«Зима 2025»

Математикалық регата

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Математика пәнінің мұғалімі-Аимаганбетова Акбота Кайыржановна Тақырыбы: Математикалық регата Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Регата тапсырмаларының ерекшелігін үйрету. Математикалық регатаны өткізу ережелері: 1. Регатаны өткізуші координатор тағайындалады. Координатаның рөлі: мазмұны мен қиындығы бойынша әртүрлі тапсырмаларды іріктеп құрастыру. Ол ойынның жүру процесін басқарады, есептің берілген уақытта шығарылуын қатаң бақылайды, жұмыстарды жинап, әділқазылар алқасына тапсырады. Берілген тапсырмаларды талқылап, дұрыс шешімін көрсетеді. 2. Әділқазылар алқалары алдын ала анықталады және 6 адамнан тұрады. Әділқазылар бөлек бөлмеде отырады және жұмыстарды екі-екіден жұптасып тексереді. 3. Командалар-4 адамнан құралады. Әр үстелге нөмірлері бар карточка қойылады және сол нөмір олардың коды болып табылады. Әр турдың тапсырмалары бөлек парақта жазылады және оларды координатор үлестіреді. Оқушылар параққа барлық ойлары мен шешімдерін жазуы тиіс, бөлек қағаздар қолдануға рұқсат етілмейді. Әр парақта үстел нөмірі (код) және тапсырма нөмірі жазылады. Мысалы: 1.1-бірінші тур, бірінші тапсырма. 4. Регатаның ережесі: 3 турдан тұрады және әрбір турда 3 есептен беріледі. Тапсырмалар логикалық есептерден құралған. Тур Уақыт Әр есептің ұпай Барлық ұпай 1 тур 10 минут 6 ұпай 18 ұпай 2 тур 15 минут 7 ұпай 21 ұпай 3 тур 20 минут 8 ұпай 24 ұпай Барлық турдың максималды ұпайлары саны 63 ұпай Тапсырмалары: 5-6-сынып І тур. 1.1. Балмұздақтың 5 бөлігі су, 2 бөлігі майлы сүт, 3 бөлігі қанттан тұрады. 1кг балмұздақ дайындау үшін қанша су, майлы сүт және қант керек? 1.2. Жарысқа 117 спортшы қатысты. Ондағы ұлдардың саны қыздардың санынан 39-ға артық. Жарысқа неше ұл бала қатысты? 1.3. Жолда келе жатқан екі машинаның арақашықтығы 200км. Машиналардың жылдамдығы 60км/сағ және 80км/сағ. 1 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болады? ІІ тур. 2.1. Спорт клубына 80 кішкентай және үлкен доп сатып алынды. Олардың үлкенінің саны кішкентай доптың санынан 4 есе кіші. Неше үлкен доп, неше кішкентай доп сатып алынды? 2.2. Қосындысы 69-ға тең үш тізбектес санды табыңдар. 2.3. 3 таяқтың неше ұшы бар? 4 жарым таяқтың неше ұшы бар? ІІІ тур. 3.1. Аулада қаздар мен торайлар жайылып жүр. Бала олардың бастарын санағанда 30, аяқтарын санағанда 84 болды. Аулада неше қаз, неше торай жайылып жүр? 3.2. Тіктөртбұрыштың периметрі 54см-ге тең. Оның ұзындығы енінен 5см-ге артық. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар. 3.3. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа туады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа туады? Қорытынды: Әр турдың қорытындысы бойынша әділқазылар мүшелері нәтижесін айтып, регета қорытындысы бойынша марапаттау дипломдары беріледі.
Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Математика пәнінің мұғалімі-Аимаганбетова Акбота Кайыржановна


Тақырыбы: Математикалық регата


Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Регата тапсырмаларының ерекшелігін үйрету.

Математикалық регатаны өткізу ережелері:

1. Регатаны өткізуші координатор тағайындалады. Координатаның рөлі: мазмұны мен қиындығы бойынша әртүрлі тапсырмаларды іріктеп құрастыру. Ол ойынның жүру процесін басқарады, есептің берілген уақытта шығарылуын қатаң бақылайды, жұмыстарды жинап, әділқазылар алқасына тапсырады. Берілген тапсырмаларды талқылап, дұрыс шешімін көрсетеді.

2. Әділқазылар алқалары алдын ала анықталады және 6 адамнан тұрады. Әділқазылар бөлек бөлмеде отырады және жұмыстарды екі-екіден жұптасып тексереді.

3. Командалар-4 адамнан құралады. Әр үстелге нөмірлері бар карточка қойылады және сол нөмір олардың коды болып табылады. Әр турдың тапсырмалары бөлек парақта жазылады және оларды координатор үлестіреді. Оқушылар параққа барлық ойлары мен шешімдерін жазуы тиіс, бөлек қағаздар қолдануға рұқсат етілмейді. Әр парақта үстел нөмірі (код) және тапсырма нөмірі жазылады. Мысалы: 1.1-бірінші тур, бірінші тапсырма.

4. Регатаның ережесі: 3 турдан тұрады және әрбір турда 3 есептен беріледі. Тапсырмалар логикалық есептерден құралған.


Тур

Уақыт

Әр есептің ұпай

Барлық ұпай

1 тур

10 минут

6 ұпай

18 ұпай

2 тур

15 минут

7 ұпай

21 ұпай

3 тур

20 минут

8 ұпай

24 ұпай

Барлық турдың максималды ұпайлары саны

63 ұпай


Тапсырмалары:

5-6-сынып

І тур.

1.1. Балмұздақтың 5 бөлігі су, 2 бөлігі майлы сүт, 3 бөлігі қанттан тұрады. 1кг балмұздақ дайындау үшін қанша су, майлы сүт және қант керек?

1.2. Жарысқа 117 спортшы қатысты. Ондағы ұлдардың саны қыздардың санынан 39-ға артық. Жарысқа неше ұл бала қатысты?

1.3. Жолда келе жатқан екі машинаның арақашықтығы 200км. Машиналардың жылдамдығы 60км/сағ және 80км/сағ. 1 сағаттан соң олардың арақашықтығы қандай болады?


ІІ тур.

2.1. Спорт клубына 80 кішкентай және үлкен доп сатып алынды. Олардың үлкенінің саны кішкентай доптың санынан 4 есе кіші. Неше үлкен доп, неше кішкентай доп сатып алынды?

2.2. Қосындысы 69-ға тең үш тізбектес санды табыңдар.

2.3. 3 таяқтың неше ұшы бар? 4 жарым таяқтың неше ұшы бар?


ІІІ тур.

3.1. Аулада қаздар мен торайлар жайылып жүр. Бала олардың бастарын санағанда 30, аяқтарын санағанда 84 болды. Аулада неше қаз, неше торай жайылып жүр?

3.2. Тіктөртбұрыштың периметрі 54см-ге тең. Оның ұзындығы енінен 5см-ге артық. Тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар.

3.3. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа туады. 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа туады?



Қорытынды: Әр турдың қорытындысы бойынша әділқазылар мүшелері нәтижесін айтып, регета қорытындысы бойынша марапаттау дипломдары беріледі.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее