«Весна — лето 2024»

Кел,танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған\тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба белгілер қолданып жеткізу.

Олимпиады: ЗОЖ 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді сабақ жоспары Сауат ашу

3-сабақ Кел,танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем.

Мектеп: Ембі № 2 орта мектебі

Күні: 05.09.2016 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Мусрепова Маржан Карабаевна

Сыныбы:1 «А»


Қатысқандар: 22 Қатыспағандар: 0



Оқу мақсаттары:


1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған\тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет,сызба белгілер қолданып жеткізу.

Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар білу керек:

- Өз Отаны Қазақстан,астанасы,табиғаты байлығы туралы;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Отан, туған жер туралы тақпақтар, мақал мәтелдерді жатқа білуді;

Кейбір оқушылар :

  • Өзінің елді мекені туралы көркемсөз тіркестерін қолдана отырып айтуын;

Тілдік мақсат


Пәндік лексика мен терминалогия: Отан, туған ел, Қазақстан, астана

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланатын тіл:

Талдау:

  • Отан дегенді қалай түсінесің?

  • Сенің Отаның қалай аталады?

  • Ұлтың кім?

  • Қай тілде білім аласың?

  • Қазақстанның қандай қалаларын білесің?

Жазу: Берілген суреттерді бастыра сызады.

Алдыңғы оқу

Оқушымын мен енді!

Жоспар

Жоспарлан ған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Кіріспе бөлім

А) Психологиялық тренинг

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан таңға.

«Кім біледі?» танымдық ойын.

Мақсаты:Музыка әуені жайлап қосылып тұрады. Қазақстан қалаларын адымдап аттай отырып, атай білу. Кімнің қала аттарын қаншалықты білетінін анықтау.




Аудио музыка, ноутбук


Негізгі бөлім

Ұжымдық жұмыс:

Оқулықтағы сюжетті суретпен жұмыс:

Диалогтік әдіс бойынша:

-Суреттен кімдерді, нелерді көріп отырсыңдар?

-Олар не істеп отыр деп ойлайсыңдар?

- Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел,тақпақтар білесіңдер?

Қосымша туған ел, қалалар туралы жаңа мағлұматтар беріледі.






Әңгімелер, суреттер,мақал-мәтелдер







(МК; Ұ; Қ)

Аудио үнтаспадан тыңдату Әлидің өз елі туралы айтқан әңгімесін. Сұрақ бере отырып, толық жауап алу,ретімен баяндату.

  • Сенің елің қалай аталады?

  • Оның жері қандай?

  • Астанасы қалай аталады?

  • Ол қандай қала?

Аудио үнтаспа

Оқулықпен жұмыс


Мұғалімнің көмегімен оқулықта берілген сызба бойынша практикалық тұрғыда жұмыс жүргізіледі. Сызба үлгінің көмегімен мәтіндегі сөйлемдерді толықтырады.

Қазақстан-менің Отаным. Әли Таразда болды. Тараз-әдемі қалалардың бірі.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

Дәптермен жұмыс: дәптер бетіндегі суреттерді бояп, әр түрлі сызықтарды жүргізеді, бастыра сызады.

Топтық жұмыс: өздеріңнің мекен –жайларын туралы шағын әңгіме ретінде баяндап береді. Әр топ сынып алдында қорғайды.Бір-бірінің айтқанын тыңдап, ортаға үш сөйлем шығарады.


(топта 5 оқушыдан отырады)


1

2

3

4



Оқулықпен жұмыс

Тақтамен, дәптермен жұмыс.






Қорытын

ды бөлім

«Қол белгісі» әдісі негізінде рефлексия жасату.

Не қиын болды? Не қызық болды? Не маңызды болды?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ойларын айтады?

Мұғалімнің жетекші сұрақтары:

-Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?

-Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? т.с.с.




Дифференциация-қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?

Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Құндылықтар

Денсаулық және қауіпсіздік

Пәндік байланыстар

Барлық оқушылар бір-бірінің ойын тыңдайды,диалогке қатысады.

Ал кейбір оқушылар аудио үнтаспаны тыңдай отырып, ойын айта алады.


Өнер,дүниетану сабағымен байланыстыру















































Қысқа мерзімді сабақ жоспары

1-сабақ Математика «Заттарды санау»

Мектеп: Ембі № 2 орта мектебі

Күні: 05.09.2016 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Мусрепова М.К.

Сыныбы: 1 «А»


Қатысқандар: 22 Қатыспағандар: 0



Оқу мақсаттары:


1.1.1.1 натурал сандар мен нөл санының құрылу жолын түсінеді;10 көлемінде тура және кері бағытта санайды; натурал сандар қатарындағы орныны анықтайды;

1.1.1.2 цифр мен санды бір-бірінен ажыратады; бір таңбалы сандарды сандық сәуледе әр түрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) көрнекі етіп көрсетеді.


Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар білу керек:

- 10 көлеміндегі заттарды санай білуі;заттарды санау бір санынан басталатынын;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Заттарды санай алады, сандарды ажыратады;

Кейбір оқушылар :

  • Цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

Тілдік мақсат


Пәндік лексика мен терминалогия: қанша? неше? санау, сан, саны

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланатын тіл:

Талдау:

  • Терезенің жанында қанша бала отыр?

  • Сенің алдында қанша бала отыр?

  • Сенің артыңда қанша бала отыр?

  • Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?

  • Ал мұғаліммен бірге ше?

Жазу: Суреттер мен парақшаларды сызықпен қосады, суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті бояйды.

Алдыңғы оқу


Жоспар

Жоспарлан ған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Кіріспе бөлім

А) Психологиялық тренинг

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан таңға.

«Әңгімелесу» әдісі бойынша оқушылар бір-бірімен сөйлеседі, ол үшін жетекші сұрақтар қойылады:

-Терезенің жанында қанша бала отыр?

-Сенің алдында қанша бала отыр?

  • Сенің артыңда қанша бала отыр?

  • Сыныпта сенімен бірге қанша бала бар?

  • Ал мұғаліммен бірге ше?

(Мұғалім әр оқушының санау дағдысын анықтайды)

Практикалық жұмыс:

-Сыныптағы барлық қыздар бір қатарға тұрсын.

-Ал ұлдар қыздарды санаңыз.

-Ал енді ұлдар қыздарға қарама-қарсы тұрсын.

-Қыздар ұлдарды санасын.

Ой қозғау:

-Сыныпта ұлдар көп пе, әлде қыздар ма? Сендер қалай ойлайсыңдар? Неге?

- Бүгін мектепке барлығы қанша оқушы келді? Айта аласыңдар ма?





Аудио музыка, ноутбук


Негізгі бөлім

Ұжымдық жұмыс:

Қолмен ұстауға болатын деректі заттарды санатамыз.

  • Сынып бөлмесінде қанша парта бар?

  • Қанша орындық бар?

  • Қызыл түсті сөмке нешеу? Т.с.с

Бір қатарға сөмкелерді қойып, оқушылар хормен санайды.

Бұл жерде мұғалім заттарды санағанда әркез бір санынан басталатынын және сандарды рет-ретімен қалдырмай атау керек деген тұжырымға келеді.

Ширату жаттығуы:

Алақанды 6 рет соғып, сұрау:

  • Мен неше рет шапалақ ұрдым?

-Алақандарыңды 4 рет соғыңдар.

- Аяқтарыңды 3 рет топырлатыңдар.

-«Алақай» деп 5 рет айтыңдар.

Суретке қарап әр топтағы заттар санын санайды.

Жұппен жұмыс:

Оқушылардан оқу құралдарын санау ұсынылады, алма-кезек бір-біріне сұрақтар қояды,суреттегі заттарды санайды және жұпта талқыланады






Деректі заттар,суреттер, санау материалдары
















Оқу құралдары, суреттер






Қосымша тапсырма:

  1. Суреттер мен парақшаларды сызықпен қосады.Нүктесінің саны суреті салынған заттар санына сәйкес келетін парақшаны тап. Олардың арасын сызықпен қос.

  2. Суретте қанша ойыншық болса, сонша дөңгелекті боя.

  3. Иллюстрациямен жұмыс. Себетте


Оқулықпен жұмыс

Жұмыс дәптері №1

Топпен жұмыс: (5 оқушыдан отырады)

Ойын: «Қанша?»

Бір оқушы заттың суретін көрсетеді де, «Қанша?»

деген сұрақ қояды. Сұраққа бірінші боп дұрыс жауап

берген оқушы жүргізуші болады. Ойын барлық оқушылар

тірек сөздерді айтып болғанша жалғасады.




Қорытынды бөлім

«Қол белгісі» әдісі негізінде рефлексия жасату.Қалыптастырушы бағалау алу.


Не қиын болды? Не қызық болды? Не маңызды болды?

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша ойларын айтады?

Мұғалімнің жетекші сұрақтары:

-Бүгінгі сабағымыз не жайлы болды?

-Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? т.с.с.
















Дифференциация-қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?

Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Құндылықтар

Денсаулық және қауіпсіздік

Пәндік байланыстар




Барлық оқушылар бір-бірінің ойын тыңдайды,диалогке қатысады.

Ал кейбір оқушылар 10 –нан әрі қарай санай алады.

«Жетістік» баспалдағымен өзін-өзі бағалау.

Өнер,дүниетану сабағымен байланыстыру







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее