«Зима 2025»

Мектеп кітапханасы –балалардың білім алуындағы, қарым- қатынасындағы, бос уақытындағы шығармашылық зертхана»

Баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.

Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Балқаш қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі

С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясы коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

(білім беру мекемесінің толық атауы)










«Мектеп кітапханасы –балалардың білім алуындағы, қарым- қатынасындағы, бос уақытындағы шығармашылық зертхана»






Орындаған:

кітапхана меңгерушісі: Байжұманова Саягүл Тұяққызы



















Балқаш қаласы

І .Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары , түрлері

ІІ .Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері.

ІІІ. Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану.

ІҮ. Кітапханашы мен оқырман арасындағы қарым – қатынастар

Зерттеудің көкейтестілігі: Баланы кітап оқуға деген ықыласын арттыру жолдары, олардың оқу барысында логикалық ойлануын қалыптастыру, сол оқыған кітабын қиялдау, сол кітап жайлы баланың мәдени сөйлеуін дамыту.

Балалар кітапханаларының негізгі функциялары жас ерекшелік категорияларын сақтап қызмет көрсету. Балалар уақытын тиімді өткізуіне тәрбиелеу барысында адамгершілік қасиеті мен педагогикалық және ақпараттық мәдениетін кітапханашы мен жас оқырманның қарым-қатынасы арқылы жетілдіру.

Зерттеудің мақсаты: Оқушы мен ата-ананы көркем әдебиет оқуға тарту, оқушымен, ата-анамен бірлескен сыныптан тыс оқулар ұйымдастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсету ;

2. Балалар кітапханасында бұқаралық жұмыстардың түрлері;

3. Баланың оқырман болып қалыптасуына творчестволық оқу арқылы кітапхананың атқаратын ролі;

4. Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту;

5. Кітапханашы мен оқырман арасындағы өзара қарым-қатынас

Күтілетін нәтиже: белгілі бағдар бейімі анық оқушы, оқушының өзіне сенімін қалыптастыру, баспасөз беттерінде оқушы шығармашылығын жариялау. Кітапхананың тұрақты отбасылық оқырмандары, ата-ананың жауапкершілік сезімін көтеруге ықпал ету , отбасылық оқу күні .

Жетекші идея: Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудің баланың оқырман болып қалыптасуының мүмкіндіктерін арттырып, шығармашылық оқу арқылы кітапхананың атқаратын қызметін қалыптастыру және дамытуды жаңа сапалық мазмұнға көтереді.

Қай кезде де кітап адамзаттың жан азығы, рухани байлығы болған. Кітапты оқу арқылы ғана біз болашақты болжап, келешегімізге кемел жол сала аламыз. Осы қағидаларға сүйене отырып, кітапханада кітап оқуға оқырман тәрбиелеудің жаңа әдістемелік бағыттары құрылады.

Кітапханадан балалар тіршілікке қажетті рухани қазынаның бәрін табу қажет. Адамгершілік қарым - қатынас, ортақ мүлікті мәдениетті түрде пайдалана білу, басқалар алдындағы жауапкершілікті сезіну, көрген, естіген, оқыған нәрселерді түсініп, талдап үйрену және өз пікіріңді дәлелдей, қорғай білу - осының бәрін балалар кітапханадан үйрену керек.

Оқырмандармен жүргізілетін жеке жұмыстардың мақсаты мен міндеттерін мынадай үш топқа бөліп қарауға болады.

1. Оқырманның жеке басына байланысты зерттеу жұмыстары, оқырман туралы мәліметтер алу, оқу мақсаты оқу ынтасының мазмұны, оқу жүйесі, кітапханалық - библиографиялық білімді игеру деңгейі т.б.

2. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлімі оқырмандардың оқуға деген қажеттіліктері мен құштарлықтарын қалыптастыру, оқырман бойында күнделікті оқуға деген қажеттілікті қалыптастырып, оқуға деген құмарлықтарын тереңдетіп, жан - жақты дамыту, көркемдік талғамын ұстау т.б.

3. Оқу мәдениетінің құрамдас бөлігі кітапханалық библиографиялық құралдарды, каталогтар мен карточкалары кітап көрмелерін т.б. оқырманның өз бетінше еркін пайдалануға мүмкіндіктер беретін және тиімді оқу жолдарын көрсететін тәсілдерді үйрету.

Осы көрсетілген міндеттердің барлығын кітапханашы жеке оқырмандармен жұмыс жүргізу арқылы іске асырады. Осы күрделі де жауапты істі жүзеге асыру кезінде кітапхананың кітаптар қорының байлығына және библиографиялық құрамдарға сүйенеді. Сондай - ақ оқу мәдениеті жоғары оқырмандар үшін жақсы ұйымдастырылған кітапхананың ашық қорының, анықтама — библиографиялық аппараттарының, кітап көрмелерінің алатын орны ерекше, балаларды оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында балалар кітапханасында кітапханалық — библиографиялық сабақтар жүргізілуі керек.

Осы орайда мектебімізде Республикалық тілдер мерекесі, Кен қопарып, мыс балқытқан өлке,Ұстаз-ұлағатты есім, Ғылыми ойлар әлемінде”,“Теңге-тәуелсіздік тұмары, «Мемлекеттік рәміздер –ұлттық мақтанышым» атты библиографиялық сабақтар өткізіліп «Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы», «Біздің Елбасы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған картотека жасалып, атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 2013 жылы «Бір ел-бір кітап акциясы» Ф.Оңғарсынованың «Дауа» аталатын жыр жинақтарын, 2014 жылы «Бір ел-бір кітап акциясы» Д.Исабековтың «Жусан исі» жинақтарын республикалық шарасы аясында елімізде жаппай оқуға ұсынылып көрмелер ұйымдастырылды. «Мәңгі қалар есімізде, қанға оралған сол жылдар» , Ер Жәнібек Бердәулетұлы 300 жыл, «Сұлу жырдың сырбаз сарбазы» атты көрмелер, пікір-таластар ұйымдастырылды.

Кітапханалық жұмыстың түрлері:

Кітапханаға оқырманды баулу да және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда үлкен атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы жүргізілетін көпшілік жұмыстар.

Кітапханада әрбір ұйымдастырылатын іс-шараны бастамас бұрын оны төмендегідей бірнеше басты кезеңдерге бөліп аламыз. Сөйтіп бағыттарды негізгі ала отырып іс-шаралар ұйымдастырылады.

1. Мақсаттылықты көздеу.

2. Жоспарлау.

3. Ұйымдастыру және даярлау.

4. Іс-шараны тікелей жүзеге асыру.

5. Күтілетін нәтижелер.

Бүгінде біздің оқырмандарымыздың өздері қабылдауына бағытталып жүргізілген іс-шаралар емес, керісінше олардың өзін белсенді түрде қатыстыратын іс-шаралар қызықтырады.

Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары :

І. Бибилиографиялық ақпараттандыру - оқырмандардың сұранысына сәйкес библиографиялық ақпаратпен жүйелі қамтамасыз ету.

ІІ. Оқырмандармен жұмыс - оқырмандардың сұранымы мен мүддесін қалыптастырып, қанағаттандыратын, зерттейтін, оқуына басшылық жасайтын және әдебиеттерді насихаттайтын кітапхананың негізгі жұмысы болып табылады.

ІІІ. Диагностикалық бағыт – жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, көрсеткішін анықтау арқылы нәтижені анықтау.

Кітап оқудың бес тәсілі:

1. Зер сала оқу. Мұндай оқу кезінде кітаппен әбден талдап танысылады да өзіндік ой тұжырымдалады.

2. Тез оқу. Бұл тәсіл кемеліне келіп жетіліп, кейде зер сала оқуға ұласады.

3. Таңдап оқу. Мәтінің кейбір бөлімдері таңдалып оқылатын тез оқудың бір түрі.

4. Алдын ала таныстық мақсатында кітапты қарап шығу. Жай көзге оқудың қарапайым түрі болып көрінетін бұл тәсілді көп адамдар меңгере алмайды.

5. Сканерлеу, яғни фамилияны, сөзді, фактіні іздеу мақсатымен тез шығу.

Жүргізілетін жұмыстың мақсаты – ұлттық рухани және интеллектуалды сілкінісінің қажетті құралы ретінде оқуға оқырмандарды тарту. Қойылған мақсатқа қол жеткізу мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады :

-Оқырманның өзін-өзі басқару арқылы әлеуметтік мәні бар ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру арқылы тәрбие жұмысында оқырманның жеке дамуын бақылау;

-Оқуға қабілеттілігінің ашылуына оңтайлы жағдай жасау ;

-Кітапханада қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқырманның өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

Осы көрсетілген үш бағыт басшылыққа алына отырып, кітапханашының жұмыс жоспары шығады.

Жұмыс кезеңдері

Тақырыбы

Мақсаты

Әрекет

Танысу

Қош келдің, жас дос

Жаңа оқырманды кітап әлеміне тарту арқылы сапалы оқырман санын көбейту;

Қызығушылығын ояту, кітаптарды іріктеу

Іске асыру

Күш –білімде,

Білім- кітапта!

Оқушыға әдебиет таңдауға, мұғалімдерге –кәсіби өсуге мүмкіндік туғызу;

Не оқимын? Қалай оқимын? Неге оқимын?-

деген сауалдарға жауап .

Қолдану

Кітап –кемел келешек

Өз бетімен кітап оқуға, өзіңе керегін таба білетін оқырман іріктеу, оқырман қажетін қана-

ғаттандыру.


Оқырмандар қажетін қанағантандыру.

Дамыту

Оқитын ел –озық ел!

Білім беру жүйесінде ақпараттық, оқырмандық мәдениетті арттыру арқылы- білім сапасына ықпал ету.

Оқығанын іске асыру , дамытуға ақпараттық-энциклопедиялық бағдар құру.


Мектеп кітапханашысы – педагогика мен психология мәселелерін ұғатын әрбір жас оқырманның жүрегіне жол таба білетін маман. Осы орайда мектеп кітапханашыларына мектептегі кітапханалық қызметтің түрлі жолдары арқылы оқырмандарға нақты жол таба міндеті жүктеледі.

Жеке оқушымен жұмыс

-таңдауын тану;

-оқығанын жинақтау;

-жеке кітапханасын байыту;

-жан-жақты дамуы.

Нысанаға алыну себебі: оқушының көркем әдебиет оқуға қызығушылығының жоғары деңгейі

Оқушы бойындағы бейімділіктерді дамыту арқылы бағдар беру, отбасының оқуға құштарлығын арттыру;

Жұмыс бағыты :Ата-ана-Мектеп-Оқушы

Жұмыс түрлері:

-жеке әңгімелер;

-диагностика;

-ішке тарту;

-тренингтер;

-өзіндік ой сабағы;

-көз жеткізу;

Жұмыс түрі: Сауалнама.

1.Қай тақырыптағы шығармаларды сүйіп оқисыз?

2.Сіздің сүйікті жазушыңыз ( ақыныңыз)

3.Біздің кітапханадағы көркем әдебиет қорымен таныссыз ба?

Ата-аналармен жұмыс түрлері.

-«Оқитын отбасы» зерттеу;

-«Үй кітапханасы» қандай болуы керек?

-Ата-ананың оқуға әсері т.б

Мұғалімдер ұжымы :

-жаңа кітаптармен мерзімді баспасөз беттерін жарнамалау ;

-әдістемелік кітаптар бұрышын ұйымдастыру;

-«поэзия шебері»

Жүсіп Баласағұн бабамыз:

«Екі кісі – кісіліктің ұстасы,

Бәрі шәкірт, екіншісі-ұстазы» деген екен.

Оқырман –шәкірт, кітапханашы-ұстаз болып өмір сүруінің осының айғағы.

Оқырманның ақпараттық іздеу қабілетін жаттықтыру баланың кітапханаға келген негізгі мақсатына – оқу барысында тұлғаның шығармашылық жағынан қалыптасуына нұқсан келтірілмеуіне кітапхана ат салысуы қажет. Балалар кітапханалары функцияларының негізгілерінің бірі – білім берушілік.Оны былайша сипаттауға болады:

- біріншіден, жалпылық және әмбебаптық, өйткені, оқу, онсыз қоғамда өмір сүру алмайтын және барлығына дерлік қажетті әлеуметтік қабілеттер қатарына жатады;

- екіншіден, базалық ретінде, себебі, оқырмандық қызмет, басқа қызмет түрлерінің-танымдық, білімдік, еңбектік, т.б. негізінде жатады;

- үшіншіден, өзгермейтін ретінде, әйтпесе ұрпақ ауысымы шексіз және білім мен тәжірибе үлестіру процесі мәңгілік жүрер еді.

Осы функцияны орындау бағыттарының бірі балалар оқуын ұйымдастыруға қатысты – балаларға кітаппен жұмыс істеу үшін қажетті ыңғайлы жағдайлар жасау – олардың құқығына сәйкес орын-жайды, жабдықтарды техникалық құралдарды ұсыну, кеңес беру және оқыту сипатындағы көмектер көрсету.

Білім берушілік функцияны орындау барысында, кітапхана көркем әдебиетке деген балалар қызығушылығының артуына ықпал еткені абзал. Жас оқырман өскен сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Кітапханамен қарым-қатынас жасауға кәсіби әдебиеттанушыларды, көркемсөз шеберлерін, әртістерді шақыру, кештер, пікірсайыстар, конференциялар, жаңа кітаптардың тұсау-кесерлерін өткізу, т.б. өте пайдалы.

Балалар оқуы: мәселелері мен шешу жолдары.

Францияның белгілі жазушысы Марсель Пруст оқуды сиқырлы кілт деп атап, кітаптың маңызын тура анықтап берді. Бұл балаға өзін қоршаған әлемнің есігін, және ең бағалысы өзінің ішкі әлемін, яғни өзін - өзі тануға көмегін тигізетін сиқырлы кілт.

Кітаптың қабылдануын толық қарастыру қажет.

Оқушы мәтін, мазмұнын қабылдайды, оқып отырған мәліметті өзіне алады, оның мазмұнын миына сіңіреді. Оқып отырған мәтін мазмұнына өз көзқарасымен қарайды: келіседі немесе келіспейді, өзі бейнесін жасайды, салыстырады және бағалайды. Жазушы оқырманды жетелейді, фантазия, эмоцияға бағытталады.

Балаларды оқуға тартудың жаңа заман әдістері.

Бүгінгі күні балалар кітапханасы жан-жақты дамыған, мүмкіндіктері кең, көп салалы құбылыс. Біздің ғасырымызда бала кезден бастап толыққанды оқырман болып үлгерулеріміз қажет, олай етпеген жағдайда, өмір оған уақыт қалдырмауы да мүмкін.

Біз кітапхана жұмысының іс-тәжірибесіне көбірек, тереңдеп ой жүгірткен сайын, олардың жан-жақтылығы таңғалдырады. Бұл заңды құбылыс. Бүгінгі кітапханалардың жұмыстарының негізгі ерекшеліктері мен белгілері олардың:

- іздемпаздығы

- жаңашылдығы

- біліктілігі болып отыр.

Міне бүгінгі С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп –гимназиясының кітапханасы уақыт талабына үндесе отырып кітапханаға, кітапқа деген балалардың қызығушылығын арттыру арқылы кітапханаға тартудың түрлі жолдарын қарастыру мақсатында жүйелі іс-шаралар ұйымдастыруда.

Кітапханаға баланы кітап оқуға тартудың әдістері бүгінде күрделі комплексті, көп аспектілі өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешуде жүйелі әдісті қолдану тиімді.

Жүйелі әдістер деп отырғаным кітапханада балалардың кітап оқуын ұйымдастыру, олардың кітапханаға жүйелі келуін қамтамасыз ету мақсатындағы маңызды шарттары мен бағыттары. Біздің кітапхана бұл бағыттар мен шарттарды мынандай бірнеше блоктарға бөліп қарап, іске асырып отыр:

1.Баланың психологиялық, интелектуальдық және мәдени дамуы көрсеткіштері (логикалық ойлау, көңіл бөлу, есте сақтау қабілеттері, шығармашылық мінез-құлық, қарым-қатынас қабілеті т.б.)

2.Балалармен жұмыс істейтін кітапханалардың негізгі қызметтері (ақпараттық, білімділік, тәрбиелік, бос уақытын тиімді пайдалану т.б.)

3. Оқырмандардың жас ерекшеліктері.

4. Кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің өзара тығыз ынтымақтастық мақсатта жұмыс істеуі.

5. Балалардың кітап оқуына оң ықпал ететін мекемелермен өзара байланыс.

6. Ата-аналармен жұмыс.

Балалармен жұмыс істейтін кітапханаларды негізгі қызметтерін ақпараттық, білім-беру, тәрбиелік, бос уақытты тиімді пайдалану.

Ақпараттық қызметті - бұл балаларға ең қажетті ақпараттарға -энциклопедия, ғылыми-танымдық әдебиеттер, мерзімді басылымдар, жеткізу мүмкіндігіне ие болу. Бұл жерде қордың да атқарар ролі үлкен. Ақпарат көздерін кеңінен дамыту оқырмандардың ақпараттық іздену әдістері маңызды саналатыны сөзсіз.

Қоғам талаптарына сәйкес кітапхана оқырмандарынан жұмыс жүргізу барысында жеке бастың адамгершілік тұрғысынан дамуын көздейді. Жеке адамның, қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет қағидаларды, ережелерді рухани байлықтар жүйесін меңгеруіне көмектеседі.

Осы жолда балаларға жан - жақты тәрбие беріп, адамгершілік, имандылық қасиеттерін дамытуда, кітап оқудың маңызын көтеру міндеті жыл санап арта түсінуде. Отанын, туғанын жерін сүюге, олардың білімпаз болуына, мінезі мен сезімінің қалыптасуына айрықша көңіл бөліп, оқырманның бос уақытысын тиімді ұйымдастыру - әрбір кітапхана қызметкерінің міндеті. Баланың тәрбиесі тек жан - ұялық жеке іс болуымен қатар ол бүкіл қоғамымыздың терең шұғылданатын ісінің бір тұтас бөлігін айналды.

Білім-беру қызметін іске асыруда балалардың көркем әдебиетке қызығу белсенділігін арттыру өте маңызды. Бұл оқырман есейген сайын күрделене түсетіні белгілі. Бұл жерде кітапхананың басты көмекшісі әрине – кәсіби әдебиетшілер, жазушылар, көркем-сөз шеберлері, өнер саңлақтары.

Тәрбиелеу қызметі. Ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын рухани тәрбие жұтаңдығы психологиялық білімнің және әдістемелердің жетіспеушілігі бала тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да кітапханашыға көркем әдебиеттегі және өнердегі үлгі өнегелерді тани біліп балалармен жоғары эстетикалық және этикалық қарым-қатынас жасай білуге қол жеткізуі өте маңызды саналады.

Кітапханада өткізілетін әрбір іс-шара тәрбиелік тұрғыдан орын алатыны белгілі. Кітапхана табалдырығын аттаған әрбір оқырманмен кітапханашы арасындағы тіл табысу, түсінушілік әңгімелері: «олардың ықыласпен күтіп алып, көмек көрсетуге әзірлігін білдіру» кітапхананың басты ұраны.

Бұл біздің - кітап таңдауға көмегіміз

- көрмелермен таныстыру

- бірлесіп кітап таңдау және талдау жұмыстары.

Ата - аналармен жұмыс істеу

- Баланы құрсақтан тәрбиелеу (кәсіби басылымдарға сүйене отырып)

«Ата-аналарға арналған кеңес»

- балалар - бақшасы

«Театр киім ілгіштен басталады» демекші, баланы кітап оқуға баулу ананың құрсағынан басталады. Кейінгі кезде қалыптасқан «Білім мектептен басталады» деген көзқарас қайта ойлауды қажет етеді. Бұл үрдіс отбасынан басталуы керек. Мектеп тек оқуға және жазуға үйретеді. Менің айтайын деп отырғаным, кітапқа деген сүйіспеншілік, кітап оқу әдеті, кітап оқудан алатын қанағаттанушылық және кітапсыз өмір сүре алмауға баулу. Бұл мектептің негізгі міндеті болып саналмайды. Керісінше нағыз «отбасылық қызмет». Барлығы ерте балалық шақтан басталуы тиіс.

Кітапханада «бос уақытты тиімді пайдалану» қызметі. Кітапхана өз іс —тәжірибесінде «бос уақытты тиімді пайдалану» қызметін 3 бағытқа бөліп қарайды.

1. Бос уақытта баланың еліктейтін әдебиеттерін оқытуды көздеу.

2. Оқырмандар арасында қызықты және пайдалы шығармаларды, қолөнер жұмыстарын коллекция және т.б. жасауды дамыту.

3. Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысу .

Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеуде олардың әдебиет жанрларына қызығушылығын қолдау да маңызды. Мұны ашық кітап сөрелеріндегі көрнекіліктер және түрлі - түсті кітап көрмелерінің көмегімен іске асыруға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының кітапқа құмарлығын ояту олардың алдағы өмірде жақсы дамуына жол ашады.

Сондықтан, бастауыш сыныптардан бастап балаларды түрлі ақпарат көздерін пайдалануға үйрету өте маңызды. Мектеп жасындағы балалардың ой-танымын қалыптастыру үрдісі олардың болашақ өмірінде үлкен роль атқарады. Сондықтан да, кітапханада жасөспірімдердің кітап оқуын ұйымдастыруда өзі оқыған шығармаларындағы кейіпкерлерге баға беру, пікір айту, оларға үлкен әсер етеді.

Кітапханашы мен оқырман арасындағы қарым - қатынастар Қарым - қатынас психологиясы Тұлғаның әлеммен қарым — қатынасы әрқашанда психология майталмандарының қаперінде жүретін мәселе. А.С.Макаренконың ойынша, адамды тәрбиелеу дегеніміз, ең алдымен, оның болмыстық қатынастарын тәрбиелеу. Американдық эксперт Пауль Вацлавиктің коммуникациялық фундаменталды принципіне сәйкес, адамдар арасындағы қатынас негізгінен екі деңгейде жүреді: мазмұндық деңгейде және қатынастық деңгейде, сонымен бірге соңғысы алғашқысын айқындап береді.

-Кітапханашы мен оқырман арасында жақсы қатынастар, бұл мазмұнды қарым - қатынасқа жағдай жасайды; қарым - қатынас жасаушылар бірін - бірі тыңдауға қабілетті, хабарламаларды қабылдауға дайын және т.с.

Кітапханашының оқырманға деген қарым - қатынасы жылы шырайлы, бұл қатынастың негізінде кітапханашының оқырман қажеттілігін дұрыс пайымдай білуі жатыр. Осының бәрі қарым - қатынас мазмұндылығын қарастырады.

Жас ұрпақтың ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызушылығын қалыптастыруда кітапхананың қызметі өте зор.

Яғни мектеп кітапханасында, балалар кітапханасында тіл мерекесіне байланысты жиі шаралар ұйымдастырулар болса нұр болар еді.

Жастар біздің болашағымыз. Келешекте қоғамға білімді, жоғары зерделі жастар кажет.

Адамның рухани байлығы - ең алдымен оның білімділігі, ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, эстетикалық жағынан дамыған жеке танымдық ой - өрісі.

Рухани байлық әдет - ғұрып пен дәстүр, сана мен намыс, отан сүйіспеншілік және интернационализммен байланысты, ұлттық сезімдерді дамытуға жәрдемдеседі.

Жас жеткіншек өзінің білімге, рухани қатынастарға құмарлығын қанағаттандыру мақсатында күнде қажетті білім мен тәртіп алып отырады. «Бала бақыты - білімде», Білім бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. Ал, білімнің бас құралы - кітап, дейді оқымысты А.Байтұрсынов.

Баланың қоршаған ортаға бейімделуі, өзін - өзі тануы, өзіндік тануы жетілуі, өзіндік әлпеті тек аула, отбасы, теледидар, бейнефильмдер ғана емес көбіне кітап оқуменен байланысты.

Кітап оқу - кітапхана үшін ең жақыны, ең қызықтысы және ең әсерлісі. Балаларды кітап оқуға тарту — жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой - өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып саналады. Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас ажырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан - азығы кітапқа деген қызушылығын арттыру, қадір - қасиетін ұғымдыру. Кітап оқу ерекше ден қоюды, ынта жігермен оқуды керек етеді, яғни оқырман ой еңбегімен шұғылданады. Бала кітапты оқып, өз ой елегінен өткізіп мазмұнын жеке түсінгенде ғана ондағы оқиғаларды ішкі жан дүниесімен көріп, сезінеді.

Оқу жылы ішінде балалар кітапханаға негізінен мектеп бағдарламасы бойынша тапсырмалар (реферат не болмаса мектеп бағдарламасы бойынша әдеби кітаптар) орындауға келеді. Бұл кітапханамызда өткізген «Кітапты таңдау себептер» атты зерттеудің қорытындысын дәлелдей түседі. 58 пайыз оқырмандарымыз кітапханаға үй тапсырмасын орындау үшін келеді екен. Әлбетте, оқушының кітапханаға келуі жаман емес. Бұл кітапхана оқушының сенуіне дәлел. Кітапхана мектеп үшін үй тапсырмасын тез әрі шапшаң орындайтының қосалқы мекеме болмауы керек. Әрине, мектепте берілген тапсырманы орындау үшін де оқушы кітапханаға келеді, ізденеді, оқиды, кітапханашының көмегіне сүйенеді. Белгілі пәндер бойынша ілім – білім алады. Бірақ, оқырманның ақыл - ойы, шығармашылық қабілетінің дамуы өз еркімен кітап таңдап алып, оқуынан басталады.

Дегенмен, кітапхананың негізгі қызметі мен міндеті бұдан ауқымдырақ:

1. Баланың кітапқа және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру;

2. Баланың кітап оқу мүмкіндіктерін арттыру, кеңейту;

3. Оқырман қызушылығын қалыптастыру.

Біз қашанда бала оқуының шығармашыл және мұқиятты болуын естен шығармауымыз қажет. Бұл жерде кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу маңызды роль атқарады: оқырманның кітапты өздігінен дұрыс таңдай білуінен оны сауатты игеруіне дейін, оқыған кітабына талдау жасау білуі, мектепте, өз қатарластарымен, үлкендермен қарым - қатынас жасағанда қолдана білуі.

Кітапхана үшін келешек саналы оқырман ақпаратты сауатты, білікті маман, өз ойын еркін жеткізе білетін, зерделі азамат және саналы ата - ана.

Кітапхананың ең жақсы жарнамасы да оқырман! Олар қашанда кітапханашыға шығармашылық бағыт беріп, шабыт беріп, жұмыстың жаңа түрін ойлап табуға, үнемі ізденісте болуға мәжбүр етеді.

Оқырман кітапханға ең алдымен кітап оқу үшін келеді. Заман талабына сай балалар кітапханалары да кітапханаға оқырмандарды тарту, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатымен жаңа жұмыс түрлерін ұйымдастыруда. Отанын туған жерін сүюге, білімді болуына, мінезі мен сезімнің калыптасуына айрықша көңіл бөліп, оқырманның бос уақытын тиімді ұйымдастыру - әрбір кітапхана қызметкерінің міндеті. .

Әр адамның оқырмандық қызметі қазіргі қоғамның қажеттіліктерімен және жеке өзінің талаптарымен бірге қайнасып, оны қоршаған әлеуметтік ортамен жеке басының оқуға деген талап - тілектеріне қарай дамиды.

Оқырман оқуына жетекшілік ете отырып және олардың оқуға деген қажеттіліктеріне қанағаттандыра отырып - кітапхана идеологиялық, мәдени - ағарту, ғылыми - информациялық мекеме ретінде өз рөлін жүзеге асырады. Кітапхананың біздің қоғамымыздың негізгі мақсаты әлеуметтік -экономикалық өркендеуді жеделтетуге, балалардың жан - жақты дамуына, әлеуметтік белсенділігін арттыруға көмектеседі, оқу мәдениетін қалыптастырады. Кітапты оқырманға «жақындата» білетін адам. Тек қана кітапханалық мақсат міндеттері арқылы біз оқу мен кітап әрқашан балалардың, оқытушылар мен ата - аналардың назарынан тыс қалмайтынына сене аламыз.

Бүгінгі балалар кітапханасы - жас ұрпақ үшін үздіксіз қызмет атқарушы. Көптеген балалар жақсы сөйлегеніменен, белгілі бір мәселе төңірегінде өз ойын ортаға салу, пікір таласу кезінде ойын толық жеткізе алмай қиналады. Баланың сөздік қорын молайту, шешендік өнерге баулу мақсатында «Өнер - алды қызыл тіл» байқауын ұсындық. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушылары үздіксіз,үнемі кітапханамен тығыз байланыста.

Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық жетегіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін демекпін. Біз жас ұрпақ санасының нәрлі болуы үшін, қазақы құндылық пен әдеп ибаны қалыптастыруда тек қымбат қазынамыз кітап арқылы ғана әсер ете аламыз.

Кітап оқу - кітапхана үшін ең жақыны, ең қызықтысы және ең әсерлісі. Балаларды кітап оқуға тарту — жас ұрпақтың ұлттық рухын биіктетіп, мәдениеттілігі мен ой - өрісінің дамуына ықпал жасайтын негізгі бағыт болып саналады. Кітапхананың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі, жас оқырманның таусылмас қазынасы, мәңгілік жан - азығы кітапқа деген қызушылығын арттыру, қадір - қасиетін ұғындыру. Кітап оқу ерекше ден қоюды, ынта жігермен оқуды керек етеді, яғни оқырман ой еңбегімен шұғылданады. Бала кітапты оқып, өз ой елегінен өткізіп мазмұнын жеке түсінгенде ғана ондағы оқиғаларды ішкі жан дүниесімен көріп, сезінеді.

Кітапқа деген сүйіспеншілігін тудыру әрбір кітапханашының борышы. «Жастарымыздың салт — дәстүрімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын бағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс» - деген Н.Назарбаевтың сөзімен аяқтасам түсінікті болары сөзсіз.

.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее