«Зима 2025»

Қимыл-қозғалыс ойындары.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ойынның ойнау ережелерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындардың әдіс- тәсілдерін үйрету.

2.Оқушылардың денсаулығын күшейту, спортқа деген ынтасын арттыру және

күш-жігерлерін дамыту.

3.Шапшаңдыққа, икемділікке, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Қимыл-қозғалыс ойындары.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ойынның ойнау ережелерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындардың әдіс- тәсілдерін үйрету.

2.Оқушылардың денсаулығын күшейту, спортқа деген ынтасын арттыру және

күш-жігерлерін дамыту.

3.Шапшаңдыққа, икемділікке, ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, қайталау.

Өтетін орны: спортзал.

Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, уақыт өлшеуіш, доптар. т.б.


Сабақтың мазмұны

уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

Кіріспе бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту.Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.

Жалпы дамыту жаттығулар:

Б.қ: қол белде,басымызды оңға және солға айландыру.

Б.қ: қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.

Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз.

Б.қ: секіру жаттығулары.


5 минут

Арнайы спорт киімдеріне мән беру.

Берілген бұйрық бойынша орындау. Еркін тыныс алу.

2

Негізгі бөлім

Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді.

Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі: Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді. Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:

Доппен орындалатын жаттығулар.

Түрлі заттарды айнала қозғалу


1)«Жапалақ»

Әзірлік. Залдың немес алаңнын бұрышынан диаметрі 1-2 м. дөңгелек сызылады, яғни ол «жапалақтың ұясы» болады. Дөңгелектің қасына отырғыш қойылады. Ойынға қатысушылардың ішінен жүргізуші «жапалақ», ал қалғандары «дала тышқаны» болып бөлінеді. Жапалақ ұясына орналасады, ал тышқандар залдан орын алады. Ойынды баяндау. Ойын жүргізуші «Күн» деп айтқанда, барлық «тышқандар» жүгіріп залдын ортасына шығады. Онда жүгіріп, ойнап жүреді. Ал жапалақ ұясында ұйықтап отырады. Жүргізуші «Түн» деп айтқанда, барлық тышқандар өздерінің орындарында жыбырламай үн-түнсіз тұра қалады. Ал, жапалақ болса, оянып жәндіктерді аулауға шығады. Қай тышқан жыбырласа, ол соны ұясына алып кетеді. Ойын жүргізуші «Күн» деп айтқанда жапалақ тышқан аулауды қойып, ұясына қайтады. ¥яға 3-5 тышқан ұсталса, олардан «жапалақ» сайланады. Осылайша бірнеше рет ойын қайталанады.


2) «ҚАҚПАН» ОЙЫНЫ 
4 немесе 6 ойыншы шеңбер жасай қол ұстасып «қақпан» құрып тұрады. Басқа ойыншылар ойынды бастауға белгі берілісімен шеңбердің кез келген жерінен шығып жүре береді. Екінші белгі бергенде (ысқырық естілгенде) қақпан құрып тұрғандар тез жүрелей отырып, іштегілерді ұстап қалады, яғни олар қақпанға түскен болып есептеледі. «Қақпанға түскен» ойыншылар ойыннан шығарыла береді. 


3) «Колонналарда допты тигізу»

Әзірлік. Ойынға қатысушылар бірнеше топқа, командаға бөлінеді. Олар бір-бірден тұрып, колонна құрады жэне параллель орналасады. Алдағы тұрғандардың қолдарында доп немесе тағы да басқа зат болулары қажет. Ойынды баяндау. Белгі бойынша алда тұрғандар допты кейінгі тұрғандарға бастарынан жоғары жалғастырады. Оларда кейінгі тұрғандарға осылай жалғастырады. Ең соңғысы допты алғаннан кейін, жүгіріп келіп, алдыңғы қатарға тұрады. Ойын осылай жалғаса береді. Қай команда ойынды бірінші болып аяқтаса, сол жеңіске жетеді..


 4) «Доп капитанға» (доппен).

Оқушыларды екі топқа бөліп бірінің артынан бірі тұрады. 

Тізбектердің алдына сөре сызығы сызылады, олардан 2-3  м қашықтықта сызық сызылады. Бұл сызықта әр топтан капитан командасы қарама-қарсы тұрады. Бергі берісімен капитан командасы допты өз командасындағы 1-ойыншыға лақтырады, ол допты қайтадан капитанға лақтырып отырады, ойын осылай жалғаса береді. Кім бірінші болып ойынды бітірсе, сол команда жеңіске жетеді.


5) «ЖҮЙРІК ПОЙЫЗ» ОЙЫНЫ 
Ойыншылар 6-7 баладан бөлініп, бірнеше тізбек құрап сап түзеп тұрады. Олардың алдында 6-7 м жерге бір-бір жалауша шаншылады. «Марш» деген бұйрық белгісімен тізбектегі бірінші тұрған ойыншы қолымен паровоздың дөңгелегінің қимылын жасай тез жүріп (жүгіруге болмайды) жалаушаны айналып келгенде, оған екінші ойыншы ілеседі. Екеуі қайтып келгенде, оған екінші ойыншы, сөйтіп командадағы ойыншылар біткенше жүріс жалғаса береді. Әрбір ілескен ойыншы өзінің алдындағы ойыншының шынтағынан ұстап «тіркеледі».

Пойыздың толық құрамы бастапқы орнына қайтып оралғанда ұзақ «гудок» береді. Ойынды бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетіп, «жүйрік пойыз» атанады.


6) “Атомдар мен молекулалар” ойыны:

Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.


7) «Арқан тартыс» ойыны:

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Арқанның дәл ортасына қызыл шүперек байлайды. Екі команда арқанның екі шетіне шығып, ұстап тартады. Ең мықты команда келесі команданы белгіленген сызық мәресінен тартып кетуі керек.





30 минут




















Ереже: 1. Жапалақ алаңга шыққан уақытта, тышқандарға жыбырлауға болмайды, ал жыбырласа, оны жапалаққа білдірмеуге тиіс. 2. Ұсталган тышқандар отыргыштарда отырады, ойынга қатыспайды, жаңадан жапалақ сайланганнан кейін гана ойнайды. 3. Ойын жүргізушіден. «Күн» деген хабар келгенде жапалац үясына оралуга тиіс.














Қатысушылар мұқият,қырағы болуы тиіс.















Ереже. 1. Ойын белгі бойынша басталады. 2. Допты тек бастан жогары царай өткізу керек. 3. Допты түсіріп алган ойыншы, оны көтеріп, орнына келіп, ойынды жалгастыруга тиісті














Допты қағып алу.
















Шапшаң,жылдам жүру керек.








Ұйымшылдықпен әрекет ету.










Арқанды жұлқылауған болмайды.


3

Қорытынды бөлім

Организмді бастапқы қалыпқа келтіру, оқушыларды сыныпқа апару.


5 минут


Терең тыныс алу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее