«Зима 2025»

Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.

№3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.

Топтық тапсырма. Топтарға кеспе қағаздар тартылады.

Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Қызықты тапсырма.

1топ: Сахналау ( отбасы туралы)

2топ: Сурет салу (отбасы)

3 топ: Тақпақтар айту (отбасы мүшелері туралы)

4 топ:Әндер шырқау (отбасы мүшелері туралы)

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Пәні: Сауат ашу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Менің отбасым және достарым

Күні:

Сынып: 1ә


Сабақтың тақырыбы

Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.

1.1.4.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша болжау.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану

1.2.1.1 Сөз /сөйлем сызбасын оқу.

1.3.8.1 Жазу жолын,жоларалақ кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап,әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Менің отбасым. Ұ дыбысы мен әрпі туралы білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Ұ дыбысы бар сөздерді қолданып сөйлем құрайды

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Сөздерді буындап , тұтас, түсініп, сөз және сөйлем сызбасын оқи алады.

Әріп элементтерін талаптарға сай жаза алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, музыка сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , теледидар, ноутбук

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

4 минут


Аққу болып ұшамыз

Көлге келiп қонамыз

Көлдiң бетiн құшамыз

Қайта самғап ұшамыз.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп , бір-бірімізге тілек айтайық.



Шаттық шеңбері







Алдыңғы оқу

5 минут


«Достық қадам» әдісімен, әр оқушы кезекпен қ әрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздер қайталанбау керек.



Топқа бөлу

2 минут

Түрлі-түсті асықтар арқылы топқа бөлу.

1 топ – Ұстамды

2 топ – Ұшқыр

3 топ - Ұқыпты

4 топ - Ұтымды


Сабақ мақсатымен таныстыру.


Асықтар

Сабақтың ортасы

8 минут



«Ұ» дыбысы және әрпімен таныстыру.

«Ұ» - ның дуысты екенін, оның сөз басында , ортасында келу үлгілерін көрсету. Таңбасын үйрету. «Ұлу» сөзіне талдау жасау.

Суретпен жұмыс.

1 Суреттегі «ұршық», «ұшақ», «ұста», «мұғалім», «ұстаз», сөздеріне назар аудартып, қай дыбыс жаңа екенін анықтау.



Әр отбасы мүшелеріне тиесілі заттарды сурет арқылы болжау.

Суреттерді байланыстырып сөйлем құрастыру.


2 Оқылым

Сөздерді буындап, тұтастай оқу. Сөздердің мағынасын ажырату.

Ұр ұн ұт ұш ұста ұршық ұнтақ ұтқыр ұшақ ұсақ құлын құрақ ұран құмыра Нұрлан құлан құлақ Ұлан құмырсқа Ақнұр



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс












Суреттер

















Оқулық

Сергіту сәті

3 минут

Бейне баяндағы музыкалық дене қимылдарын қайталап билейді.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

10 минут


3 Сызба және сөздермен мәтінді оқы.

Топтық тапсырма. Топтарға кеспе қағаздар тартылады.

Сөйлемді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.


Қызықты тапсырма.

1топ: Сахналау ( отбасы туралы)

2топ: Сурет салу (отбасы)

3 топ: Тақпақтар айту (отбасы мүшелері туралы)

4 топ:Әндер шырқау (отбасы мүшелері туралы)


Дәптермен жұмыс.

Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыру. Көркем жазуларын қадағалау


Өткен сабақты пысықтау.

«Ыстық микрофон» әдісі.

Оқулық, дәптерлер.

Кеспе қағаздар






Ұнтаспа











Микрофон

Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. «Жұлдызшалар» арқылы бағалау.

«Бағдаршам» кері байланысы.



Жұлдызшалар





Үлестірмелі қағаздар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее