«Зима 2025»

Қазақ тілінен сабақ жоспары "Қонақ күту"

Урок казахского языка о традиции казахского народа" Встреча гостей"

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Қонақ күту».

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: жаңа лексикалық бірлікпен танысу, олармен сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту;

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оларды тақырып бойынша мәтін құрастыра білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа және бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу және түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интер. тақта, кесте, тақырыпқа байланысты сызбалар.

Пәнаралық байланыс: Музыка, әдебиет.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің алғы сөзі:

Құрметті қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі сабағымыз ерекше түрде өтпек.

«Халқымның бірлігін сақтайтын,

Бар дәстүр мен салтымыз дегендей,» - әр елдің ата-бабасынан жалғасын тауып келе жатқан салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар.

Осыған орай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Қонақта».

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұғалімнің сөзi:

Сіздерге үйге тапсырма ретінде көрініс әзірлеп келу тапсырылған.

Оқушылар көрініс көрсетеді:


Сәлеметсің бе , достым!

Қуанышты күн екен бүгін сізде,

Ат шаптырып, келдік бізде.

Үлкен тойда сыйлық беру жақсы ғой.

Тойға бүгін бәрі келді-ғой.



Сәлеметсіз бе, жеңеше!.

Тойыңыз құтты болсын!

Туыстарыңыз аман болсын

Сыйлық сізге беремін

Сізді сыйлап жүремін


Сәлеметсізбе, құрбым!

Үлкен той бүгін сізде.

Сыйлық бар мына бізде

Сыйымды құрбым алыңыз.

Құтты болсын тойыңыз!


Қуанышты хабар келді.

Сізге сыйлық берді.

Төрге отырайын.

Дәмнен алайын.


(Қазақтың дастарқаны әні орындалады.)


Мұғалімнің сөзi:

Сыйлық дегеніміз не?(Ассоц.тудыру)


Сұрақ-жауап:

Сендерге көбіне қандай сыйлықтар ұнайды?

Сыйлық түрлері қандай?

Сонымен балалар ,бүгін сабақта не туралы сөз қозғаймыз?

3. Мәтінмен жұмыс.

I. А критерийі. Айтылым.( Сыйлық сөзін септеу.Сөздермен сөйлемдер құрастыру.)


А.с. Сыйлық

І.с. Сыйлықтың

Б.с. Сыйлыққа

Т.с. Сыйлықты

Ж.с .Сыйлықта

Ш.с. Сыйлықтан

К.с. Сыйлықпен

Алмас анасына сыйлық сатып алды. Алмас сыйлықтың бірнеше түрін көрді. Ол анасына сыйлыққа әдемі орамал сатып алды.Ол анасына сыйлықты сыйлады. Сыйлықта көп мағына бар. Алмас сыйлықтан орамал мен гүл әкелді. Ол сыйлықпен анасын құттықтады.

Мағынаны тану.

II.В критерийі. Тыңдалым.

Аудиомәтін тыңдалады.


Адамның өмірінде қуанышты, бақытты кездері аз болмайды. Олар туған күн, мектепте жеңімпаз болу, 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы, жаңа жыл, құжат алу. Мұндай кездерде адамдар туыстарын, достарын, көршілерімен ақ дастарқан басында, ән айтып бірге бөліседі. Шақырылған қонақтар әр түрлі сыйлықтар әкеледі.

4. Мәтіндегі сөйлемдерді толықтыру.(интер тақта)

Адамның өмірінде қуанышты,---------------------- кездері

аз болмайды.


Олар туған күн, мектепте жеңімпаз болу, 8-наурыз ,---------------------------- жаңа жыл, құжат алу.


Мұндай кездерде адамдар ----------------------------- ақ дастарқан басында, ән айтып бірге бөліседі.


Шақырылған қонақтар әр түрлі --------------------- әкеледі.


Жаңа сөздермен жұмыс. Оқу, дұрыс айтуға дағдыландыру.


Қонақжай-гостепримный

Ұлттық-национальный

Мейрам-праздник

Қуанышты-радостный


III.С критериі. Жазылым

Ой толғау.

«5 жол »стратегиясымен жұмыс.

Зат есім; Бауырсақ

Сын есім: дәмді, жұмысақ

Етістік: пісіреді, қуырады, жейді

Сөйлем: Менің әжем бауырсақ пісіреді.

Синоним: нан


IV.Д Критериі . Оқылым

Мәтінмен жұмыс.( Қазақша ет)

Қазақ халқының құрметті қонақтарға ұсынатын әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы-қазақша ет.Қонақтарға табақ тарту да- үлкен өнер.

Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына сәйкес келуі керек.Әр адамның,қонақтың жасына ,туыстық қатынасына қарай малдың әрбір мүшесінің соған лайық орны болады.Сөйтіп қонақтарға табақ-табақ ет тартады.


1) Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдар.

2) Сұрақтарға жауап беріңдер.

А) Қазақ халқының ең басты тағамдарының бірін атаңдар.

Ә) Табақ тарту деген не?


Үйге тапсырма. Сабақта алған

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее