«Зима 2025»

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

жаңа жылға арналған сыныптан тыс тәрбие сағаты. Тәрбие сағтында өлендер мен ойындар жинақталған

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки



«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың, Қасқырдың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату. Ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Қаықыр.

Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар, ата-аналар!

-Балалар сендер бүгін өте әдемі болып киініп келіпсіңдер мына музыка залы да сәнді безендіріліпті. Қандай мерекені тойлатқалы жатырмыз? (балалардың жауаптары)

-Дұрыс айтасыңдар балалар! Жаңа жыл!

Жүргізуші: Олай болса қадірменді қонақтар «Ботақан» топтары әзірлеген Жаңа жыл мерекесін ашық деп жариялаймыз!

Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр!

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші:Ортамыздағы шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Олай болса барлығымыз шеңберге тұрып жаңа жылдық шыршаға арнаған «Маленькой елочке» әнін айтып берейік!

Ән «Маленькой елочке»

Жүргізуші: Енді келесі кезекті тақпақтарға берейік

Ортамызға келесі балаларды шақырайық!

Калиев Темірлан:

Ақ мақтадай ұлпа қар,

Жамылыпты қырқалар.

Қалың-қалың тон киіп,

Маужырайды шыршалар.

Каз. Нұрдана:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Еркежан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Шыңғыс:

Аққу мамық ұлпа қар,

Жамылады қырқалар.

Шымшып аяз бетіңді,

Ширатады етіңді.

Қ. Темірлан:

Қыс дегенің аққала,

Үлбіреген мақта ма?

Тыным таппай күн ұзақ,

Тұрғызады аққала.

Нұршуақ:

Тамаша сый алып,

Шаттанып қуанып.

Келді, аяз атамыз

Шырқап ән де айтамыз.

Амир:

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа.

Қар атысып ойнаймыз,

Қыстың күні тамаша.

Алия:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап


Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Тақпақты өте жақсы айтады екенсіңдер! Бірақ бұл мерекеге кім жеткіліксіз деп ойлайсыңдар? Мерекеміз қызықты өту үшін кімдерді шақырамыз?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Осы кезде залға қасқыр кіріп келеді.

Жүргізуші: Ой, балалар бұл кім бізге келген?

Қасқыр: Бұл неткен шу? Балалардың барлығы неліктен әдемі киініп келген?Қандай мейрамды тойлатып жатырсыңдар?

Балалар: Жаңа Жыл!

Қасқыр: М-м-м олай болса мен бұл мерекені болдырмаймын!Аяз Атаның сендерге келе жатқан жолындағы белгінің бағытын теріс ауыстырып тастаймын!

Жүргізуші: Қой, Қасеке сен ашуланба! Сен оданша осы бүлдіршіндермен бір ойын ойна!

Қасқыр: Ал, балалар менімен ойнай ма?

Жүргізуші: Балалар сендер қасқырмен ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар:Ойнаймыз!

Жүргізуші: Көрдің бе Қасеке, біздің балалар сондай ақылды.

Қасқыр: Қандай ойын ойнасақ екен? А, таптым-таптым! Менің қалтамда көп сақиналар бар! Мен сол сақиналарды жерге шашамын. Ал, сендер балалар менің оң қолыма қызыл, сол қолыма көк түсті сақиналарды жинап беріңдер!

Ойын «Сақиналар жинау»

Жүргізуші: Ой, Қасеке сен ойынды өте жақсы ойнатады екенсің!

Қасқыр: Мен балаларға өте риза болдым!

Жүргізуші: Иә, біздің балалар сондай ақылды, Қасеке!

Қасқыр:Мен құр қол келген емеспін. Жаңа қолымдағы шарларымды далаға ұмытып кетіппін. Қазір алып келейін!

Сыртқа шығып шарларды алып келеді.

Жүргізуші: Ой, Қасеке бұл әдемі шарлардың ішінде бірдеңе бар си яқты ғой.

Қасқыр:Иә, бұл жай шарлар емес сыйқырлы шарлар!Ішінде не бар екенін,қазір жарып көрейік,

-Балалар сендер қорықпайсыңдар ма?

Арт қарап тұрып шарды жарып жібереді.

Жүргізуші: Не бар екен ішінде?




Қасқыр:Мұнда бір сұрақ бар екен.

-Балалар би билей алама?

-Балалар сендер билей аласыңдар ма?

Балалар: Иә, билей аламыз!

Жүргізуші: Естідің бе Қасқыржан балалардың айтқанын.Олай болса балалардың орындауындағы «Буги - вуги» биін қабыл алыңыздар!

-Қасеке сен де бірге биле!


Жүргізуші: Керемет билейді екенсіңдер балалар.Қасеке саған ұнады ма?

Қасқыр:Маған өте ұнады! Балалар керемет билейді екен.Мен өз қатемді түсіндім. Аяз Ата мен Ақшақарды адастырмаймын. Белгіні қайтадан дұрыстап қоямын. Балалар Аяз Ата Және Ақшақармен мерекені жақсы тойласын. Мен жолға шығайын. Басқа да сендер сияқты бүлдіршіндерді қуантайын. Қолымдағы шарларымды жүргізуші саған тарту етейін. Қалған шарлардың ішінде не бар екенін байқап көресіңдер.

-Ал, балалар сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар Қасқырмен қоштасайық!

Балалар: Сау бол Қасқыр!

Жүргізуші: Біз мерекемізді ары қарай жалғастырайық. Тағы бір шарды жарып көрейік.

Шарды көрермендердің біріне жарғызады (ата-аналардың біріне)

Жүргізуші: Қандай тапсырма бар екен? (оқиды). Олай болса қыздарымыздың орындауындағы «Ормандағы шырша» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Балалар тыңдайықшы, Аяз Ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, қатты дауыстап шақырайық, қол соғайық!

Балалар: Аяз Ата, Ақшақар!

Аяз Ата: Амансыңдар ма, балалар! Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын.

Жүргізуші: Төрлетіңіздер Аяз Ата, Ақшақар! Сіздерді балалар көптен күтіп еді. Біздің қолымызда сыйқырлы шарлар бар, сол шарлардың ішінде сыйқырлы тапсырмалар бар. Сол арқылы біз балалардың өнерін тамашалаудамыз.Олай болса тағы шарды жарып көрейік.

Залдағы қонақтардың біреуіне жарғызады.

Жүргізуші: Ал, мұнда қандай тапсырма бар екен? Балалар жаңа жыл туралы қандай тақпақтар біледі екен дейді.

-Біздің балалар жаңа жылға белсене дайындалды әрі көптеген тақпақтар жаттады.Олай болса келесі балаларды шақырайық!

Аяла:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәрәмәз.

М.Мерей:

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Кх. Нұрдана:

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күмістей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Інжу:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Ә.Аяна:

Қырау қатып жағаға,

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді.

Қ. Мерей:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жрлын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Аянат:

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен.

Еріп кетпе ақшақар,

Адамдардың демімен.

Мансур:

Міне тағы келіп тұр,

Жаңа бір жыл балалар.

Жадыратып жер үстін,

Төрімізге ол шыққан.


Аяз Ата:Ой бәрекелді қандай ақылды балалар! Тақпақты өте керемет айтады екенсіңдер.Балалар, мына шырша көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәнекей, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайықшы!

-Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат (қолдарын шапалақтатады). Шырша жарқырайды.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге Аяз Ата, Ақшақар!Олай болса барлығымыз қол ұстасып тұрып, Аяз Атамызға арнаған әнімізді айтып берейік.

Ән: «Аяз Ата».

Жүргізуші:Мына жерге отырып демалыңыздар. Біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар! Жаңа жыл мерекесіне арналған балалардың тақпақтарына құлақ салыңыздар!

Тимофей:

Бізді байтақ далада,

Асқар тауда қалада.

Биыл ғажап іс болды,

Таң ғажайып қыс болды.

Бейбарыс:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқар тау қарлы шың.

Балжан:

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да мұрты да,

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Мұқасан:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды,

Қонақтардың бәрінде.

Әлихан:

Жылдың әнін бастайын,

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Таир:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Кқптен күтіп сағынып.


Аяз Ата: Бәрекелді! Тақпақтарың қандай жақсы! Сендерге ризамын!

Ақшақар:Өте ақылды балалар екенсіңдер. Мен сендер сияқты ақылды балалармен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын «Қаршалар жинау» балалар екі топқа бөлініп ойнайды.

Ақшақар: Рахмет, балалар ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер!

Жүргізуші:Сыйқырлы шарлардың біреуін жарып көрейін.

Залдағы қонақтардың біреуіне жарғызады.

-«Ботақан» тобының қыздары би билей ала ма деген тапсырма бар екен.

Олай болса қыздарымыздың орынауындағы «Ұлпа қар» биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Рахмет балалар өте жақсы билейді екенсіңдер.

Біздің балалар жаңа жыл мерекесіне белсене дайындалды. Тек қазақша ғана емес ағылшын және орыс тілінде де жаттаған тақпақтары бар.Келесі тақпақтар кезегіне жол берейік!

Тимофей:

Дед Мороз прислал нам елку

Огоньки на ней зажег

И блестят на ней иголки

А на веточках снежок.

Аяла:

Наступает Новый год

Время радостных забот

Время добрых новостей

Время сказочных гостей.

Темирлан:

This is the season

When morning are dark

And birds do not sing

In the forests and park

Нұрдана

Happy new year

The day is so clear

The snow is so white

The sky so bright.


Аяз Ата: Жарайсыңдар балалар! Өнерлерің үстем болсын!

Ақшақар: Ой,балалардың өнерлері тамаша екен!

Жүргізуші:Енді соңғы шарымызды жарып көрейік.

Аяз Атаға жарғызады.

Кәне, балалар бәріміз шеңберге тұрып «У меня у тебя» әнін айтып берейік.

Ән «В лесу родилась елочка».

Аяз Ата, Ақшақар: Балалар әнді керемет айтады екен. Олай болса Қызымыз екеуіміз балаларға арнайы әкелген сыйлғымызды таратайық.

Аяз Ата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Ақшақар: Мінекей балалар сендермен қоштасатын кез келді. Сендерді қимай тұрмыз, барлықтарың ақылды әрі әдемі екенсіңдер!

Аяз Ата:

Жаңа жылда, балалар тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен!

Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын!

Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Балалар Аяз Ата, Ақшақармен қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыздар!

Аяз Ата, Ақшақар әуенмен залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Қадірлі қонақтар жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне келіп жетті! Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау –сәлемет болыңыздар


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее