«Зима 2025»

Математика сабағы "Бүтін және бөлек"

Пән аты: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Тақырыбы: "Бүтін және бөлек"

Мектепалды даярлық тобына арналған сабақ жоспары

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

 МАД

Тәрбиеші: Камзаева Г.С.

Уақыты:

Кабинет: 210

Тақырыбы

«Бүтін және бөлік»

Сабақтың мақсаты

Жаңа білімді түсіндіру, алған білімін өмірде қолдана алуға бейімдеу.

Көрнекіліктер

Геометриялық фигуралар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, алмалар, кірпі мүсіні,үлестірмелі ленталар, қайшы әр балаға, фигуралар мен заттардың суреттері т.б

Іс-әрекет  кезен-рі

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Шаттық шеңбері. Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.
Тәрбиеші: – Балалар, бәріміз шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бір бірімізбен амандасайық:
Мен кішкентай баламын

Мен мектепке барамын

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламын

Сәлемдесіп достармен

Қуанып бір қаламын!

Амансың ба, шуақты күн!

Амансың ба, мейірімді аспан ата!

  • Жарайсыңдар, балалар! Енді сабағымызды бастасақ болады. Жаңа сабақты бастамас бұрын біз өткен сабақта не өттік – соны қайталап алайық.

  • Мынау не, балалар?

(геометриялық фигуралар)

  • Қане біз қайталап жіберейік. Мынау қандай фигуралар? (ұшбұрыш, төртбұрыш,шаршы, шеңбер)

  • Жақсы балалар. Ал енді мына фигуралармен біз өткен сабақта таныстық. Қалай аталады: (текше, шар, цилиндр, конус)

  • Жарайсыңдар! Фигураларды естеріңде сақтап қалдыңдар.

Жаңа тақырып:

- Балалар, мына кейіпкерлерді сендер жақсы танисыңдар. Қараңдаршы: сендер нелерді көріп тұрсыңдар? (қоян, қарға, кірпі, аю)

- Олар қай ертегінің кейіпкерлері? («Алма»ертегісі)

- Қоян не істеді? (Алманы көрді)

- Қарға не істеді? (Алманы жұлып алды)

- Кірпі не істеді? (Алманы қағып алды)

- Содан олар не үшін төбелесті? (Алма үшін)

- Кім оларды татуластырды? (аю)

- Ал аю оларды қалай татуластырды? (алманы бәріне тең бөліп берді)

- Жарайсыңдар, балалар! Ертегіні жақсы біледі екенсіңдер.

- Бүгінгі осы ертегінің кейіпкерінің бірі бізге қонаққа келіпті. Бұл не? (кірпі) Себеттен нелерді көріп тұрсыңдар? (алмалар)

Кірпі сендерге күзде жинаған алмаларын алып келіпті. Қараңдаршы қандай әдемі алмалар!

-Сендер алманы жақсы көресіңдер ме? Ол несімен пайдалы? (өйткені онда дәрумендер көп)

Тәрбиеші бір алманы алып, балаларға осы алманы сипаттап берулерін сұрайды. Алма қандай? Пішіні, түсі, дәмі, көлемі (домалақ, қызыл, тәтті, шырынды, үлкен)

  • Жақсы, балалар. Ал бұл алма бүтін бе? (ия)

  • Қазір мен алманы пышақпен бөлемін.

  • Мен алманы не істедім? (бөлдіңіз)

  • Алманы қалай бөлдім? (қақ ортасынан)

  • Алма енді нешеу болды?

  • Енді алма бүтін бе жарты ма? (жоқ, екі жарты болды))

  • Мынау не? (ол алманың бөліктері)

  • Алманы бөлгенде екі жарты, екі бөлік болды.

  • Енді балалар айтыңдаршы біз бүгінгі сабақта не көрдік, не білдік? (бүтін затты бөлікке бөлуге болатынын)

  • Дұрыс, балалар! Біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы да осылай аталады: «Бүтін және бөлік»

  • Біз кез келген затты екі, үш, төрт одан да көп бөлікке бөле аламыз.

Енді осыны білу үшін бүгінгі математика іс- әрекетінде затты тең екі бөлікке бөлуді үйренейікші.
- Нені үйренеміз?
Затты екіге бөлуді. (ұжымдық қайталау)
- Алдымен кез- келген затты тең екіге бөлу үшін, ол заттың қақ ортасын көзбен көру арқылы тауып алуымыз керек.
- Мына лента қандай?
Бүтін.

- Енді оны ортасынан бөлгенде неше бөлік болды?
Екі бөлік.
- Бүтін бе? Жарты ма?
Жарты. (ұжымдық қайталау)
- Екі бөлік немесе екі жарты пайда болды.

- Балалар, сендердің үстелдеріңнің үстінде мынадай түрлі- түсті заттар бар, бұл не екен? (лента)
- Енді осы лентаны екі ұшын беттестіру арқылы қақ ортасын тауып, оны қайшымен бөлеміз. (қауіпсіздік ережесі айтылады, жеке баламен жұмыс)
- Балалар, ұзын бір лентадан неше лента шықты?
- Енді бір бөлігін көрсетіңдерші.
Лента тең бөлінді ме?
Жарайсыңдар, балалар!

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ 

 

Балалар өткен тақырып бойынша және таныс ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді


































Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Қане жолды жазайық
1,2,3 ал көкке ұш
4,5,6,7 анау ауыл шеті
8,9,10 кел ордаңа қон.

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

- Енді тақтаға бір сәт назар аударайықшы.
- Балалар, мына суреттерде ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Балалар, айналадағы барлық заттар екіге бөлінгенмен,- жарамсыз болып қалатын заттар да кездеседі.
- Сондай - ақ ойыншықтарды ортасынан бөлсек не болады? (жарамсыз болады)
- Киімдерді?
- Ал, ыдыс - аяқтарды ше, бөлсек бола ма? (жоқ)
- Дұрыс, жарайсыңдар. 
- Балалар, енді біз бір ойын ойнасақ?

Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз.Сендерге сабақтың басында мен түймедақ гүлдерін бергем: ақ түймедақ гүлі бар балалар бір топ, сары түймедақ гүлі барлар екінші топ болып бөлініңдер.

(тақтаның алдында бір үстелге қағаздан қиылған бүтін фигуралар қойылады, ал екінші үстелге әр түрлі заттардың екі бөліктері жатады: алма, саңырауқұлақ, торт, өрік т.б.)
Ойынның шарты: Дидактикалық ойынның аты «Екінші жартысын тап» І топқа үстелдің үстіндегі заттардың жартысын тауып, бүтін қалыпқа келтіру тапсырылады, «Екі бөлікке бөл» ІІ топқа керісінше берілген геометриялық фигураларды тең екі бөлікке бөлу тапсырылады.
- Балалар, бүгін біз математика оқу іс- әрекетінде нені үйрендік?
- Қандай заттарды бөлдік?

  • Бүтін бір заттан не шығады?
    - Барлықтарың да сабаққа жақсы қатыстыңдар. 

  • Сабаққа жақсы қатысып, барлық жауаптарға дұрыс жауап бергендерің үшін мен сендерге алмаларды беремін. Бірақ менде алты алма ғана, ал сендер он екісіңдер. Қалай мен барлығыңа алмаларды жеткіземін?

  • Ортасынан тең бөлейін бе?

  • Сонда алты алманы тең бөлсем он екі балаға жарты алмадан барлығына тең бөлінеді. Солай ма, балалар?

  • Жарайсыңдар, балалар! Біз бәріміз бір сыныпта оқимыз, біз доспыз, солайма? Сондықтан бар нәрсемізді тең бөлісіп , тату болайық.

  • Осымен сабағымыз аяқталды.

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Алған білімдерін естерінде сақтайды, өмірде қолдана алады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену 

 Математикалық тапсырмаларды орындай алады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее