«Зима 2025»

Конспект классного часа на тему : "Синий кит"

конспект классного часа в 10 классе на тему : "Синий кит"

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Синий кит» деген пәле...

Мақсаты: оқушыларға ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ойындар туралы мәліметтерді ала отырып, білімдерін жүйелей алады. 
Күтілетін нәтиже: 
ойындар туралы мәліметтер алады; 
Олардың түрлерімен танысады; 
І.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлу керек.

ІІ.Ой шақыру

Әр топқа «ойындар» деген сөзге мәлімет жазу

1 топ 2 топ











Балалар ойындар Үстел ойындар

Ұлттық ойындар Спорттық ойындар

Топтық ойындар Әскери ойындар

Қысқы ойындар Компьютерлық ойындар

Экстремалды ойындар Жылжымалы ойындар

Логикалық ойындар «Зарница» ойыны

Судағы ойындар Желілік ойындар

ІІІ. «Арқа ажары» облыстық газет 11 ақпан 2017 жыл 3 беттегі статья «Синий кит» деген пәле... бойынша пікір-талас

Соңғы кездері Ресейде тараған «Синий кит»  немесе «Тихий Дон» деп аталатын қауіпті психикалық ойын Қазақстанға да тарай бастады. «В Контакте» желісінде белгісіз біреулер балалар мен жасөспірімдерді осындай ойынға шақырып, оның соңы біздің елден де бірнеше жасөспірімнің осыған еліктеуіне әкеліп соққан.

Атап айтқанда, мұндай жекелеген жағдайлар Семей, Қостанай сияқты қалаларда орын алған. Ойын шарты бойынша балалар елу тапсырма орындап, ең соңында өз-өздеріне қол жұмсауы тиіс. Мұны орындамаған жағдайда ақыл-естері дұрыс емес-ау деген ой туатын ойынды ұйымдастырушылар «жақындарыңызды өлтіріп кетеміз» деп қорқытатын көрінеді. 
Әрі ойнаушылар әрбір тапсырманы орындағаннан кейін ол туралы хабарлап, есеп беріп отыруы керек. Білектерін пышақпен бірнеше жерден тілгілеуге дейін барып, ақыр соңында өлім ойынының әсерінен өздерінің не істеп, не қойғанын білмей қалатын балаларының құрдымға кетуі туралы әлеуметтік желілерде қазірдің өзінде ата-аналардың жанайқайы естіле бастады. Сондықтан, әрбір ата-ана балаларының осы әлеуметтік желіде не істеп жүргеніне көз сала түскендері абзал.
 
Өзіміз хабарласқан Ақмола облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчуктың айтуынша, біздің облыста әзір мұндай оқиға тіркеле қоймаған. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Түбі суицидке әкеліп соғатын мұндай сұмдық ойыннан абай болайық.
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

ІV. Баланы бұл бәледен қалай құтқарамыз?

1. 18-20 жасқа толмаған балаларды үйде немесе интернетпен жалғыз қалдыруға болмайды. Ата-аналар мектептегі, сабақтағы жағдайын күнде сұрап, баламен жақын дос болу керек. Сырласып, бүкіл іс-әрекетін, мінез-құлқын бақылап жүру керек.

2. Ресейдің және басқа да керексіз сайттарынан аулақ болайық .

3. Түнде жатпас бұрын интернетін өшіріп тастау, телефонды пайдаланбау, көп нәрсе жоғалтпайды. Оның орнына бала ата-аналармен бірге ТВ қарап, шаxмат, шашка ойнап, журнал, кітап оқу керек.

4. Ата-аналары ең бастысы, балаға ұрыспай, көбірек араласу керек

5. Интернетті орнымен дұрыс пайдалансаң - жақсы мүмкіндік, орынсыз, мақсатсыз, күні-түні қолдана берсең - қауіпті құрал.

V.Қорытынды: Біздің өмірде ойындар не үшін қажет?

1 топ 2 топ

Денсаулық үшін Салт-дәстүрді ұмытпау үшін

Ой-өрісті дамыту үшін Миы жақсы жұмыс істеу үшін

Дәстүр білуге үшін Ширақ болып өсу үшін

Ойыннан қызық алу үшін Балалар бір-бірімен танысу үшін

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, қай нәрсенің де жақсылығымен бірге, жаман жағы да болатынын бүгінде өмірімізге терең енген интернет анық көрсетіп отыр. Ғаламтор арқылы қалаған ақпаратымызды оңай тауып, хатымызды көзді ашып-жұмғанша жолдай алатынымыз, түрлі қызметтерді пайдаланудың қолжетімді болғаны қуанышты әрине, бірақ сонымен бірге, интернет арқылы талайларды сазға отырғызып жатқан алаяқтардың көбеюі, жастардың санасын улап экстремистік ағымдарға тартушылықтың белең алғанын теріске шығара алмаймыз. Енді оған балалар мен жасөспірімдерді еріксіз суицидке итермелейтін «Синий кит» сияқты қатерлі ойындар да қосыла бастаған жайы бар.
 Қалкөз ЖҮСІП.
Редакциядан: Бет қатталып жатқанда Алматыдағы Наурызбай аудандық сотының шешімімен бұдан былай «Синий кит», «Тихий дом» ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тиым салынғаны белгілі болды. (Арқа ажары 25.02.2017 жыл )




Б.Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі











«Синий кит» деген пәле...


Сынып сағаты


10 «а» сынып










Өткізген: сынып жетекшісі

Б.С.Абенова













2017жыл




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее