«Зима 2025»

"Музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру" атты эссе

эссе на тему: Музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру

Мұғалім-музыкант жұмысының жетістігі көпшілігінде балалармен арада орнатылған қарым-қатынас шеберлігіне де байланысты. Сыныппен жүргізілетін әр түрлі ара-қатынас тек айтылған сөзде, мимика мен қозғалыста ғана көрініс тауып қоймайды. Оның бояуының реңі тек өнер сабағына тән көптеген компоненттерден құралады: ішкі жан дүниеге әсер ететін, орындаушылық процестер кезінде, музыка тыңдағанда және музыка жайлы ой жүгірткенде туындайтын музыканың – өз тілі, сөзі, мимикасы, көзқарасы, жесттеры, үзілістері болады

Музыка мұғалімінің  оқушылармен жұмыс істеу барсында яғни музыка сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы әрбір шәкірттің музыка өнеріне деген құштарлығын қалыптастырып, эстетикалық талғамын қанағаттандыруға, музыка жөніндегі түсінігін кеңейтуге, ішкі рухани байлығының ірге тасын өз беттерінше қалауға баулу, бағыттау.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне  кіру барысында қазіргі кезде  Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс  педагогика теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе  – әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра  алатын мұғалімдерді даярлау.

 Мұғалімдерді даярлау– қай уақытта да ең  өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі. Себебі қоғамның  әлеуметтік- экономикалық  міндеттері  заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге  бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс -тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық  диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік  іс -әрекет үстінде өзіндік  даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Оқу барысында  музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап қояды.  Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлаудың негізгі мақсаты – музыка өнеріне баулу.

Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін мамандық иесі. Мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі іс. Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдындағы рөлін қарапайым, әрі нақтылы етіп айта келіп кезінде „жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін“ – деді. Я.А.Коменский. „Мұғалімнің қызметі мәртебелі“,- деп бағалады. К.Д.Ушинский “Мұғалімнің жеке басы – жастар жаны үшін ешнәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры“, – деп атап көрсетеді.

Қоғам дамуы мен адамның жеке басының дамуы бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам адамды қаншалықты дәрежеде жетілдірсе, жетілген адам қоғамды соншалық дәрежеде дамытады. Тәрбиесіз қоғам – қоғам болудан, адам – адам болудан қалады. Материалдық және рухани байлық жасап, қоғамды дамытатын адамдар. Ал адамдарды солған дайындайтын, тәрбиелейтін – ұстаздар. Олай болса мұғалім – қоғам мен қоғамды, ғасыр мен ғасырды жалғастыратын буын. Тарихты жасайтын – халық, халықтың мінезін ашып, көңілін оятатын, саяси қырағылыққа, сенімділікке, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, бауырмашылдыққа, Отаншылдыққа, азаматтыққа баулитын – ұстаз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее