«Зима 2025»

«Наурыз – мерекесі»

Подготовка и празднование весеннего праздника Наурыз. Учащиеся знакомяться с традициями казахского народа:в подготовке и проведении всенародного праздника, преготовлением блюда "Наурыз көже",с национальными играми проводимые во - время празднования.Воспитывается уважение к традициям и обрядам казахского народа и формируется духовная культура учащихся.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі сабағы: 3 сынып.

Мұғалім: Алла Бикетовна Шарыпова «Зырян қаласының №11 орта мектебі»КММ

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз – мерекесі»

Мақсаты:

1.Білімділік: Наурыз мерекесі туралы толық түсінік беру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау,қабылдау, сөйлеу және диалог мәдениетін қалыптастыру.

3.Тәрбиелік:Ұлттық салт-дәстүрді,құндылық-тарды сақтай қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, білімді жүйелеп қорыту сабағы, той сабақ.

Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезені.Психологиялық дайындық:

- Сәлеметсізбе, құрметті балалар, қонақтар!

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? Балалар ойланып айтыңдар:Бұл –көктемгі мереке,жыл басы, Жаңа жыл деп саналады?

Дұрыс: Наурыз!«Наурыз -мерекесі» атты ашық сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мереке.

- Ал, балалар! Құрметті ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мерекесімен құттықтайық!

Бата:Бір оқушы Наурыз баталарды айтып сабақтың батасын береді.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

- Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын!

Шашу: (ұлттық киім киген оқушы қыз шашу шашады)

- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

II Сабақтың мақсатын қою

1.-Наурыз мерекесі қандай ?

2. -Наурыз мерекесіне адамдар қалай дайындалады?

3.-Наурыз мерекесінде адамдар не істейді?

Біз бірнеше мәтіндермен жұмыс жасаймыз. Өзіміз үйренген сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше стратегиялық тапсырмалар орындаймыз.



ІІI. Ой шақыру: 1.-Наурыз мерекесі қандай? -1.Тыңдалым.2.Оқылым.



Мұғалім:

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл,жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурыз мерекесіне дайындалады.Наурыз күні олар киіз үй тігеді. Үйлерінде мерекелі дастарқан жаяды.Наурызкөже пісіреді. Ұлттық ойындар ұйымдас-тырады.

1.Тірек сөдерді қолданып –1,2топтар- Жай диаграмма(1-топ:Наурыз-қандай мереке?,2-топ:Наурызда-адамдарне істеді?), 3- топ -Венн диаграммасын құрғызу (Наурызды және жаңа жылды сәйкестіру).

ӀV.Оқушылардың білімдерін жан-жағынан тексеру:

2. -Наурыз мерекесіне адамдар қалай дайындалады?

Оқушы слайдтар арқылы «Наурызға қалай дайындалады?» айтады.

Адамдар Наурыз мейрамына дайындалады.Олар үйді,арықты,ауланы,көшені тазалайды.Аулаға, көшеге ағаш,гүл отырғызыды.Аталар бата береді.Әжелер наурызкөже пісіреді.Аналар дастарқан жаяды.Әртістер ән айтады,би билейді.Ал сен Наурызда не істейсің?

1.Кім жылдам! -Ойыны :ТКО –әдісі: Сөйлемдерді –суретпен сәйкестіру.

3.Наурызда адамдар не істейді?

1.Оқушы: Ұлттық ойындарды- слайд арқылы атап шығады және «Түйілген орамал» ойынды өткізеді. 3.Айтылым.

«Ұлттық ойындар».«Түйілген орамал» — ұлттық ойын.

Ойынға жас өспірімдер қатынасады. Ойын жүргізу үшін ақ орамал керек. Орамалды ортасынан түйеді.Ойынға қатынасушылар алаңға жиналады да шеңбер жасап айнала тұрады. Ойынды басқарушы тағайындалады. Басқарушы ортаға шығады да, қолындағы орамалды кез келген бір ойыншыға тастайды, сонан соң оны өзі қуады. Орамалды алған ойыншы дереу оны басқарушының қолына тигізбей басқа ойыншыға беріп үлгеруі керек. Сөйтіп, ойыншылар орамалды біріне-бірі өткізе береді. Орамалдан айырылып, қалған ойыншы басқарушының орнына шығады. Немесе орамалды ұстап алған басқарушы өз орнына басқа біреуді тағайындап, өзі ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын соңында орамалды ұстатпаған тез, тапқыр ойыншы атап өтіледі.

Қолына орамал тиген ойыншы оны тек басқа ойыншыға жоғарыдан ғана лаңтырып бере алады. Шеңберден шығуға болмайды. Ойын жылдамдықты, амал-айланы қажет етеді.

1. «Түйілген орамал» -ойынды « Наурыз» тақпақтарды айтқызып өткізу.Тақпақ айтып бір-біріне орамалды беріп үлгеру керек-ақырғы оқушыды қуады!

1-ші оқушы: Бата беріп атамыз, 
Бата беріп апамыз, 
Тәтті болып жасалған, 
Наурыз дәмін татамыз. 
2-ші оқушы: Көктем келді бүгін, 
Күнім төкті нұрын 
Сайрап барлық құстар, 
Ән салуға құштар. ) 
3-ші оқушы: Түрлі-түсті әйбат, 
Гүлдер шықты жайнап. 
Қызығып ылғи барамын, 
Қырға шықты ойнап. 
4-ші оқушы: Сәнді көктем нұрымен, 
Наурыз тойы жырымен, 
Көңіл гүлдей жайнасың. 
5-ші оқушы: Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 
6-шы оқушы: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
7 оқушы: Наурыз тойы - салтымыз, 
«Көгерсін» - деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 
8 оқушы: Сансыз көкек сұңқылдап, 
Көктем келді еркелеп. 
9 оқушы: Нәзік үнмен сыңқылдап, 
Бұйра бұлақ еркелеп, 
Көкте бұлттар күркіреп, 
Жерге төкті өрмегін. 
10 оқушы: Қар су болып жөңелді, 
Қалды дала жалаңаш, 
Күн нұрына кеңелді. 
11оқушы: Келіп көктем құстары, 
Бау-бақшада ән салды. 
Оларды жас достары, 
Ұя жасап қарсы алды. 
12 оқушы: Сүті көп те, көмірі аз, 
Болады ғой Наурыз! 
13 оқушы: Дастарханда дәніміз, 
Жайдарымыз бәріміз. 
Жарасу бар, жаулық жоқ, 
Қандай жақсы Наурыз! 
14 оқушы: Көкке бояп өңірді, 
Көктем келді көңілді. 
Бау-бақшада, орманда, 
Құстар әні төгілді. 
15 оқушы: Қарды ерітіп жылғасы, 
Наурыз келді – жыл басы. 
Шуақ төкті жарық күні, 
Мейрамында халықтың. 
16 оқушы: Балалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып. 

2.Оқушы: «Әжем Наурызкөже пісіреді.» слайд арқылы айтады:

Наурыз мейрамында әжем наурызкөже пісіреді.Анам мен әпкем әжеме көмектеседі.Наурызкөже дәмді ас.Наурызкөжеге жеті түрлі тағам салады. Олар:ет,тары,бидай,жугері,қамыр,құрт ,тұз. Ішерде наурызкөжеге айран қосады.Әжемнің көжесі өте дәмді!Наурыз көжені менің достарым да жақсы көреді.



Грамматика блогы: 4. Жазылым .

1.Етістіктерді жиктеу:1-топ: Билеу,отырғызу.

2 –топ:Ішу,дайындалу.

3-топ::пісіру,айту.

Қарым –қатынас әдісі: Бір-бірін тексеру.Баға кестесін қолданып:

Әңгімелесу:



2.Диалог:1-3 топтар 5. Тілдесім:

«Наурыз»-сөйлесу.

Сұрақтар:1.Наурыз мейрамы қай жыл мезгілінде тойланады?

2.Наурыз мейрамы қайда тойланады?

3.Наурыз мейрамы қалай тойланады?

Жауаптар:1.Наурыз мейрамы көктем жыл мезгілінде тойланады.

2.Наурыз мейрамы алаңда және үйде тойланады.

3. Наурыз мейрамы көңілді, бір-бірін құттықтап ,дастарқан жайып тойланады.





«Наурызкөже» -сөйлесу.

Сұрақтар:1.Сен алаңға Наурыз мейрамына бардың ба?

2.Сен наурызкөже іштің бе?

3.Наурызкөже неше тағамнан жасалады?

Жауаптар:1.Мен Наурыз мейрамға алаңға бардым.

2.Мен наурызкөже іштім өте дәмді.

3.Наурызкөже 7 тағамнан дайындалады.



«Ұлттық ойындар»

Сұрақтар:1.Наурызда қандай ойындар ойнайды?

2.Қандай ұлттық ойындарды білесің?

3.Сен қандай ойын ойнадың?

Жауаптар:1.Наурызда ұлттық ойындар ойналады.

2.Мен :Бәйгі,Арқан тарту,Қыз қуу,Көкпар,Аудыраспақ,Алтыбақан ,Тұйылген орамал ойындарын білемін.

3. Мен Арқан тарту ойынын ойнадым

V.Үй тапсырмасы: «5»- Мен Наурыз мерекесінде не істедім? –диалог құрап жазу.

«4»- Сөзжұмбақ «Наурыз»-сөзі нәтижесінде болсын.

«3»- «Мерекелі дастарқан»

V Ӏ .Оқушылардың бағаларын қорытынлап –Бағаларын қою.

Ӏ. Рефлексия: Киіз үйге –желімқағаз тілектерімен жапсыру.

Сабақта : 1.Бәрін түсінікті:-Жасыл-желімқағазға - Наурыз тілегін жазу.

2.Сұрақтарым бар: -сары- желімқағазға - Наурыз тілегін жазу.

3.Түсініксіз: - қызыл- желімқағазға - Наурыз тілегін жазу.



























































































Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.













Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген

ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее