«Зима 2025»

"Киіз үй" 6 класс еңбекке баулу пәні

Оқушыларға киіз үй туралы молырақ мағлұмат беру мақсатында, киіз үй құрамы, оның пайдасы мен қажеттілігі туралы түсіндіріледі. Сабақ соңында сәкестендіру тапсырмасы беріледі. Әдіс-тәсілі: сұрақ жауап, түсіндіру

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Турембетова Газиза Абибуллаевна

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Степной ауылы

Сазды орта мектебі

Бейнелеу өнері және сызу, еңбекке баулу пәні мұғалімі



Ашық сабақ тақырыбы:

«Киіз үй»

Еңбекке баулу

Мақсаты: Оқушыларға киіз үй туралы кеңірек мағлұмат беру , этикалық-эстетиклық тәрбиеге баулу , қолөнер қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ –жауап ,түсіндіру .

Сабақ түрі : аралас сабақ

Сабақтың жоспары:

  • Мотивациялық кезең

  • Операциялық кезең

  • ә) теориялық бөлімі

  • ә) практикалық бөлімі

  • Рефлексия кезең

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма беру

Сабақтың ұраны:

«Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер

Тікенде гүлге айналып шыға келер»

Әбу Насыр Әл Фараби

Мотивация кезеңінде оқушылардың сабаққа дайындығына көңіл бөлу және оқушылармен психологиялық тренинг өткізу.

«Мен тілеймін » тренингін өткізу. Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Мұғалім де осы сабаққа сәттілік тілеп оқушыларды отырғызады.

Мотивациялық кезең

Балалар сендер киіз үй туралы не білесіңдер?

Жаңа сабақ:

  • Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келді.

  • Киіз үйді жасауда әр түрлі шеберлер тартылды. Ағаш шеберлері үйдің сүйегін жасаса, әйелдер киіз бастырды. Киіз үйдің жиһаздарына қажетті ілінетін түрлі заттарды тоқымашылар, киіз басушылар, тері өңдеуші шеберлер дайындайды.Киіз үй 4-қанаттан 30 қанатқа дейін көбейтіледі екен. 30-қанатты киіз үй хан ордасы деп аталады екен.Киіз үйдің түрлері көп.

Практикалық бөлім:







Киіз үй құрамы / Сәйкестендіру /

- Шаңырақ - Кереге

- Уық - Босаға

- Табалдырық - Таңғыш

- Шалма - Басқұр

- Есік - Киіз

-Түндік - Жабу

- Арқан

Балалар біздің сабағымыз осымен аяқталды. Сендердің көңіл күйлерің қалай? Үш түрлі гүлді таңдау арқылы өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

Рефлексия

Оқушыларға жеке – жеке киіз үй жасап , оның құрамын түсіндіреді. Сонымен қатар жабық сұрақтарға жауап беру.

Үй тапсырмасы: Шағын киіз үй жасау , аяқтау.











































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее