«Зима 2025»

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

«Қош келдің, Жаңа жыл!» Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы! Құтты болсын ағайын! Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Айгөлек» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки





«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Айгөлек» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

(музыка қосылады Шырша айналып кіреді)
Шырша: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады Жаңа Жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.
Басталады, басталады Жаңа жылдық карнавал

Шырша: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Шырша: Ал, балалар сендердің қандай ойшыл екендерінді көрейін.Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер маған шешуін табуға көмектесіңдер ме?

1.Жұмбақ

Бір ақсақал жылына

Бір-ақ рет келеді

Көп қызымен ұлына

Сыйлық әкеп береді

(Аяз Ата)

2.Тікен- тікен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте

(Шырша)

3.Терезеге қонады

Әсем ою ояды

(Аяз)

Шырша : Жарайсыңдар,балалар!Ал енді мен кішкентай шыршаларымды ортаға шақырамын. Мені сұлу шыршаларым кәне,билейміз бе?

Би: Шырша
Ән: «Орманда шырша өсіпті!»

Орманда шырша өсіп тұр!



1)Орманда шырша өсіпті

Орманда туыпты

Қысы-жазы әп-әдемі

Жап-жасыл болыпты

Аяз оған өлең айтты

2)Ұйықта шырша ұйықта

Боран оны қармен жапты

Байқа тонып қалма.

1шумақ қайталанады



Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар! Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Мыстан Кемпір: - Здравствуйте, ребята! С Новым годом!(Қатты күледі)
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар:Мыстан Кемпір
Жүргізуші: - Иә.Бірақ ол мында не істеп жүр.Кәне оны қуайық.

Мыстан Кемпір: Егер сендер мені қусаңдар,мен сендерге Аяз Ата мен Ақшақарды қайтарып бермеймін.(күледі) Мен. Сендерге ойын алып келдім,менімен ойнайсыңдар ма?

Балалар: Иә

Мыстан Кемпір: Ойын шарты: Менің сыпырғышымның астынан жылдам өтіп билеу керек. Ал өте алмаған ойыншы ойыннан шығады.

Ойын: Менің сиқырлы сыпырғышым!

(Ойынга 5 бала ,5 ата-ана)

Мыстан кемпір: Бар даусымен МУУУззыыыка дейді.

Шаршадым,қандай күштісіңдер,жарайсыңдар!

Жүргізуші: Ал,қу Мыстан Кемпір бізге Аяз Атамызды қайтар.

Мыстан Кемпір: ЖООООқ, сендер маған мерекеде қалуымды рұқсат етсеңдер,мен сендерге міндетті түрде қайтарамын.

Жүргізуші; Балалар рұқсат етеміз бе?

Балалар: иә





(Бір уақытта қойдың дыбысы шығады)

Жүргізуші: балалар бұл ненің дыбысы

Балалар: қой

Жүргізуші: «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық

(Сол кезде қой маңырап кіреді)

Қой: Жаңа жылдарын құтты болсын. Балалар мен сендермен қоштасар алдында,өнерлерінді көріп кеткім келеді.

Жүргізуші: Балалардың орындауында ән

Ән: «Жаңа жыл»

Жаңа жыл!»


Қане достар тұрмайық,

Қарсы алайық жыл басын.

Қызықтан бос қалмайық,

Шырша жыры самгасын

Қайырмасы:

Ал достарым келіңдер

Келдңі Аяз атамыз

Биге бөлеп беріңдер

Шырша жырын айтамыз

Қайырмасы:

Құтты болсын жаңа жыл

Шыршамыз тұр жараса

Жанында Аяз ата жүр

(музыка әуені қосылады,қой кетіп, маймыл кіреді)

Маймыл: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

-Жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Мен сендерге Африка елінен банан алып келдім,бұл жай банан емес, тәтті,дәмді банан. Дәмін көресіңдер ме?

Балалар: ия

Маймыл: Кешіріңдер, балалар ! Мен бұл бананымды ойын ойнауға алып келдім.

Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, балалар
Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Тәтті банан» (чунга-чанга музыкасымен)

(Маймыл ойын шартын түсіңдіреді)

Би: Африка

Маймыл: балалар мен түсінбедім сендер Жаңа жыл мерекесің Аяз Атасыз,Ақшақарсыз тойлап жатсыңдар.Аяз Ата мен Ақшақарды ортаға шақырамыз.

Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға .Аяз ата, ақшақар 3 – рет

(әуенмен біргеАяз ата, Ақшақар келеді)



























Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын

Ал балалар сендердің өнерлерің өте көп екен. Ал маган қандай өнерлерің бар екен қане көрсетіңдер

Ән: Аппақ,аппақ,жапалақтап!

Балалар: тақпақтарын айтады.

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.(Бибарыс)



Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата (Айсулу)

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне,сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған. (Рахат)

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық,бәріміз.

Күліп ойнап,би билеп.

Ән салайық бәріміз. (Назерке)

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оранып (Наргиз)

Тамаша сый алып,

Келді Аяз Атамыз.

Шаттанып,қуанып,

Шырқап ән айтамыз. (Гульмира)

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл-ала шапаны,

Сағындым Аяз атаны. (Санжар)

Келіңдер,келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атаддан

Сыйлық алып көріңдер! (Дана)

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса. (Дильназ)

Әкелсің жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша. (Динара)

Қараңдар,мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті. (Вова)


Жүргізуші: Ата жайғасып отырыңыз,біздің өнерімізді тамашаланыз.

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!
Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар:
Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар:
Аяз ата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі!
Сендер әрі......
Балалар:
Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ,
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын.....
Балалар:
Жаңа жыл! (3 рет)

Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.

Би: «Ақшақарлар биі»

Аяз Ата: Қазір менің кішкентай балаларым қазір біз сендермен шаңғы теуіп үйренеміз.

Ойын: «шаңғы»

(ойын шартын Ақшақар түсіндіреді)

Жүргізуші:

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой-буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Бәрі.
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!






















































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее