«Зима 2025»

Мерекелік бәліш

Тех карта открытого урока в детском саду во 2-ой младшей группе

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Тәрбиеші: Г.Ү.Зейнолла

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Мерекелік бәліш»

Мақсаты:

Б.М:  Мерекелік бәліш туралы түсінік беру,пайдалы және зиянды тағамдар туралы түсініктерін қалыптастыру;

Д.М: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдістері арқылы бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылықтарын дамыту;

Т.М: Бояу құралдарымен ұқыпты әрі таза жұмыс істеуге тәрбелеу.

Алдын ала жүргізілген жұмыс: Мерекелік бәліш бейнеленген сурет қарастыру.

Қолданылған технологиялар:  АКТ,ӨТШТ,Денсаулық сақтау технологиясы,Бағдаршам әдісі.

Көрнекіліктер: Мерекелік бәліш бейнеленген сурет, магнитті тақта, смайликтер, демонстрациялық және үлестірмелі материалдар.қоян ойыншығы,

Сөздік жұмыс: бәліш,мереке.

Билингвальды компонент: бәліш-пирог, мереке-праздник.

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтың іс-әрекеті




Мотивациялық- қозғаушылық



Шаттық шеңбері:

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

-Балалар, есімізге түсіріп өтейікші, қазір қандай жыл мезгілі?

-Қыс мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

-Қыс мезгілін ұнатасыңдар ма?

Өте жақсы балалар қыс мезгілі туралы көп біледі екенсіңдер.

Ал енді мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр, жұмбақты шеше аласыңдар ма? Олай болса мұқият тыңдаңдар:

Өзі дәмді, өзі әдемі,

Оны бәрі жақсы көреді.

Туған күнде әрдайым,

Төрден төрден орын береді.

(Торт)

-Өте жақсы балалар, жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Сендер тортты ұнатасыңдар ма? Торт мерекелік бәліш деп те атайды. Себебі ол барлық мерекенің сәнін кігізетін тағам болып саналады.

Сөздік жұмыс: бәліш,мереке.

Билингвальды компонент: бәліш-торт, мереке-праздник.


Ұйымдастырушылық-ізденістік


Ғажайып сәт.

Есік қағылады.

Есік сыртынан Қоянның ойыншығын алып кіреді. Оның туылған күнімен достары құттықтамағандықтан көңілсіз екенін айтады.

- Балалар біз Қоянға көмектесе аламыз ба?

Олай болса жұмыс үстеліне отырмай тұрып саусақ жаттығуларын жасап алайық. Қоянның сүйікті тағамы не балалар?

«Сәбіз салаты» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қант пен тұздан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).

- Біздің алдымызда жатқан мерекелік бәлішті әдемі түстерге бояп Қоянның көңіл-күйін көтерсек қалай болады? Олай болса, алдымыздағы бәлішті сурет салудың түрлі тәсілдерімен бояп, Қоянға сыйға сыйға тартайық.

(Қоян балалармен бірге суреттерді көріп, оларға көмектесіп, көңілді жүреді)

-Балалар Қоян сендермен бір ойын ойнағысы келіп тұр.

«Пайдалы және зиянды тағамдар» ойыны.

(Балалар сурет бойынша пайдалы тағамдарды бір топқа және зиянды тағамдарды бір топқа бөледі)

-Балалар қоянға өзіміздің дайындаған мерекелік бәлішімізді көрсетіп, тарту етсек қалай қарайсыңдар?

Қоян балалардын бояған суреттерін қарап, бағалайды.

Есік қағылып, есік сыртынан мерекелік бәліш пен әуе шарларын алып келеді, оның ішінде хат болып, оны Қоянға арнап достары жібергенін айтады. Қоян қуанып балалармен бірге көңілін көтереді.

Қоян балалармен бірге сергіту жаттығуын жасайды.

«Достық» әніне қимылдар жасайды.

-Балалар жұмыстарыңды аяқтасаңдар Қоянға тарту етейік.

Қоян қуанып, балаларға алғысын білдіріп, өзінің достарына кетеді.


Рефлексиялық-түзетушілік


-Балалар, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Бүгін бізге қонаққа кім келді?

Қоянға біз қандай сыйлық жасадық?

Қоян қандай тағамдарды жақсы көреді екен?

Кәмпит көп жеуге бола ма?

-Жарайсыңдар, сендерге бүгінгі оқу-қызметі қызық болдыма?

Бағдаршам әдісі арқылы кері байланыс.

Балаларға Қоянның мерекелік бәлішін таратады.

Күтілетін нәтижелер:

-Біледі: Мерекелік бәліш туралы,пайдалы және зиянды тағамдар туралы;

-Игереді: Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдері арқылы сурет салуды;

-Меңгереді: Бояу құралдарымен ұқыпты әрі таза жұмыс жасауды.

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасы















«Мерекелік бәліш»













Г.Ү.Зейнолла













2018-2019 жж

Анықтама

«Балдырған» бөбекжай-балабақшасында 07.02.2019 жылы «Балауса» 2-кіші тобында «Мерекелік бәліш» атты ашық оқу қызметі өтті. Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Ашық оқу қызметіне «Балауса» 2-кіші тобының балалары,балабақша меңгерушісі Ж.Д.Малимбаева, әдіскер И.А.Рамазанова, пән мұғалімдері және топ тәрбиешілері қатысты.

Ең алдымен балалар шаттық шеңберін құрып, апайлармен амандасып алды.

Амандасып алған соң тәрбиеші Зейнолла. Г.Ү өзінің ашық оқу қызметінің тақырыбымен балаларды және келген қонақтарды таныстырды.Балалардан қандай жыл мезгілі екенін және қыс мезгілінде ойналатын ойындар туралы сұрады. Балалар сұрақтарға жауап беріп отырды.

Балаларға жұмбақ жасырып , оның жауабының суретін тақтаға ілді. Торттың мерекелік бәліш деп аталатынын түсіндірді. Сөздік жұмыс пен билингвальді компоненнтті қайталап өтті.

Есік қағылып, қонаққа қоян келіп өзінің туған күнімен достарының құттықтамағанын айтты, балалар қоянның көңілін көтеру үшін оған мерекелік бәліштің суретін бояп сыйға тартуды ұйғарды.

Тәрбиеші балаларға жұмыстарын бастамас бұрын «Сәбіз салаты» саусақ жаттығуын жасатты. Балаларды орындарына отырғызып, суретті бояу жолдарын көрсетіп, түсіндірді.

Қоян өзінің ертегілер елінен алып келген «Пайдалы және зиянды тағамдар» ойынын ойнатты. Ортаға Василиса, Айару,Аяннұр,Алихан шығып, пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып айтты.

Есік қағылып ортаға пошташы қоянға арналған мерекелік бәліш пен әуе шарларын алып келді, ол сыйлықты қоянның ориандағы достары беріп жібергенін айтты.

Қоянмен балалар «Көңілді күн» әніне сергіту жаттығуын жасады.

Мерекелік бәліштің балалармен қоян шамдарын үрлеп өшірді.

Бағдаршам әдісі арқылы балалардың оқу қызметінен алған әсерлерін білді.

Балалар қоянмен қоштасып, шығарып салды.

Тәрбиеші барлық балаларға қоянның мерекелік бәлішін таратып берді.

Ашық оқу қызметі он жеті минутқа созылды.

«Мерекелік бәліш» тақырыбындағы ашық оқу қызметін қорытындылаған соң, балабақша меңгерушісі Ж.Д.Малимбаева және топ тәрбиешілері өз пікірін білдіріп, келесі жолға керекті кеңестерін бөлісіп, өздерінің ақыл- кеңестерін айтты.























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее