«Зима 2025»

Қозғалмалы ойындармен танысу, үйрену, ойнау. «Қайырлы таң, аңшы!», «Жылжыма, өз орныңа тұр!» ойындары.

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың қозғалмалы ойындарға қызығушылықтарын арттыру арқылы қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту; ә) жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, иілгіштікті және күшті дамыту; б) бәсекеге қабілетті болуға, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Өтетін орны: спорт залы.

Сабақтың көрнекілігі: секундомер, ысқырғыш, орамал.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



1 Ұзынкөл орта мектебі















(дене шынықтырудан ауандық семинар,

2 «А» сынып)





















Тленкенова Нургуль Камзатовна

(бастауыш сынып мұғалімі)





18 қазан, 2016-2017 оқу жылы



Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы ойындармен танысу, үйрену, ойнау. «Қайырлы таң, аңшы!», «Жылжыма, өз орныңа тұр!» ойындары.

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың қозғалмалы ойындарға қызығушылықтарын арттыру арқылы қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгерту; ә) жылдамдықты, төзімділікті, ептілікті, иілгіштікті және күшті дамыту; б) бәсекеге қабілетті болуға, ұйымшылдыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Өтетін орны: спорт залы.

Сабақтың көрнекілігі: секундомер, ысқырғыш, орамал.

Мазмұны

Мөлшері уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

Дайындық бөлімі

15'


1. Сапқа тұрғызу.

Амандасу.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Здравствуйте!

-Hello!

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


2. Жүру.

-аяқтың ұшымен, қол жоғарыда;

-қол желкеде, өкшемен жүру;

-қолды алға созу, жартылай отыру;

-қол тізеде, толық отыру.


3. Жүгіру.

-тізені көтере жүгіру;

-өкшені артқа көтере жүгіру;

-сол жақ иықтан секіре жүгіру;

-оң жақ иықтан секіре жүгіру;

-жылан тәріздес жүгіру.


4. Жүрудегі Ж.Д.Ж.

-Б.қ. оң қол жоғарыда, әр адым сайын қолды ауыстырып отырамыз;

-Б.қ. қол кеуде алдында, қолды шынтақтан артқа тарту және жаза тарту.

-Б.қ. қол иықта, қолды иықтан алдыға артқа айналдыру.


5. Саптық жаттығулар.

-сапқа тұру, бұрылулар, саптық адымдар;

-бір қатардан екі қатарға тұру.


6. Ж.Д.Ж. орнында.

1. Б.қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда, аяқ иық көлемінде.

1-2 сол жаққа еңкею, 3-4 оң жаққа д.с.

2. Б.қ. аяқ иық көлемінен алшақ, қол белде.

1-сол аяққа еңкейеміз, 2-ортаға еңкею, 3- оң аяққа еңкею, 4- бастапқы қалып.

3. Б.қ. қол белде, аяқ иық көлемінде. 1-қол жоғарыда, 2-алға еңкею, 3-қол алдыда отыру, 4-б.қ.

4. Б.қ. екі қол алдыда, қайшыландыру.

5. Б.қ. аяқ иық көлемінен алшақ, екі қол иек деңгейімен, 1-2 қолды сол жақ жанға жазу, 3-4 қолды оң жақ жанға жазу.



2'







2'






3'






2'








2'



4'


5-6 рет


5-6 рет



5-6 рет



5-6 рет

5-6 рет


Саптал, түзел, тік тұр!

Техника қауіпсіздігі.

Сабақ кезіндегі тәртіпті қатаң сақтау:

-бойды қыздыру кезіндегі бірін-бірі қорғау және бірінші көмек көрсету:

-спорттық форманы қарау.


Қол жоғарыда, жоғары созылу арқаны түзу ұстау, шынтақты ашу. Алдыға еңкеймеу, тізені жақындата сәл отыру.



Қолдың дұрыс қимылына көңіл бөлу, тізені жоғары көтеру, қол белде. Аяқты тізеден қатты бүге өкшені артқа лақтыру. Қол белде, алға қарап, жанмен секіре жүгіру.



Қол тік артқа қаттырақ тарту.

Қолды бүкпеу және алдыға еңкею.

Шынтақты төмен түсірмеу, қолды жанына тарту арқаны тік ұстау.

Амплитудалық айналымды көбейту.



Қол жанында, арқасын түзу ұстау, алға еңкеймеу.



Мұғалімнің санауы бойынша.

Бәрі бірдей жасауын қадағалау.

Дененің тік болуын және тепе-теңдікті ұстауды қадағалау; тізенің бүгіліп кетпеуін қадағалау.

Тізені бүкпей, қаттырақ бұрылу.



Денені тік ұстау, арттағы аяқтың созылуын қадағалау және тізенің бүгілмеуін қадағалау.

Негізгі бөлім

25'


1. Қозғалмалы ойындармен танысу, үйрену, ойнау.


2. «Қайырлы таң, аңшы!» ойыны.

Ойын ережесі:

Оқушылар шеңберге дөңгелене тұрады.

Ойын бастаушы шеңбердің сыртында жүріп, кез келген аңшының иығынан түртеді де, «Қайырлы таң, аңшы!» деп оятады. Сол кезде екеуі екі жаққа шеңберді айнала жүгіре отыра, жаңағы орынға келіп тұрады. Кім бірінші келіп орынға тұрса, сол жеңеді. Ал кешігіп қалған аңшы ойынды жалғастырады.

3. «Жылжыма, өз орныңа тұр!» ойыны.

Ойын ережесі:

Бұл ойынды көбінесе «Көпір-көпір» деп атайды.

Екі оқушы көпір жасап тұрады. Екеуі көліктің аттарын таңдап, келісіп алады. Қалған оқушылар бір-бірінің артына тізбектеліп жүріп келе жатады да, көпірдің астынан өтеді. Өтіп бара жатқан ең соңғы оқушының құлағына сыбырлайды: «Мерседес керек пе, әлде «Волга керек пе?» Оқушы қай көлікті таңдайды, сол жаққа барып көпірді жалғап тұрады. Қалған оқушылар осылай көпірден өту арқылы өз көліктерін таңдап, екіге бөлінеді. Ең соңында екі топ тартысқа түседі. Тартыста қай топ қарсылас топты өзіне қарай шығарса, сол топ жеңеді.

4. «Түйілген орамал» ойыны.

Бұл ойын баскетбол ойынына ұқсас. Көпшілік жағдайда ойынды жаздыгүні жазық алаңда, басқа кезде бөлмеде ойнауға болады.

Ойын ережесі:

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алып, «бір, екі, үш» деп дауыстайды. Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы бар ойыншыны ғана қуады. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Орамалды қағып алған ойыншы алдындағыдай басқа балаға лақтырады. Осылайша ойын жүргзізуші түйілген орамалды қолына түсіргенше ойын жалғаса береді. Ойын белгіленген шеңбердің ішінде ғана өтеді, сыртқа шыға қашуға болмайды.

Ұсталған ойыншы көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді. Содан кейін ойын жүргізушіні ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.

2'



5'











10'


















8'


Ойын ойнаған кезде мұғалімді мұқият тыңдау, ойынның шартын бұзбау.



Тез, шапшаң жүгіруін қадағалау.










Ойын кезінде бір-біріне кедергі келтірмеуді, бір-біріне көмектесуді қадағалау.















Ойын кезінде өте мұқият болу, бір-бірін қорғау, көмектесуді қадағалау.

Аяқтау бөлімі

5'


Қалыпқа келтіру.

Сапқа тұрғызу.

Бағалау, үйге тапсырма беру.

Қоштасу, киінуге жіберу

30''

2'30''

2'


Мұрынмен демалу, ауызбен дем шығару.

Саптал, түзел, тік тұр!

Әркімнің қателігіне қарай.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее