«Зима 2025»

"Менің отбасым және мен" сынып сағаты

2-сыныпта оқушылармен өткізілген сынып сағатының жүргізілу жоспары

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Менің отбасым және мен


Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген- тон пішер» , «Ата – бәйтерек, бала - жапырағы», карточкалар, мультимедиалық проектор


Түрі: танымдық сайыс, пікір талас


Барысы:


І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу


Мұғалім: Құрметті оқушылар! Бүгін біз «Менің отбасым және мен » тақырыбындағы сынып сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.


Ал енді балалар өздерің осы тақырыпта не айта алар едіңдер? Қане бәріміз өз отбасымыз , ондағы сенің орның жайлы пікірлесейік.


«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табайық.

.Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.

  1. Атаға қарап - ..............., анаға қарап - ..................

  2. Ананың көңілі балада, ..........................

  3. Ата-ананың қадірін - ................................

  4. атаның баласы болма,............................. ( халықтың баласы бол)

  5. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

  6. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

  7. ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

  8. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

  9. Туған үйдің түтіні жылы, ..............................( туған ананың күтімі жылы)

  10. Анаңа ауыр сөз айтпа, ...............................( артыңа ауыр жүк артпа)

  11. ............ – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

  12. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)


«Сөз тапқанға .....» деп аталады.

Берілген әріптерден басталатын создермен жауап бересіздер.

І топ

1.Тілді қадірлейсіз бе?

2. Орысша сөйлеуге қызығасың ба?

3. Мерекеге қандай киім киесіз?

4. Кітап оқығанды ұнатасың ба?

5. Лотореядан акша ұтсаңыз, не істейсіз?

6 Достарың кімдер, коп пе?

7 Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

8 Түнде аспанда не болады?

9 Баланың бас ұстазы – ата-ана ма?

10 16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?

ІІ топ

  1. Тіл сүйектен өте ме?

  2. Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?

  3. мектепке немен келесіз?

  4. көршіңмен татусың ба?

  5. ауа райы салқын ба?

  6. Дүниедегі қымбат жан

  7. Түлкі неге қу аң

  8. Су тіршілік көзі ме?

  9. Бақыт дегеніміз не?

  10. Ит жеті қазынаның бірі ме?


Қорытынды

Бүгінгі сынып сағатын қорытынды сұрақтармен аяқтаймыз.

І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)

3. Балаға кім сыншы? (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра(

5. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)

6. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)

7. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)

8. ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды? ( 2002ж 8-тамыз)

9. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)


ІІ топ

  1. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

  2. 18жасқа толмаған адам ( бала)

  3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С.Назарбаева)

  4. Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

  5. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде ( орта)

  6. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

  7. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

  8. Үш қуаныш ( алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)

  9. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее