«Зима 2025»

Мейірімді жүрек

Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеуденізге қарай бойлап барады.Күннің нұрын қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп,сәуле шашуда

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру салалары : Әлеумет

Бөлімі : Өзін- өзі тану,

Тақырыбы: «Мейірімді жүрек»

Мақсаты:Балаларды игілікті істер жасау арқылы өзіне және өзге адамдарға қуаныш әкелуге болатыны жайлы түсінік беру.

Міндеттері :

Білімділік: Балаларға адамдардың игі іс-әрекеті адамгершіліктің құнды қасиеттерінің бірі екенін түсіндіру.

Дамытушылық: Балалардың бойында айналасындағы адамдарға мейірімді қамқор қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өзгелерге көмек көрсетуге, өзімшіл болмауға тәрбиелеу.

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттері : Өзгелерге көмек көрсетуге, өзімшіл болмауға,бәріне деген сүйіспеншілік

Көрнекі құралдар:көктемгі бейне,үлгі суреттер,әуен,атрибуттар, тұзды қамыр, пластмасс қасықтар,жұмыртқа, ермексаз, бояулар.

Сөздік жұмыс: күннің шуағы,мейірімді жүрек.

Қос тілдік компонент/Билингвальный компонент:балапан-цыпленок-chick, аю-медведь-bear, қоян-заяц- hare, күн-солнце- the sun, гүл-цветок- flower.

Қызметтің кезеңдері


Тәрбиеші әрекеттері


Мотивациялық түрткі

Шаттық шеңбері







Тыныштық сәті

Позитивный настрой


















Дәйексөз
















Ұйымдық іздену







Әңгімелеу

Рассказывание истории притчи

беседы


































































Шығармашылық жұмыс жеке жұмыс

Творческая деятельность

Творческая работа


Рефлекстік түзету

Рефлекторно-корректирующий


Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Күннен жылу алайық,

Жүрегімізге салайық.

Жүректегі жылуды,

Бір-бірімізге сыйлайық!

Бір-бірімізге жүрегіміздегі жылуды берейік!

Нұрға бөлену

Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеуденізге қарай бойлап барады.Күннің нұрын қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп,сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады.. Нұр жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Нұр бірте- бірте сіздің дененізден шығып, жан-жағынызға сәуле шашады.

Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға , жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсың..Енді осы Нұрды жүрегінізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегінізде.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

-Ал енді айтыңдаршы сендер қандай сезімде болдыңдар?

-Қазір қандай күйдесіңдер?


«Мейіірімді жүрек -сүйіспеншіліктің алтын ұясы»- деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

Осы кезде әуенмен Гүл кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мен түймедақ гүлімін. Қатты жел болып менің күлтешелерім ұшып кетті.Балалар, сендер маған тауып алуға көмектесесіңдер ме?

-Әрине,көмектесеміз.

-Сен ренжіме!

-Ал,ендеше балалар,біз гүлге көмектесу үшін, «Қайырымдылық жолына» шығайық.

Ол үшін көзімізді жұмып елестетейік.Күннің көзі бойымызды жылтып,самал жел бетімізден өбіп,жүрегімізге қуаныш пен бақыт сыйлауда.1,2,3 көзімізді ашамыз.

Ортада балапан жүреді.

-Балалар,қараңдар, мына жерде кішкентай ғана балапан жүр екен.

-Балапан,балапан, сен бұл жерде не істеп жүрсің?

--Мен күнге баратын жол іздеп жүрмін.

-Ендеше,біз ертегілер еліне келген сияқтымыз.Кәне, бәріміз орыс ертегісі «Мейірімді балапан» ертегісін тамашалайық.

Ерте,ерте,ертеде кішкентай ғана балапан өмір сүріпті.Ол өзінің кішкене ғана жүрегіне күннің шуағы жылыуын төгіп, жүрегін мейірімділікке толуын қалапты. Бірақ күнге қалай барарын білмепті.

Балапан: -Шіркін, күннің шуағы менің жүрегіме мейірімділік сыйласа екен. Барлық адамдар: «Балапананның жүрегі қандай мейірімді.». Мен жолға шығайын біреу жол көрсетер.

Автор:- Балапан күнге барар жолды іздеп келе жатса, алдынан аю кездеседі.

Балапан: -Аю,сен сондай үлкенсің, маған күнге баратын жолды көрсетші?

Автор: аю балапанға мұңлы түрмен қарап:

Аю:- Мен қонжығымды жоғалтып алдым.Сен маған қонжығымды тауып беруге көмектесесің бе?

Балапан: -Маған әлі жол жүру керек ,бірақ мен саған қуанышпен көмектесемін.

Автор: -Сөйтіп ,аю мен балапан қонжықты іздеп шығады.Келе жатып күннің шуағы мол бөлінген жерде,ойнап отырған қонжыққа кездеседі.

Екеуі сағынып, құшақтасады.

Балапан:- Менің жүрегім қуанышқа толып жылып кеткен сияқты..

Аю:-Рахмет! саған балапан.

Автор: - Қоян ,әрі қарай күнді іздеп келе жатады.Бір кезде алдынана қоян шығады.

Балапан: -Қоян,сен күнге қалай баратын жолды білесің бе?

Қоян:-Жоқ,кешір мені балапан,менің қолым ауырып тұр, ең алдымен маған көмектесе аласың ба, менің қолыма тікен кіріп кетті,соны алып берші.

Балапан:- Мен саған қуанышпен көмектесемін,бірақ күн ұясына кіріп кетеді ғой.

Автор:- Сөйтіп, балапан қоянның қолына кірген тікенді алып береді.

Қоян: -Рахмет ,саған балапан.

Балапан:- Менің жүрегім қуанышқа толып, тағы да мейірімділікке толған сияқты..

Автор:-сөйтіп, балапан жолға шығады. Келе жатса,алдынан, ренжіп тұрған бір қыз жолығады.

Балапан:-Сен неге ренжіп тұрсың?

Қыз бала:- Мен қалай ренжімеймін? Мейірімді балапан менің шарым ағаштың басына ілініп қалды. Сен маған шарымды алып беруге көмектесе аласың ба?

Балапан:- Әрине,әрине мен көмектесемін.

Автор:- Сөйтіп, балапан қанатын қағып, қыз балаға шарын алып береді.Ол шарды алып беріп,қыз балаға ұсынғанда оның көзінен қуаныш сезімін байқады. Балапан мұңлы көзімен күннің ұясына батып бара жатқанын байқады.

Қыз бала:- Балапан, сен неге ренжіп тұрсың?

Балапан:- шіркін, маған күнге барар жол көрсететін дос табылыр ма деп армандадым,күнге барып жүрегімді мейірімділікке толтырыайын –деп едім.

Автор:- Бұл өте кішкентай болса да,өте мейірімді,қайырымды қыз еді.Балапанды құшақтап:

-Қыз бала: -Сен ренжіме балапан сен өте мейірімдісін,сен бәріне көмектестің.Сенің жүрегін мейірімділікке толы.

Балапан:-Сен өте кішкентайсын,осының бәрін қайдан білесің?

Қыз бала: -біз бұнын бәрін өзін-өзі тану пәнінен білеміз.Бұл пән бізді мейірімділікке, достыққа,бір-біріне көмекке үйретеді.

Балапан: -рахмет саған балапан менің жүрегім мейірімділікке толы екен.

Автор:- Сөйтіп,балапан үйіне қуанышпен оралыпты.

-Ертегі не туралы?

-Балапан күнге не үшін бармақшы болды?

-Ол нелерге көмектесті?

-Ал,сендер қандай қайырымдылық іс жасай аласыңдар?

-Балапан біз гүлдің күлтешелерін тауып беруге көмектесесің бе?

Балапан бір күлтешені тауып береді.

--Балапан бізбен бірге түймедақ гүлінің күлтешелері табуға көмектес.

Көздерін тағы да жұмады.

-Балалар,мейірімді адамдар өте білімді болады.Міне,біз «Білімділер еліне» келген сияқтымыз.

1 тапсырма. ҚҰМҚ тапсырмалары.

«Жол картасын бейнеле»

2.тапсырма. Сауат ашу.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Сөз.Сөйлем құрау.

Күлтешелерді тағу.

Сергіту сәті.Балалар,мен сендерге қайырымдылық,мейірімділік жайлы сөдер айтамын.Ал,сендер, «Иә» деп жоғары қолдарыңды көтеріп шапалақтайсыңдар.

-Анамызды сыйлаймыз,

-Жерге ағаш отырғызамыз,

-Гүлге су құямыз,

-Ойыншықты жинаймыз,

-Құстарға жем беремі,

-Үлкенге құрмет етеміз,

-Мейірімді боламыз,

-Доспенен тату боламыз.

-Ал,енді ойнадық,дем алдық, күлтені іздеп табайық!

Осы кезде балапан тағы бір күлтешені тауып береді.

Шығармашылық жұмыстар.

1 үстел.Тұзды қамырдан балапанды мүсіндеу.

2 үстел. Пластмасс қасықтардан

түймедақ гүлін құрастыру.


3 үстел. Жұмыртқаны бояп балапан жасау.




Ән: «Балапан»

Соңғы тыныштық сәті.

Қорытынды.

Қоштасу рәсімі.

Топпен ән айту

Групповое пение

Соңғы тыныштық сәті

Заключительная минутка тишиныазывание

Күтілетін нәтиже / Ожидаемый результат:

Нені біледі / Знать: Мейірісмділік,достық туралы түсінікті біледі.

Түсінуге тиіс/ Иметь: Бір-біріне көмек көрсете білу дағдыларын меңгерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері/ Уметь:Өзгелерге көмек көрсетуге, өзімшіл болмауға тәрбиелеу.

Тәрбиеші:Абильдинова С.М.

Әдіскер тексерді :

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее