«Зима 2025»

"Мәшһүр - Жүсіп Көпеев шығармаларындағы азық-түлікке қатысты өлшемдік атаулар"

Мәшһүр - Жүсіп Көпеев шығармаларындағы азық-түлікке қатысты өлшемдік атаулар

Калыкова Э.Т.

Павлодароблысы, Ақтоғай ауданы,Қараоба орта мектебініңқазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Өлшемдік атауларды, өлшемдік ұғымды білдіретін сөздерді, яғни нумеративтерді қарастыру бүгінгі күні қазақ тілі үшін ғана емес, басқа да түркі тілдері үшін өзекті мәселе. Өлшемнің есепке қатысты түрлі мағыналық реңктегі сөздер мен сөз тіркестері әсіресе түркі тілдес халықтарда жиі орын алғандығы бірден аңғарылады, бұның өзі аталмыш тілді иеленушілердің тұрмыстық ахуалының ұқсастығынан болса керек. Өлшемдік мәндегі сөздік қорымызды айқындау, жан - жақты қарастыру, сипаттау үлкен теориялық қана емес, түркі тілдес халықтар үшін тәжірибелік мәні де аса зор еңбек болып саналады. Нумеративтер барысында пікірлер, түрлі тұжырымдар орын алған. Түркі елінде халықтық метрологияның негізін М.Қашқари салды, оған дәлел ретінде ғалымның артына қалдырған бай мұрасын айта аламыз.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Мәшһүр - Жүсіп Көпеев шығармаларындағы азық-түлікке қатысты өлшемдік атаулар

Калыкова Э.Т.

Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Қараоба орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Өлшемдік атауларды, өлшемдік ұғымды білдіретін сөздерді, яғни нумеративтерді қарастыру бүгінгі күні қазақ тілі үшін ғана емес, басқа да түркі тілдері үшін өзекті мәселе. Өлшемнің есепке қатысты түрлі мағыналық реңктегі сөздер мен сөз тіркестері әсіресе түркі тілдес халықтарда жиі орын алғандығы бірден аңғарылады, бұның өзі аталмыш тілді иеленушілердің тұрмыстық ахуалының ұқсастығынан болса керек. Өлшемдік мәндегі сөздік қорымызды айқындау, жан - жақты қарастыру, сипаттау үлкен теориялық қана емес, түркі тілдес халықтар үшін тәжірибелік мәні де аса зор еңбек болып саналады. Нумеративтер барысында пікірлер, түрлі тұжырымдар орын алған. Түркі елінде халықтық метрологияның негізін М.Қашқари салды, оған дәлел ретінде ғалымның артына қалдырған бай мұрасын айта аламыз.

С.Е.Жанпейісова «Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы» кандидаттық жұмысының авторефератында: «Халқымыздың өзіндік метрологиялық жүйесі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларындағы өлшем мәнді түрлі сөз қолданыстардан айқын аңғарылады. Мысалы, олардағы бір бой, алты ен, бес тақа, үш қат, он екі құрсау, бір қойын (ақша), екі қарын (май), алты қосақ (қой), бес буда, бір қағаз (шай), сегіз жұп, бір құшақ (отын), жалғыз түп ши, бір уыс, екі баспақ, екі зекет, екі құрсақ тәріздес нумератив мәнді тіркестердің алдыңғы сыңарлары-есептік сандар да, ал екінші сыңарлары қазір классификаторлар делініп жүр» [1, 20-21] – деген болатын.

К.Күркебаев нумератив сөздерді классификатор, счеттік сөздер және өлшемдік атаулармен байланысы бар құрылымдар деп топтастырады [2, 46-47)]. Ғалым Ә.Болғанбаевтың «Өлшемдік ұғымдар» мақаласы, этнограф-зерттеуші С.Кенжеахметовтың «Уақытты анықтау белгілері», т.б. еңбектерін атап өтуге болады. Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығының директоры, ф.ғ.д, профессор А.Қ.Тұрышев ақын шығармаларының тілін қарастыруға ерекше қомақты үлес қосып отырған ғалым.

«М-Ж.Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасы» атты монографиясында өлшемдік ұғымдарға байланысты көп мәнді ойлар айтылып, жан-жақты зерттеулер жүргізген. 2005 жылы қорғаған докторлық диссертациясының қомақты тарауы М-Ж.Көпеев шығармаларындағы метрология мәселесін қарастыруға арналған. Зерттеуші М-Ж.Көпеев шығармаларындағы метрологияны екі топқа жіктей отырып, өз ойын былайша сабақтайды: «1) Халықтық метрология: қара киік жылы, жұт, сауын, өсім, көтерме, несие, алымта, соғым, сыбаға, сауын айту, асар, үмме, бөрте, самсаған, дүйім, таяқ, соқыр, күдір, жұмырық, күреш. 2) Ескілікті нумеративтер: сағат, сахар, бесін, намаздыгер, құптан, екінті, сәске, ширек, бесін махал, жарым, құлаш, кез, сере, сере қарыс, кере қарыс, сүйем, қадам, қадақ»[3, 180]. Сол сияқты сан есіммен байланысты еместерді халық метрологиясы деп, ал сан есім ұғымымен байланыстыларды нумеративтер деп атаған. Халық метрологиясына метрмен өлшенбейтін ауқымды ұғымдарды енгізсе, нумеративтерге сандық дәрежеге көнетін терминдерді енгізеді [3, 180].

Ғалым Ш. Сарыбаев «Қазақ тіл білімі мәселелері» атты зерттеу еңбегінде өлшемдік ұғымдағы бірсыпыра сөздердің этимологиялық қырына үңілген. Халықтың өлшем бірліктері туралы қазақ әдеби тіліне қатысты еңбектерде, атап айтқанда, К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері», М.Балақаевтың «Қазақ әдеби тілінің тарихы», Ә.Болғанбаевтың «Қазіргі қазақ тілі» кітаптарында біраз сөз болады. С.Жанпейісова «Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы (Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары бойынша) еңбегінде халықтық өлшем мәселесіне қатысты ойларын былайша өрбітеді: «Халықтық метрологияға қатысты өлшем атауларының бастапқы қарапайым үлгілері қай тілде де жалпы адамзат қоғамының алғашқы балаң шағынан бастау алады.

Е.Аққошқаровтың басылым беттерінен орын алған халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер туралы зерттеулері де бірсыпыра маңызды жайларды арқау еткен, өзге тілдің өлшемдерімен салыстырыла отырып, ауқымды зерттеу жүргізген. Қ.Ахметжанның «Қазақтардың қару-жарақ жасауда қолданған дәстүрлі ұзындық және салмақ өлшемі бірліктері» деген атпен жарық көрген мақаласында ертеде жауынгерлік қару-жарақ жасау ісінде қару-жарақ заттарының көлемін анықтауда қолданылған, бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан, әр қару-жарақ түрінің қызметіне, оны пайдаланатын адамның дене бітімінің ерекшелігіне сәйкестендірілген, өмірлік тәжірибенің нәтижесінде сұрыпталған, қолданыста ыңғайлы дәстүрлі тұрақты өлшемдеріне терең зерттеулер жүргізілген.

Философиялық сөздікте өлшемге қатысты анықтама былай беріледі: «Өлшем – тиісті өлшеуіш аспаптардың көмегімен ғылыми зерттеуді эмпирикалық деңгейде іске асыратын, материалдық нысандардың сипаттамаларын (салмағы, ұзындығы, нүктелік шамасы, жылдамдығы, т.б) анықтайтын танымдық рәсім [4, 525].

«Халықтық өлшемді білдіретін ұғымдар қазақ тілі лексикасының бір бөлшегін құрайды. Ертедегі ата-бабаларымыздың ата-кәсіпті игерген шаруашылығы өмірінің негізінде қалыптасып, халық жадында сақталған осы атаулар сырында тіл тарихы мен халық мәдениетін танудың ізі жатыр. Яғни халықтық метрология лексикасы лингвомәдени деректер ретінде де ұлт мәдениетін танытады» [5, 106].

Халықтық өлшем мәселесін зерттеп жүрген К.Қ.Күркебаев өз тұжырымын былайша жүйелейді: «Метрология – талап еткен дәлдікке жетудің жолдары мен амалдарын қамтамасыз ететін өлшем туралы ғылым. Теориялық тұрғыдан алғанда, метрология – уақыт пен кеңістік аумағында математикалық принциптерді басшылыққа алып, өлшеудің жекелеген бірліктеріне негізделіп, оларды бір-бірімен теңестіре, салыстыра, байланыстыра қарау негізінде бүтін үлкен жүйе құрайтын дербес ғылым» [6, 18].

Ә.Болғанбаев өлшемдік ұғымдағы сөздерді: уақыт-мерзім, көлем, ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері, – деп қарастыра келіп, ойын былайша жалғастырады: «Сол заманның тұрмыс-тіршілігіне лайық өз өлшемдері болғандығын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін қыруар сөздер мен тұрақты сөз тіркестері арқылы танып білуге болады. Өткен заманда қазақтар сағатты нақтылап өлшемегенімен, секунд, минут, сағат деген уақыт өлшемдерін шамамен дәл болжай білген.» [7,35].

Өлшем – бір нәрсенің көлемін,салмағын анықтайтын өлшеу бірлігі. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей  халық өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені  оны ата-бабаларымыз  сан ғасырлар  бойы қолданып  және сол арқылы  өлшем негіздерін  жасаған. Мұны халықтың өзі белгілегеніндей,  «салмақ өлшемдері, көлем өлшемі мен мөлшері, ұзындық  өлшемі, қашықтық  өлшемі, уақыт және мезгіл өлшемдері  деп бөлуге болады.

Халықтық өлшемдер тым ерте кездерден қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін тіл қолданысынан шықпай өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп, баяндаудың бір тәсілі болып саналады.

Дәстүрлі мәдениет салаларының ішінде азық-түліктің орны ерекше. Этностық ерекшелігі бар компоненттер қатарынан орын алады. Төрт түлік малды мінсе көлігі, ішсе тамағы, кисе киімі ретінде тұтынып, қастерлеген, күтіміне зор мән берген. Ұлттық тағамдарымыздың да денін осы төрт түлік малдың өнімдері құрайтыны белгілі. М-Ж. Көпеев азық – түлікке қатысты «Азық пайдасы», «Азықтың пайдасы» атты танымдық жазбаларында өзекті мәселелерді арқау еткен. «Азық пайдасы» еңбегінде: «Баланы өсіру үшін, һәм үлкен денені асырауға көп тамақ керек. Азығынан кем болған дене азғындайды; әуел майы, онан кейін еті таусылып, арықтап өледі. Азықтың өте керек нәрсесі – төрт: ғарабша «шебе, залал»-деп айтылады. Мағынасы: таза ет, жұмыртқа, шекер, тұз – осы төртеуі. Бірінен кемдік болған дене рақат көре алмайды» (9-т, 304-б). «Азықтың бойға сіңуі» шағын жазбасында азықтың адамның ағзасында қалай қорытылып, қай мүшелер іске қосылатындығын тілге тиек етеді.

Азық – түлікке қатысты Ә. Нұрмағамбетов мынадай дерек келтіреді: «Ертедегі түркі тілдерінің жазба ескеркіштерінде «азық» сөзінің алғашқы тұлғасы «ағыз», ал мағынасы қазіргі кездегі адамның тамақ қабылдайтын мүшесі «ауыз» болғандығын көрсетеді. Осыған кейін келе –ық жұрнағы қосылуы нәтижесінде «ағызық», одан әрі «ғ» дыбысы түсіп, қазіргі кездегі «азық» сөзі қалыптасып, адам тіршілігіне қажетті тамақтық заттар атауы шыққан» [8,59].

М.Қашқари сөздігінде де азық – түлікке, оның мөлшеріне қатысты сөздер өте көп, кейбіреуін келтіретін болсақ: ашыш – қазан, адзақ – ас, азұқ – азық, ас, ауқат, аш – ауқат, ас, сырлығ аяқ – сырлы аяқ; сырлы тостаған, барт – су ішетін бақыр, ожау, санаш – дорба, қамыч – шөміш, ожау, бұтық – кішкене мес, торсық, қасұқ – қасық, торсық, тағар – қап, қанар қап, шөмше – шөміш, көрке – ағаш табақ, ағаш аяқ, құрлұқ – торсық, саба, кесүргү – қап, қалта, иоғрұ – аяқ, табақ, қача – қалта, қалташа, сеңек – су ішетін тостаған, ағаштан ойылған тостаған. Сөздікте тағамның мөлшеріне қатысты нумеративтер де көп ұшырасады: бір сағым сүт – бір сауым сүт, тұншұ – бір шөкім ас, бір тілге ет – бір тілім ет, бүшінчек – бір шоқ жүзім, бір иұғрұм ұн – бір илем ұн. [10,590].

М-Ж.Көпеев еңбектерінде азық – түлікке қатысты сөздер өте мол: бір тамшы су, бір ұрттам су, бір жапырақ ет, жалғыз уыс дән, бір тілім нан, бір жұтым сусын, бір кесім нан, бір ішім су, бір саба қымыз, бір қасық су, бір аяқ көже, бір аяқ ас, бір торсық су, бір қарын жент, бір бақыраш май, бір асым ет, бір ұрттам су, бір түйір дән, жалғыз уыс дән, бір тілім, бір табақ ет, бір самауыр шай, бір кесек ет, жарты қадақ қант, бір қарын сары май, үш пұт ақ ұн, бір қап құрт, бір жайым құрт, бір күбі айран, бір шөміш сапыру, екі шара сапыру, бір қасық бал, бір құмыраша қатық, бір құмыра су тағы басқалары. Астың пісуіне байланысты ас пісірім, ет асым, ет пісірім, ет қайнатым, қайнам, сүт пісірім сияқты уақыт өлшемдері болады. Азық – түлікті сақтауда ыдыс – аяқтың орны ерекше екендігі аян. Ыдыс –аяқтар лексикасына ас – тамақ сақтайтын : жүкаяқ, әбдіре, асадал, кебеже енеді. Олар өз ішінен сұйық тамақ сақтайтын ыдыстар: саба, көнек, қанар, торсық, талыс, шөншік, мес, қауға, шелек; зат салатын: қоржын, бөктергі, қанжыға, боқжама, боқша, бойра, бүктеме; ас салатын ыдыстар: аяқ – табақ, табақ, тостаған, құман, құмыра, кесе, қазан, қасық болып бөлінеді. Осы ыдыстардың көпшілігі өлшем мәнді сөздер қатарында орын алады. Халық метрологиясы салт – дәстүрмен байланысты тығыз қарастырылатын болғандықтан, ұлттық ыдыс – аяқтарымыз да осы аяда нысан болуы түсінікті. Осы мысалдарды М.Ж.Көпеев туындыларындағы нақты мысалдармен дәлелдер болсақ: Қалмақ деген жұрт өлген кісісін киіндіріп, қойдың бір санымен, бір-екі нанымен, бір құмыраша қатықпенен айдалаға апарып тастайды екен (8-т, 278 б).

Үйімізде ет-нан жоқ жалғыз түйір, Барсақ бізге, дейді ғой: «Бір жіп иір!»(Әдхам диуана және Ибраһим»,3-т, 64-б). –Бір бақыраш май қайнат! – депті (9-т, 108б).

Бұл күнгі жан мұндайды жек көреді, Жалғыз уыс ұн берсе, көп көреді (Ғалының мырзалығы», 3-том, 238-бет). Күн ыстық, әуе айналып жерге түскен,

Таңсық боп бір жұтым су көкей кескен. «Армансыз болар едім,- деп шуласып, - Бір ұрттам мөлдір тұнық судан ішсем!» («Қанағат туралы жұмбақ өлең», 1-том, 8-бет).

Жоқ болып нан беруші жалғыз тілім, Деуіңе тұрмай қалды: «Халқым, елім!» («Жұт», 1-том, 179-б). Кісінің кісілігі – тіл мен жүрек, Екеуі екі жапырақ ет емес пе?! («Кәф пен Нон», 1-том, 16-бет).

Бір ішім су таппадым саған іздеп, Күншығыс, күнбатыстың бәрін көздеп.(«Өлер халде періштелер келгені», 2-том, 210-бет).Осы екінші томның дәл осы бетінде тағы мынандай мысал кездеседі: Ойлаймын: «Ырзығыңыз бітті ғой!»- деп, Болмаса табар едім бір кесім нан (2-том, 210-бет).

Қадірлі, құнды, пұлды, жайсаңы, не бек, не байлары өлсе, жасап, киіндіріп, қойдың бір санын мойнына байлап, екі нанды қойнына тығып, бір құмыра суды басына қойып, жаназалайды екен («Сарыарқа тарихы», 8-т, 265 б, ). Бұзау, тайыншаның қарынына салынған бір қарын жентті ортасынан қақ жарып, ханның қоржынына салғызды дейді (9-т,73-б). Байлардың бәйбішелері ірімшік пен майдан жасап, қарын- қарын жент сақтайды (8-т, 55 б). Бір табақ ет пен самауыр шай, бір қарадан саудасы болып, қазақ халқы өлігінің- тірігінің садақасын – қонағасы беріп, шайға қандырып, майға тойғызып тұратұғын қожа, молдаға берді (9-т, 334б).

Тұжырымдайтын болсақ, кез-келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады.  Қазақ тіліндегі азық-түлікке қатысты өлшем атаулары танымдық  тұрғыдан зерттеліп, халықтың рухани мәдениеті, наным-сенімі, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің бейнесі айқындалды.

Жалпы алғанда, математикалық ойлау жүйесі мықты дамыған қазақ халқының сахарада жүріп-ақ күн мен жер, ай мен жер, шексіз де шетсіз алыс елдердің ара қашықтығын көзбен көріп, түйсікпен-ақ өлшегендігі көрінеді. Халықтық өлшем атаулары тым ерте кездерден, ғасырлар бойы қолданыла бастаса да, күні бүгінге дейін қазақ және түрік тілдерінде, тіл қолданысынан шықпай, өлшем мағынасындағы ұғымды бейнелеп баяндаудың бір тәсілі болып саналады. Осы зерттеу барысында азық-түлікке қатысты өлшем атауларының тікелей халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрімен  байланысты екенін ұқтық.

Қорытындылай келе, қай халық болмасын ежелден-ақ асты қадір тұтқан, «Ас- адамның арқауы» - деп, дұрыс даярлануына ерекше ден қойған. Төрт түлік малдан алынатын өнімдерді ерекше баптап, ыдыс-аяқтардың да сапалы жасалуына мән берген. «Бір күн дәм татқан үйге мың күн сәлем», «Арпа – бидай ас екен, алтын – күміс тас екен», «Ет етке, сорпа бетке» қанатты сөздері де халқымыздың асқа деген құрметінен туындаса керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Жанпейісова С. Е. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы (қазақ ақын- жазушыларының шығармалары бойынша) //Канд. дисс. автореф. Алматы, 1996ж.

2. Күркебаев К.Қ.Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты (ұзындық, арақашықтық, салмақ-көлем өлшемдері негізінде) // Канд. дисс. Алматы, 2003ж.

3. Тұрышев А.Қ. М.Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. Ф.ғ.д.ғылыми дәреж.алу үшін дайынд.дисс. Алматы, 2005. 343 бет.

4. Философиялық сөздік. Алматы, 1996 жыл. -525 б.

5.Сейілхан А.Қ. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Канд. дисс. автореф. Алматы, 2001 ж.

6. Күркебаев К.Қ.Қазақ тіліндегі өлшемдік атаулардың этнолингвистикалық сипаты (ұзындық, арақашықтық, салмақ-көлем өлшемдері негізінде) // Канд. дисс. Алматы, 2003ж.

7. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы : Мектеп, 1988.

8. Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат. Алматы, Жалын, 1990. -128-бет.

9.Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат – ит - түрк) 3 томдық шығармалар жинағы (Қазақ тіліне аударған, алғысөзі мен ғылыми түсініктерін жазған Асқар Егеубай). 1-том, Алматы: Хант, 1997ж, 590 бет.

10. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1-9 том. Павлодар, «ЭКО»ҒӨФ, 2003-2006ж.




























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее