«Зима 2025»

"Мен өз елімнің патриотымын" шығарма

"Мен өз елімнің патриотымын" шығармасы. Яғни оқушылар шығарма жазуда қолдануға болады

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

«Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды»- деген Байронның сөздерімен  өз жұмысымды бастағым келіп отыр.  Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған -туыс, жора-жолдастың   кіндігінен қан тамған туып-өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан қалам бар.  Егер менен  сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер  едім. Өйткені Балқаш қаласы -  ең әдемі, көлімен барша елді тамсандырған, самал желі ескен  өлкем.

Менің өлкем мен үшін ең ардақты,
Бар жылуын, махаббатын сусындатты.
Менің жерім мен үшін қасиетті,
Бойыма күш - жігер  нәр алдыртты.

         Әрине, жас кезіңде жер шарын аралап, жат елдерді көргің келеді. Бірақ «Өз туған еліңді ұмытпа. Алыста білім алсаң да, көп нәрсеге үйренсең де, туған жеріңе оралып еңбек етуің керек» деп атам ылғи айтып отыратын. Өйткені атам Ұлы Отан Соғысының тәлкегіне түсіп,  қаншама жерді, қаншама елді жауларынан босатуға қатысып, Ресейде білім алса да, өз еліне келіп алған білімі мен тәжірибесін жаратқан адам еді. Мен  әлі 6- сынып оқысам да,  алтын ұя мектебімді аяқтап, үлкен өмірге жол ашатын мамандық таңдау . Өйткені өз Отанымды көркейтіп, дамыту үшін барлығын жасағым келеді. 
Атақты Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев сынды ағаларымыз сынды ұлдарын жаратқан ұлы мекеннің мерейін ары қарай өсіргім келеді. Мен – болашақ үлкен мамандық иесімін, өмір атты керуеннің бір жолаушысымын.
Қалаған мамандығымның соңына түсіп, өмір - керуен қайда жетелесе – сонда жол тартпақпын. «Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың  ақыны Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған қаламды тастап басқа қалаға кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі. Туып-өскен жерім туралы толғанып, ой жетегіне берілген шағымда үнемі Бәкір Тәжібаев жырлаған  мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: 

Қайда жүрсем, туған жерім,
Сен есімнен шығармысың!
Жастық дәурен құрған жерім,
Көз алдымда тұрармысың!

        Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен - ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал - мәтелдерден, аңыз- әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Айпырай! Туған жер - ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым – ай

Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, - деп ақиық ақынымыз М. Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып - өскен мекенін қастерлей, оның тыныс - тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал – ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағын   бәрінен артық көруге хақылымыз. Туған жердің бір түйір тасы да жаттың ат басындай алтыннан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс.

Мен өз елімнің патриотымын, себебі мен Отанымды , туған халқымның тарихын, ана тілін, салт - дәстүрін, Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін, дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар – ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық.  
«Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй, сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.

Конец формы


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее