«Весна — лето 2024»

Менің өмірімдегі батыр

Ұлы Отан соғысына жеңісіне 75 жыл болғанына арналған шығарма.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки





Менің өмірімдегі батыр

Міне,бүгін батырды жырлап жатыр,

Сол атамның нақылымен таңыңды атыр,

Сол батырды жырлау керек қашанда,

Себебі, ол айбарлы нағыз БАТЫР!

Бауыржан Момышұлы

Ұлы Жеңіс! Адамзат – өмірін ұлы қайғыдан, адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы соғыс деген азаптан құтқарған Жеңіс – бұл! Міне биыл Ұлы Жеңіске – 75 жыл. Осы Жеңіс жолында от кешіп, ерлігімен танылған адамдарды әркез есте сақтау - парыз .Ұлы отан соғысы- адам баласының адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі, аярлығы, зымиян ойлылығы мен озбырлығынан басталды.Қаншама адам жақындарынан айырылды? Соғыс жылдары қаншама туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде жерленді?

Міне солардың ішінде менің әкемнің атасы- Құлес Иманқұлов. Құлес атамның мінезі тік, қайсар, ержүрек болса, Соғысқа аттанған кезінде Құлес атам небары 21 жаста болды.Сөйтіп 1942 жылдың 8 маусымы күні әскер қатарына шағырылып, Чкалов қаласының батысында орналасқан кіші командирлер дайындайтын қысқа мерзімді курстан өткеннен кейін алғы шепке кетеді.Сөйтіп, Құлес атам 114 – ші ерекше атқыштар батальонында барлаушы болып, талай рет жау тылында болып «тіл» де алып келеді.Соғыс кезінде хат келіп тұратын еді. Хатта немістермен қалай шайқасқандарын және қызықты жерлерін жазып тұрған. Бір күндері олар тұтқынға түсіп қалған еді. Тұтқыннан түнде шабуыл жасау арқылы қашып шығып, өз қатарластарына қосылған. Осы жөнінде хатқа жазған болатын. Бір кездері хат келмей кетеді.

Сөйтіп соғыс 1945 жылы жеңіспен аяқталды. Өкішке орай олар оралмады.Бірақ мен үшін соғысқа қатысудың өзі- үлкен ерлік. Мен аталарымды мақтан тұтамын.Олар елі үшін, жері үшін , болашақ ұрпағы үшін жауға қасқайып қарсы тұрды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, бүгінгі ұрпаққа жайма- шуақ өмірді сыйлаған батырларымызға алғысым шексіз. Тарих көші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар бар. Соның бірі- әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиеті. Замандастар Еңбек және Соғыс ардагерлеріне тағзым етейік. Олардың ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
















Шығарма «Менің өмірімдегі батыр»



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее