«Зима 2025»

Мақала "Халық қолдаған тарихи шешім"

В статье говорится об историческом событии в Республике Казахстан, а именно - переходе на латиницу

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Халық қолдаған тарихи шешім

Қазақ тілі мен әдебиеті маманы ретінде тіліміз бен әдебиетімізде болып жатқан жаңалықтан құлағдар болып, өз пікірімді білдіру басты міндетім деп білемін. Осы жылғы тіл мәселесіндегі ең басты жаңалық Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» мақаласының алар орны ерекше деп айта аламын. Бұл негізінен – бүкіл ел мәдениетінің тарихын, рухани мәдениетінің тарихын дәл өлшеп пішіліп, жетілдірілген, кемелденген азаматтың ойлары. Әсіресе, қазақ тілі мұғалімі ретінде, көптен күтіп жүрген латын қарпіне көшу, жазуымызды қалыптастыруға байланысты айтылған мәселесі орынды көтерілді деп ойлаймын. Мемлекет басшысы 2012 жылы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан – 2050» стра­тегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдеген болатын. Сондықтан, бұл мақаласында Үкіметке нақты тапсырма бере отырып, қай уақытта, қалай латын қарпіне өтетінімізді айтып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздары, мерзімді баспасөз, оқулықтар, бәрі де латын әліпбиімен басылады деген сөз. Бұл қоғамдық ғылымдар үшін міндеттелетін үлкен шара болары анық. Әсіресе, Тіл білімі институтына үлкен жауапкершілік артып отыр. Елбасы биылғы жылдың соңына дейін қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау жөнінде, 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілетіні айтылған. Әрине, бұған үлкен дайындық керек. Сонымен бірге, латын әліпбиінің үлгілері талқыланып жатқан кезеңде, бүкіл қоғам өз пікірін білдіріп, атсалысуы біздің қазақ халқының өз тілі мен діліне немқұрайлы қарамайтындығын тағы бір дәлелдеді. Әйтсе де кей танымал қайраткерлердің қарсылық танытуы таяқтың екі ұшы бар екендігін білдіретіндей. Ең маңыздысы латын қарпіне көшу болашағымыз үшін, өскелең жастар үшін қажет. Түркі тілдес туысқан халықтармен жақындастыра түсуге де үлкен септігін тигізетіне кәміл сенемін.
Елбасы жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты – ұлттық кодты сақтау екенін баса айтып, онсыз жаңғыру дегеніңіз – құр жаңғырық дегені орынды. Елбасы сөздерінде айтылған ойлардың тереңдігінен Елба­сы­ның тарихты терең білетіндігі, сонау түркі халқының көне жазуынан бастап барлығын ой елегінен өткізе айтқанын байқау қиын емес. 
Расында, халқымыз небір аласапыран замандарда көп қиындық көрді. Араб жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшіп жүре тұра халқымыз білімге ұмтылысының арқасында ешбір халықтан қалыс қалған жоқ. Бұл біздің жоғары мәдениеттілігімізді аңғартса керек. Бүгін міне, тәуелсіз елде есімізді жинап, өз жазуымызды қа­лып­тастыруымыздың сәті келген сияқты. Себебі, оң мен солы­мыз­ды әбден танып, өткеннің кемшіліктері мен жетістіктерін бойымызға сіңіріп нақты шешім жасайтын дәуірге жеттік. Сондықтан бұл – Елбасының сарабдал саясатының аясында жасалған үлкен қадам. Мұндай кезеңде ел, халық болып Елбасымыздың жасап жатқан жұмыстарына үлкен қолдау көрсетумен бірге, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып атсалысуымыз керек. Себебі, бұл шешім – Елбасы жолдаған, халқы қолдаған тарихи шешім!



Искакова Кульжан Байкеновна – Астана қаласы

14 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее