«Зима 2025»

Қош келдің атын күз!

Атын күз мерекесі арналған ертеңгілік. Тақырыбы "Қош келдің алтын күз".

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Қош келдің Алтын күз!»
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамытып, ұйымшылдыққа, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: слайд, күз суреттері, шар, лента, жапырақтар.
Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар, көптен сағынып күткен «Арайлы Алтын күз!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Күз – жыл мезгілдерінің бірі. Күзде күн суытып, құстар жылы жаққа ұшады. Егін жиналып, жапырақтар сарғайып, жерге түседі емес пе?
1 - жүргізуші: Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз» деп айтар едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
2 - жүргізуші: Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз!
Келіп жетті алтын дәнді сары күз.
Бірге болып қуанышта бәріңіз.
Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз!
1 - жүргізуші: Күз – мереке, күз – ырыстың белгісі.
Қайтып барады мекеніне жыл құсы,
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Алтын күздің той думаны басталды.
2 - жүргізуші: Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: бүгінгі «Арайлы Алтын күз!» байқауынан Күз Ханзадасы мен Ханшайымын шығару.
1 - жүргізуші: Сайыс болған соң оның қорытындысы болу керек, сондықтан әділ баға қоятын біздің әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
2 - жүргізуші: Біздің сайысымыз 4 конкурстан тұрады:
1. «Кел танысайық»
2, «Ақылы көркіне сай»
3. «Көңілді аспазшы»
4. «Сән үлгісі»
Әр конкурстан кейін ұпай саны беріліп отырады.
Ұпай 5 балдық жүйемен беріледі.
1 - жүргізуші: Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз.
Әр үйде шығатұғын жаңа таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе - тең ғып.
Еріксіз өзімізге қаратармыз,- дей отыра, ортаға қатысушы жұптарды шақырайық:
1 - жұп: Әли мен Аяулым
2 - жұп: Темірлан мен Хадиша
3 - жұп: Мирас пен Аяжан
4 - жұп: Рахим мен Диана
5 - жұп: Әлішер мен Дана
6 - жұп: Санжар мен Айжан
2 - жүргізуші: Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз.
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етсеңіздер
Қанекей, жұптар сайысын бастайық біз.
1 - жүргізуші: Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, бірінші конкурсымызды бастайық. Бірінші конкурс «Кел танысайық» деп аталады.
Әр қатысушы топ өздерін таныстырады.

1 - конкурс «Кел танысайық»
Өлеңдер
Нан анасы – бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын. Бидай – Иманғали

Топырақта шұрайлы,
Өскен, қызыл шырайлы.
Қызанақты бала да,
Қарияң да сұрайды. Қызанақ – Нұраңсар

Бекершілік онысы
Дымқылға бай қонысы
Қияр деген, бауырым,
Витаминдер: А, В, С. Қияр – Ерқанат

Күннің нұрлы шуағы
Шұғыла боп шылады.
Қызыл қырау ерісін,
Қарбыз болып ауызда Қарбыз – Рахат

Істен қашып, бұқпағын
Дұрыс мұны ұққаның:
Тәтті, дәмді қауынның
Ащы терден шыққанын. Қауын – Дамир

Пияз мына, асылы,
Жүр қулығын асырып,
Көрсетпейді сақалын
Топыраққа жасырып. Пияз – Ануар

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалбырап
Таудан салқын жел соқса
Сыбдырлайды қалтырап,
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ Жапырақ – Абай

1 - жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, келесі конкурсымызға көшейік, ол конкурс бізде «Ақылы көркіне сай» деп аталады. Ол үшін жұптар келіп, тақтадағы жапырақты таңдап, сұрақ номерін анықтайды. Жұптарға сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап беру керек.

2 - конкурс «Ақылы көркіне сай»

1. Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
2. Төрт түліктің төлдерін ата
3. Қазақтың қандай салт - дәстүрлерін білесіңдер?
4. Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
5. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата
6. Қазақтың үш биін ата
7. Апорт алмасының отаны
8. Бейбітшілік құсы деп қай құсты атайды?
Алибек пен Сымбаттың орындауында вальс
1 - жүргізуші: Ендігі сайысымыз «Көңілді аспазшы» деп аталады. Бұл сайыстың шарты, әр жұп мына столда тұрған алжапқышты байлап, орамалды басына тартып, пышақпен екі картопты үзбей аршып, қызанақ пен қиярды әдемі турау керек. Картоптың тазалығына қабығының үзілмеуіне, қияр мен қызанақтың әдемі етіп туралуына әділ - қазылар өздеріңіз баға беріңіз. Ал, кәне дайын болсаңыздар іске сәттілік тілеп, сайысты бастайық.
3 - конкурс «Көңілді аспазшы»
Орыс биі
1 - жүргізуші: Келесі соңғы байқауымызға да келіп жеттік. Соңғы байқау «Сән
үлгісі» деп аталады.
4 - конкурс «Сән үлгісі»
2 - жүргізуші: Біздің « Арайлы алтын күз» байқауының барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы осы барлық турдың бағасын есептегенше кезекті музыкалық үзіліске береміз.
«Жан гүлім» әні
1 - жүргізуші: Біз бұл жерде күз «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» анықтап отырмыз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегім,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын, - дей отыра сөз кезегін әділ - қазыларға береміз.
(Күз «Ханзадасы» мен «Ханшайымын» анықтап, номинация бойынша оқушыларды марапаттау)
2 - жүргізуші: Осымен біздің бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Қатысқандарыңызға рахмет!

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее