТТАРДЫҢ МӘДЕНИ ШАҢЫРАҒЫ. ҚАЛАУ РАЙ


Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады,дәлелдей алады

Кейбір оқушылар орындай алады: Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады,дәлелдей алады,қорытынды жасайды

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес жазу;

  • Жазылған мәтін (мақала, әңгіме, нұсқаулық) жанр талаптарына жауап беру

Тілдік мақсат

Оқушылардың орындай алады:

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолданып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазады

Лексикалық минимум

Шаңырақ, бірлігі жарасқан, бауыр басу, шаттығы таусылмайтын, арманға жетелейтін; бірлік болмай,тірлік болмас; тілі басқа болса да, тілегі бір; атасы басқа болса да, Отаны бір; жүзі басқа болса да, жүрегі бір, Бірлік болмай,тірлік болмас .т.б.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар

Менің ойымша, біріншіден, сонымен қатар, қорытындылай келе т.б.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел»құндылықтары. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарасына құрметпен қарау;

Пәнаралық байланыс

Тарих,әдебиет,география

Алдыңғы білім

5 минут

«Қарлы кесек» әдісі бойынша алдыңғы тақырыпты ширату.


Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


2 мин

Оқушылар «Достық» деген сөзге ассоциативті карта сызып, ойларымен бөліседі. Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. ОМ мен ЖК танысады.

  • Достық байланыстарға нені жатқызуға болады?

  • Халықтар достығы дегенді қалай түсінесіздер?

  • Мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарға мысал келтіріп көріңіздер

Слайд №1-2

Сабақтың ортасы


3 мин




















25 мин




























12 мин






Ұлттық театрлар

Қазақстанда бірнеше ұлттық театрлар бар: Қазақстан ұлттарының театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мем­ лекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, Респуб­ ликалық неміс драма театры және Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры және т.б.


Абай атындағы мемлекеттік акаде­­миялық опера және балет теат­­ры 1934 жылы бірінші қойылым М.Әуезовтің­ либреттосына жазылған

“Айман—Шолпан” музыкалық ко­медия­сымен­ ашылған.


М.Әуезов атындағы Қазақ мемле­кеттік акаде­миялық драма театры тұңғыш рет 1926 жылы 13 қаңтарда “Еңлік—Кебек” пьесасымен шымыл­дығын­ ашқан.

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық балалар мен жасөспірімдер театры — Алматы жастарына арналған мәдени ошақ. Бұл театр кейін 1985 жылы қазақ және орыс бөлімдеріне бөлініп, қазіргі таңда Қазақ театры және рыс театры болып жұмыс істеуде.

1991 жылы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры ашылды.

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Астанада 1999 жылы ашылды.

М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры 1933 жылы Алматы қаласында ашылды. Кейін 1964 жылы оған орыстың ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың аты берілді.

2003 жылы Сайрам қаласында Өзбек драма театры құрылды. Драма театр өзбек жазушылары мен драматургтерінің пьесаларын қояды.

1934 жылы Алматыда ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. Қазақ және ұйғыр авторларының, әлемдік классика өкілдерінің пьесаларын орындайды.


Республикалық мемлекеттік кәріс музыкалық комедия театры — Қазақстандағы ең көне ұлттық театр. Ол 1966 жылы Республикалық театр ретінде мәртебе алды.

  1. Елімізде қандай ұлттардың театрлары бар?

  2. Елімізде қазақ театрлары қашан ашылған?

  3. Қазақстандағы орыс театрлары қашан ашылған?

  4. Ұйғыр, кәріс театрлары туралы қандай деректер берілген?

Оқушыларға «РАФТ» әдісіне негізделген тапсырмалар ұсынылады. Тақырыптың біреуін ғана таңдауға болатыны ескертіледі. Авторлық стильді таңдауға еркіндік беріледі. Кестені көлденең оқу керек.

Жазылымға дайындық жұмысы

«Екі жақты күнделік». Оқушылар «Достық байланыстар» атты бейнебаянды тамашалап, жазба жұмысының идеясын ашуға мәлімет жинайды.

Бейнебаяннан алынған мәлімет

Жазба жұмысымда қалай қолданамын

Бір жанұя

Қазақстан халқы бір үлкен жанұя

Ауырлықты көтере алу

Бірлік бар жерде тірлік бар


«Күнделікті» толтырып болған соң, жазба жұмысын орындауға кіріседі.

Алдын ала әзірленген шаблондар/жоспар оқушыларға нұсқаулық немесе мақала жазуға көмек келтіреді.

Шаблон үлгісі:

  1. Алғы сөз (Құрметті...)

  2. Күн тәртібіндегі мәселеге тоқталу (қазіргі жастар арасында ...)

  3. Мәселенің өзектілігі

  4. Мәселені шешу жолдары (нақты қадамдар көрсетіледі)

  5. Қорытынды (үндеу)



Сыныптан 3-4 оқушының жұмысы жаппай тексеріледі. Оқушы жұмысын өзі дауыстап мәнерлеп оқып береді. Сыныптастары мәтіннің стиль, жанр ерекшеліктеріне сәйкес жазылғанын қадағалап, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіруге дайын отырады. Өзара бағалаудың «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі қолданылады.

Мұғалімнің кері байланысы.

Тексерілмеген жұмыстар мұғалімге тапсырылады.

ӘДЕБИ ТІЛ НОРМАСЫ

ҚАЛАУ РА Й

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың.

Қалау рай мынадай жолдармен жасалады.

  1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әртүрлі шақ мәнінде III жақта да қолданыла береді.

Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді (-ді, -іпті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер), (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, қалау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі.

  1. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді.

  2. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп те қалау рай жасалады.

Көп досты — көп демегейсің,

Бір дұшпанды — аз демегейсің.Мақал

Жыл келді,

Жақсылықпен өтсе игі еді,

Жоғалып жамандықтар кетсе игі еді.

Аңсап жүрген, жете алмай шаршап жүрген,

Ақ қанат қуанышым

Жетсе игі еді! М.Мақатаев


























https://www.youtube.com/watch?v=nzF43Ir77Ko Достық байланыстар.


























Сабақтың соңы

3 мин



Кері байланыс

«Плюс, минус» әдісі бойынша ауызша кері байланыс береді

Плюс

Минус

Сұрақ




Үйге тапсырма

Достық туралы мақалдарды жаттау.





Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау, берілетін уақыт, қолданатын дерек көздеріне байланысты бөліп оқыту.

Топта бірлесіп оқыту.

Тапсырмалардың өзара байланысты болуына баса назар аударылады.

Пәнаралық байланыс – Қазақстан тарихы.

Бірлік болмай,тірлік болмас!

Мұғалім оқушыға тапсырманы өздігінен таңдауға мүмкіндік береді, кері байланыс беру арқылы қолдау көрсетеді

Интерактивті тақта сабақ материалдарын демонстрациялау мақсатында қолданылады

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: таңдалған ресурс көздері

2:топтық жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: жұптық жұмыс формасын қолдану

2: ресурстармен өзара бөлісу

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Мақала мен нұсқаулық жазу талаптарына



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее