«Зима 2025»

Краткосрочный план на тему "Магнит"

Барлық оқушылар:магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау;

Оқушылардың басым бөлігі:магниттердің қасиетін зерттеу;

жүргізілген экспериментті түсіндіру.

.Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы:

Магнит


Мектеп: М.Шаханов

Күні :15.03.2017ж


Мұғалімнің есімі : Эльмира Абдуалиева

СЫНЫП: 1 «а»


Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар:магниттік қасиеттері бар кейбір денелерді анықтау;



Оқушылардың басым бөлігі:магниттердің қасиетін зерттеу;

жүргізілген экспериментті түсіндіру.


.Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  1. жолақты магниттер (әр оқушыға);

  2. металдан жасалған түрлі заттар (темір бұранда, бұрандалы шеге, кішкене темір шарлар, шегелер, қағаз қыстырғыштар, өшіргіштер, қарын­даштар­ және т.б.);

  3. көзәйнек (ескі, қажетсіз) немесе басқа шыны зат;

  4. құм салынған табақша;

  5. ине;

  6. пластикалық құмыра. Интернет-ресурстар:

  7. магнит туралы мультфильм, мысалы, https://www. youtube.com/watch?v=P1Tbebrf39Q

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушылар:

  2. магниттік қасиетке ие заттар болатынын біледі;

  3. магниттің қасиеттерімен танысады, магниттердің кейбір заттарды тартатынын түсінеді.

Сабақтың мақсаты:

1.5.6.1 магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау;

1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу

1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;

1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Магниттіліктің пайда болуы ертеректен белгілі, алайда оны түсіндіру біраз уақыт бұрын ғана мүмкін болды. Бір аңызға сәйкес Магнус есімді қария өзінің таяғының темір ұшы қызықты тасқа тартылғанын байқайды. Содан бері сол ерекше тасты “Магнус тасы” немесе магнит деп атап кеткен деседі.


Барлық заттардың нақты магниттік қасиеттері болады. Темір, кобальт, никель жақсы магниттелетін материалдарға жатады. Тұрақты магниттің екі магниттік полюсі болады: солтүстік (N) және оңтүстік


(S). Аттас полюстер бірін-бірі тебеді, ал аттас емес полюстер тартылады.


Электромагнит — өзінен электр тогын өткіз­генде магниттік қасиеттері бар заттарды тартатын құрал. Әдетте ол ферромагнитті өзекшеден және орамнан тұрады.

Магниттер. Оқушылардың назарын суреткеаударып, сұраңыз:

— Негеш нені қарап отыр?

— Ол не туралы ойланып отыр?


Осыны жұпта талдауды сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Мынадай сұрақтарды қойыңыз:


— Не болды? Барлық заттар магнитке тартылды ма? (Жоқ.)


— Магниттерді бір-біріне жақындатқанда не бо­ лады?


Осы кезеңде оқушылардың қайсысы бұрын-соңды магнитпен таныс болғанын және онымен тәжірибе жасап көргенін анықтап алу маңызды. Магниттердің бір-біріне тартылуы мүмкін деген қорытынды жа­ саңыз.

Тартыла ма әлде жоқ па? Эвриканың суретіненазар аудартыңыз.

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

— Эврика қолына не ұстап тұр? (Магниттерді.)

— Магниттердің түсі қандай? (Бір ұшы — қызыл, ал екіншісі — көк.)


— Эврика не істемекші?

— Неліктен Эвриканың магниттерді қосуға талпынғанынан еш нәтиже шықпады? (Магниттер тебіледі.)


— Қандай қорытынды жасауға болады? (Магниттерді бірдей боялған шетімен жақындатқанда олар бір-бірін тебеді.)


Магниттік қасиеттер. Суретке тағы да қараңыз.Оқушылардан магнитке тартылған заттарды атауды сұраңыз. Қорытынды жасатыңыз. Осы заттардың барлығына ортақ не бар? Оқушылар ол заттар металдан жасалған немесе металл бөлшектері бар деген қорытындыға келе алады. Магниттердің кей­ бір заттарды ғана тарта алатынын айтып беріңіз. Магниттің осы қасиетін қалай атауға болатынын сұраңыз.

(Магниттік қасиеттер.) Суреттерге сәйкес қандай заттар осы қасиетке ие?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Ойын өткізіңіз. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне арқаларын тигізіп тұруын сұраңыз. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” — деп сұраңыз. Оқушылар “Тартыламыз!” деп жауап бере алады. Осыдан кейін оқушылар бір-біріне қарап тұрып, қолдарынан ұстап бір-бірлерін өздеріне тартуға тырысады. “Сендер тебілдіңдер ме әлде тартылдыңдар ма?” деген сұраққа оқушылар “Тебі­ леміз!” деп жауап бере алады. “Қандай зат басқа заттарды­ тарта алады немесе тебе алады?” — деп сұраңыз­. Оқушылар “Магнит” деп жауап бере алады.


Зерттейік. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз.Мүмкіндігінше әр топта қабілеттері әртүрлі оқушылар болсын. Бір топ магниттің көмегімен құмда жоғалған затты табу тапсырмасын орындай алады. Келесі топ су құйылған құмырадағы заттарды қолын суға малмай, құмыраны төңкермей алуға бола ма, соны зерттейді. Үшінші топ магнит өз қасиеттерін қатты қағаз бен ағаштың арғы жағынан сақтай ала ма, соны тексереді. Төртінші топ магниттің қасиетін шынының сыртынан тексереді.


1-топ Зерттеу жүргізу үшін табақшаға құмды сеуіп, оның


арасына бірнеше темір шегелер мен бұрандаларды, пластмасса мен резеңкенің бөлшегін тығып қойыңыз. Оқушылар табақшаның бетімен магнитті жүргізіп, магниттік қасиеттерге ие заттарды тауып, шығарып алады.



2-топ Құмыраға су құйып, оған кішкене бұрандалар


мен сомындарды (гайка), резеңке бөлшегін салы ңыз. Оқушыларға құмырадағы суды төкпей, ішін­ дегі заттарды қалай алуға болатынын ойлануды ұсыныңыз. Оқушылар түрлі әдіс-тәсілдерді іздеп, ең дұрысын табады: магнитті құмыраның қабырғасына жақындатып, жүргізу керек.



3-топ Қатты қағаз бетіне ұсақ темір заттарды шашу



керек, мысалы, қыстырғыштарды. Қағаздың астынан магнитті қозғалту арқылы қағаз үстімен ұсақ заттардың жылжитынын көре алады. Оқушылар осы тәжірибені қатты қағаз орнына ағаш тақтайшаны, мысалы, парта бетін қолдану арқылы жасап көре алады. Тәжірибе барысында олар: “Магниттің тартылысы ағаш тақтай­ шаның арғы жағына өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.

4-топ.

Тәжірибе жасау үшін бұл топқа шеті өңделген ескі көзәйнек пен қағаз қыстырғыштар қажет. Көзәйнек­-тің бір жағына қағаз қыстырғыштарды шашып қойып, шыны­ның астымен магнитті жылжыту арқылы оқу­ шылар­ қағаз қыстырғыштар­ қозғала ма, жоқ па тексе­ реді. Тәжірибе барысында­ оқушылар: “Магниттің­ тартылысы шыныдан­ өте ала ма?” деген сұраққа жауап бере алады.



Содан кейін әр топтағы оқушылар зерттеу үдері­ сінің орындалуы туралы айтып береді.



Оқушылар “магниттің күші қағаздан, пластиктен, шыныдан, ағаштан, судан және басқа да көптеген материалдардан өтеді” деген қорытынды жасай алады.



Сен білесің бе?

Электромагнит деген не? Оны қайда және не үшін қолданатынын түсіндіріп беріңіз. Оның өнеркәсіпте қолданылуы туралы бейнефильм көрсетуге болады. Аталған құрылғы адамдар еңбегін жеңілдете ме? (Ия.) Электромагниттердің ауыр жүк көтеруге қабілетті екенін айтып беріңіз


Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Математика. Жасалған материалына қарай зат­тарды салыстыру.




Оқушыларға тұсбағар (компас) жасауды тапсы­ рыңыз. Ол үшін ине, табақша, қағаз сүлгілер, магнит қажет. Алдымен инені магниттің көмегімен “магнит­ теп” алу керек. Содан соң табақшаға суық су құйып, оған қағаз сүлгіні салып, оның үстіне инені қойыңыз. Сүлгі суға батып кетеді, ал ине су түбіне түседі. Ине бұрылып, ұшымен солтүстікті көрсетеді. Нәти­-жені тұсбағар көмегімен тексеруге болады.



Кестені толтыр. Оқушыларға түрлі заттардыңсуреттері салынған үлестірмелі парақшаларды таратыңыз. Олардың арасында металдан жасалған және металл емес заттар болуы керек. Үлестірмелі парақшаларды нөмірлеңіз. Оқушылар берілген заттардың ішінен қайсысы магниттік қасиеттерге ие, ал қайсысында ондай қасиет жоқ екенін анықтаулары қажет. Осы тапсырмадан кейін оқушылар кестеге сәйкес нөмірлерді жазып, толтыра алады.








Бағалау


Оқушылар магниттердің қасиеттерін біледі.



Сиқырлы магнит. Оқушыларға зерттеу нәтиже­леріне байланысты магниттің қасиеттерін өткізетін заттар мен материалдарды атауды ұсыныңыз. Кестеде қай материал жоқ? (Құм.) Магниттік қасиеттерге­ ие заттардың суретін салуды ұсыныңыз.

Шыны



Пластик



Ағаш



Су



Топырақ




Қағаз






Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?










«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Л.Б.Қыдыралиева



М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы 1«А»сынып оқушыларымен 15-ші наурыз күні жаратылыстану пәнінен «Магнит» атты тақырыбында

өтілетін ашық сабақтың іс-жоспары



1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық


2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу


3.Өткен тақырыпқа шолу жасау

Электр


4.Жаңа сабақты түсіндіру

Магнит


5.Оқулықпен жұмыс


6.Дәптермен жұмыс

Берілген тапсырмаларды бояу,тірек сызбамен жұмыс


7. Тәжірбиелік жұмыстар

Топтарда жұмыс жасату


8.Сергіту сәті

9. «Магнит» туралы мультфилм көрсету


10. Сабақты қорыту

Семантикалық картамен жұмыс




«Тексерілді»

Оқу ісінің меңгерушісі: Е.Қайрылбаев




Бастауыш сынып мұғалімі: Э.Абдуалиева



































































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее