«Зима 2025»

Наурыз - жыл басы

«Наурыз - жыл басы» сыныптан тыс шарасын қызықты өткізудің әдіс-тәсілдері көрсетілген. «Наурыз - жыл басы» әдістемелік құралында оқушының оқу әрекетін белсендіру, күшейту, қарқынды етуге бағытталған белсенді оқу әдістерінің өзіне сәйкес оқу формаларымен тұтастықта, үйлесе, икемді жүзеге асыруға тырысқан. Әдістемелік көмекші құралында ұйымдастырылатын «Наурыз - жыл басы» атты байқаудың байқаудың мақсаты, байқаудың шарты, байқаудың талаптары жан -жақты түсіндірілген және «Наурыз - жыл басы» тақырыбындағы баяндамада Ұлыс күні туралы толық мәлімет берілген. Бұл еңбек орта мектептерде «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс сабақтарда пайдалануға болады.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки





Наурыз - жыл басы

(қазақ тілі мұғалімдеріне арналған көмекші құрал)



қазақ тілі мұғалімдеріне арналған оқу-әдістемелік құралы







Ақтөбе қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қартбаева Баршагүл Отановна









Жинаққа халқымыздың жаңа жылы - Наурыз мерекесін өткізу сценарийі, мерекеге арналған өлең-жырлар, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойын түрлері туралы мәліметтер енгізілген.

Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң жетекшiлерi мен пән мұғалiмдерiне арналған.

Әдістемелік құралда «Наурыз - жыл басы» сыныптан тыс шарасын қызықты өткізудің әдіс-тәсілдері көрсетілген. «Наурыз - жыл басы» әдістемелік құралында оқушының оқу әрекетін белсендіру, күшейту, қарқынды етуге бағытталған белсенді оқу әдістерінің өзіне сәйкес оқу  формаларымен тұтастықта, үйлесе, икемді  жүзеге  асыруға тырысқан. Әдістемелік көмекші құралында ұйымдастырылатын «Наурыз - жыл басы» атты байқаудың байқаудың мақсаты, байқаудың шарты, байқаудың талаптары жан -жақты түсіндірілген және «Наурыз - жыл басы» тақырыбындағы баяндамада Ұлыс күні туралы толық мәлімет берілген. Бұл еңбек орта мектептерде «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша өткізілетін сыныптан тыс сабақтарда пайдалануға болады.



  • Авторы: Құрастырған: Қартбаева Б.О. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі






Алғы сөз


Қазақ елі өз тәуелсіздігін алған бері ата- бабаларымыздың сан ғасырлық салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптары ұрпақ еншісіне қайта оралуда. Соның ішінде Наурыз мейрамының жаңа сипат алуы, оның ел ішінде атап өтілуі жан жадыратып, бойыңды осы халықтың перзенті болғаныңды мақтан етерлік ерекше сезім билейді.

Халқымыздың сан ғасырлық тарихында тәрбие берудің күрделі талаптары қалыптасты. Соның бірі - ұлттық тәлім - тәрбие. Ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса берер тарихта орны бар мәдени мұраларды қастерлеу, жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, адамгершілігі жоғары, ұлттық сана-сезімі оянған, өз халқының мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтей білетін тұлға тәрбиелеу - басты парызымыз.

Әдебиетті мектепте оқыту әдістемесінің алдына қояр мақсаты—әдебиетті өмірмен байланыстыра оқыту, әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін тиімді пайдалану, шәкірттерді өз беттерімен көркем шығарманы оқуға қызығушылығын қалыптастырып, өз тарапынан ойланып-толғануға тәрбиелеу, таным әдісіне үйрету. Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады.

Ұсынылып отырған бұл жинаққа халқымыздың жаңа жылы - Наурыз мерекесін өткізу сценарийі, мерекеге арналған өлең- жырлар, қазақ халқының салт-дәстүрлері , ұлттық ойын түрлері, сонымен қатар қазақ әндері мен өлеңдері енгізілген.

Осы әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып мұғалімдер оқушыларды ұлттықрухани адамгершілікке тәрбиелейді.



Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы

Жыл басы – Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
Наурыз құтты болсын!.



Кешті әзірлеу, жүргізуде төмендегі жұмыстар орындалады.

  1. Хабарлау. Кешке әзірлік, тиісті материалдар жинау, сұрыптау.

  2. Кешті жабдықтау, нақыл сөз, дәйек сөз жазу, наурыз мерекесіне арналған көрме ұйымдастыру.

  3. Кешті жүргізу.

А) Баяндама тыңдау және сол бойынша талдау, пікір айту.

Ә) Кешті ашу. (кіріспе сөз)

Б) Сыныптан тыс шара, әдеби кеш, байқау, шағын концерт беру.

В) Кешке белсене қатысқан оқушыларға кештің қорытындысы бойынша алғыс хат, мадақтау, ынталандыру сыйлықтары беріледі.

1-наурызда мектеп оқушыларына төмендегі мазмұндағы хабарламаларды таратылады Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын

«Наурыз - жыл басы» атты байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

Наурыз мейрамының сан ғасырлар бойы қалыптасқан гуманистік құндылықтарын, адам мен табиғаттың жарасымына негізделген дәстүрлерін өркендету мен жаңғырту, қазақ халқының байырғы, ізгілікті ұлттық салттарын мейлінше насихаттау, еліміздегі этностардың мәдени келбетін танытатын халықтық мұраларына мән беру.

2. Байқаудың шарты

Бүкілхалықтық мейрам аясында байырғы дәстүрлерді ұлықтау мен оларды жаңа заманның мәдени үдерісімен сабақтастыру барысында оның жалпыадамзаттық ізгілікті мұраттарын, қайырымдылық сипатын түсіндіруге, пәлсапалық мазмұнын ашуға айрықша мән беріледі. Сондай-ақ, мейрам ауқымында көрсетілетін дәстүрлердің табиғилығы мен шынайылығына, орындалу шеберлігіне де ерекше назар аударылады.
Байқауда мынадай мерекелік шарттарға мән беріледі:
– мерекелік іс-шаралар өткізу (мұнда іс-шараның мазмұндылығы, сапасы, ауқымы, 7-9 сыныптардың толық қатысуы қаралады);
– Наурыз мейрамының байырғы мазмұнын ашу (бұлақ көзін ашу, ағаш егу, сәлемдесу, кешірім сұрау, мейірім таныту, бата беру және т.б.);
– ұлттық киімдердің жарасымдылығы;
– мерекенің безендірілу деңгейі.

3. Байқаудың талаптары

Байқауға қатысатын сыныптар безендірілуі 15 наурызға дейін аяқталуы тиіс.
Мерекелік шаралар 16 наурызда өткізіледі. Осы күндері қазылар алқасы сыныптарды аралап, бағасын береді.

Байқау төменде көрсетілген 5 сала бойынша қорытын­дыланады:
1. Баннер, стенд, плакат (Наурыз тақырыбына)

2. Ұлттық киім байқауы

3 . Ән байқауы. Ұлттық би байқауы (Наурыз тақырыбына)

4 . Сахналық көрініс

5. «Салтыма тән думаным-алтыбақан» ұлттық ойындар

2) 7-9 сыныптар 16 наурыз

5. Байқау қорытындысы:

Жеңімпаздар 16 наурызда марапатталады.     Байқау жеңімпаздарын арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздар марапатталады. 


Негізгі шарттар:

        Берілген тақырыптың ашылуы, жеңіл әрі қысқа диалогқа құрылған жүргізушілер сөзі, ән-күй, би сахналық өнерi

•          Шоу-конкурс қазақ тілінде өткізіледі.

   Бағалау көрсеткіштері:

      -тақырыптың ашылуы; (жүргізуші, сахналық жанр)

      - әртістік

         Бағалау 5 ұпайлық жүйемен есептеледі.

 

1. Баннер,стенд, плакат (Наурыз тақырыбына)

Баннерге қойылатын талаптар: Стендінің өлшемі 135* 125 см, онда келесі ақпаратттар орын алады : Тақырыбы, мектебі, сыныбы көрсетілуі керек. Стендтегі материалда фотосуреттер, суреттер енгізіліп, мазмұны талғаммен ресімделуі тиіс;

Сынып бөлмесін безендіру

9-14 наурыз аралығында сынып бөлмесін плакат,баннер, «Көктем», қызғалдақтар мен құстардың суреттерімен безендіру


2. «Наурызға көрік берген сұлу сән» ұлттық киімдер  байқауы

 

                   Өтетін уақыты: 

 Ұлттық киімдер байқауына әр сыныптан бір немесе бірнеше оқушы қатыса алады.

Байқаудың  шарттары:

І. Қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілері оның әлеуметтік ортадағы жас ерекшеліктеріне байланысты киімдердің  толық коллекциясы (ерлер, әйелдер киімдерінің) немесе жекелей киім үлгілері ретінде көрсетілуге тиіс.

 ІІ. Байқауға қатысушылар ұлттық киім жайлы деректерді, өздерін таныстыруды, музыкалық сүйемелдеумен, ұлттық киімдердің қасиеттерін ашатын ән – жырлармен әсерлеп көрсете білуі шарт.

 

ІІІ. Ұлттық киімдердің тігілу шеберлігіне, өрнектеп безендіру тәсіліне, ою – өрнектің мән – мазмұны мен бояуына, ерекшелігіне тиісті баға беріледі.

Байқауға қатысушылардың өтініштері 14 наурызға дейін қабылданады.


3 . Ән байқауы (Наурыз тақырыбына) , ұлттық би байқауы

Байқаудың шарттары:
Байқауға жеке орындаушы және вокалды ән топтары қатысады;

Байқауда бір ән орындалады.

Би байқауына жұптық (дуэт) және жеке орындаушылар (соло), ұжым құрамы 10 адам қатыса алады.


4 . Сахналық көрініс.

Сахналық көрініс шарты:Наурыз күніне байланысты шағын қойылымдар көрсету(5-7 минут)

5. «Салтыма тән думаным-алтыбақан» ұлттық ойындар

байқауының ережесі

 

Байқаудың мақсаты:

Ұлттық асыл құндылықтарымызды дәріптеу, көркемөнерпаздық шығармашылықты дамыту, ұлттық ойындарымызды насихаттау арқылы болашақ ұрпақты ұлттық үрдісте тәрбиелеу.

Байқау шарты: Қатысушы мекеме ұжымы алтыбақан жанында берілген ұлттық ойын тақырыбы бойынша ұзақтығы 5 минуттан аспайтын көрініс көрсетуі қажет.

Көріністе баса назар аударылатын мәселелер:

Ұлттық ән-күймен әрленуі;

Театрландырылуы;

Ұлттық ойындар тақырыбының ашылуы;

Қойылымның мағыналылығы, жинақылығы;

Сахна мәдениеті;

Байқауға қатысушылар қойылым көрінісінің жүргізушілері өздерінен болуы шарт. Егер қойылым жоғарыда көрсетілген мерзімнен асып кетсе, ұпайы төмендетіледі. Ұлттық ойын тақырыбы жеребе тастау арқылы анықталады.

Жеребеге ұсынылатын ұлттық ойындар тақырыбы: қыз қуу, арқан тартыс, алтыбақан, орамал тастамақ, жамбы ату, ақсүйек, көкпар, асық ату, қыз-жігіттер айтысы, сиқырлы таяқ, сақина жасыру.

Өткізілу уақыты:

Байқау 16.03. күні өтеді



«Наурыз - жыл басы» тақырыбындағы баяндама

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі  бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне  нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі  де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

  Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан,   300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. Ал  болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын  кіргізді. 

Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және , мемлекеттік мереке ретінде   Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл нұрлы болады», «Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, «ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп » қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 - 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған.
22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен. «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы,  тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ,  тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен,  айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан  кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының көбі біледі.Наурыз туралы көптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн көремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты көрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарханның көк тасы да жібіпті ˝ - десіп Наурыз күні бейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын.

Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек.





Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»


Мақсаты: Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлей отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды ұлттық ойындар ойнату арқылы, өз салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын, білімдерін шыңдап, ой - өрісін кеңейту.
Мазмұны: Мейрамның қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Сахна мерекеге сай безендіріледі, қабырға газеттері, қазақтың ұлттық киім үлгілері, ұлттық тағам түрлері, құрақ көрпе, слайд,сурет, мақал - мәтелдер,тыйым сөздер оқушылар салған суреттер
Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.

Әдісі: сазды танымдық кеш

Қатысушылар: Жүргізушілер, Күн, Түн, ата, әже, Қыдыр ата, ұлттық ойын көрсетуші балалар.

 
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.
ІІІ. «Наурыз - жыл басы» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 -
Баннер, стенд, плакат жеңімпаздарын анықтау
2 -
Ұлттық киім байқауы
3 - Халық әндері, күйлері мен билерін тамашалау.
4 –
Сахналық көрініс
5 –
«Салтыма тән думаным-алтыбақан» ұлттық ойындардан көрініс
Байқау төменде көрсетілген 5 сала бойынша қорытын­дыланады:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол жылы жол болар.
Үлкеннен ұлағат, кішіге аманат.

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, ата – аналар мен оқушылар! Бүгінгі «Наурыз - жыл басы» деп аталатын тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы, Наурыздың 22 – інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді. Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған (Ұлыс-халық). Сіздерді 22- наурыз көктемнің Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз. 
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
(Бір оқушы шашу шашады)

1 – жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
2 – жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.
1 – жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн!
2 – жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.
1 – жүргізуші: Наурыз – табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.
2 – жүргізуші: Көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын!
Отырған әділқазыларды таныстырып өтейін:________________________________________
Той бастаңдар балалар, той бастаңдар,
Той бастаған балалар, көп жасаңдар,
Бүгінгі күн,сейсенбі, той қылыпсыз.
Құтты болсын тойыңыз деп бастаңдар!!! 
Балалар Наурыз тойына кімдер тілек айтады?
1 - жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жайнатып гүлін даланың,
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз - жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс Күн,
Аспанын бүркеп пүліш түн,
Ұлы күні Ұлыстың
Келді Наурыз – жыл басы.
2 - жүргізуші:
Сәнді көктем – Наурыз,
Наурыз тойы – жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Құлпырсын күн мен ай,
Құтты болсын Наурыз той!

Оқушы: Наурыз жыр
Наурыз келіп, қар кетті.
Ақ қар көк мұз жұтатқан
Шаруа елінен қар кірді.
Наурыз келіп, жас кірді,
Жас хабаршы әз кірді.
Күнге тосып арқасын,
Жан біткенге наз кірді.
Мұғалім:
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.

«Наурызға көрік берген сұлу сән» ұлттық киімдер  байқауы

  Ұлттық киімдер байқауына әр сыныптан бір немесе бірнеше оқушы қатыса алады. Байқауға қатысушылар ұлттық киім жайлы деректерді, өздерін таныстыруды, музыкалық сүйемелдеумен, ұлттық киімдердің қасиеттерін ашатын ән – жырлармен әсерлеп көрсете білуі шарт.

Отырған әділқазыларға ескерту: Ұлттық киімдердің тігілу шеберлігіне, өрнектеп безендіру тәсіліне, ою – өрнектің мән – мазмұны мен бояуына, ерекшелігіне тиісті баға беріледі.Ән шырқалады. Байқауға қатысушылар ұлттық киіммен сахнаны айналып жүреді.

1 - жүргізуші: «Ұлыстың ұлы күнінде»
«Оң болсын, - деп, - ұлысың!»
Төс түйісіп көрісер.
Көжедегі ырысын
Көпшілікпен бөлісер.
2 - жүргізуші: Төс түйісу дегені -
Тату болсын ел іші.
Бөліп ішу көжені -
Тоқшылықтың белгісі.
Оқушы: Наурыз тойы салтымыз,
Аман босын халқымыз.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!

Оқушы: «Наурыз тойы»
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді-салтымыз:
«Көгерсін!» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

Көрініс. Күн мен Түн шығады ортаға.
Күн: Сәулесі мол Күнмін,
Түн: Жұлдызы көп Түнмін.
Екеуі бірігіп: Бүгін біздер бірдей боп,
Теңелеміз бүгін біз.
Түн: Ал ертең, күн ұзақ,
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі бірігіп: Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмендер тек бірақ.
Мұғалім: Балалар, көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14-інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке-шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді.Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі-көрісу, қане, соны көрейік.

Амансыз ба, Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда болса, жол болсын.
Оқушы:
Ұлыс береке болсын,
Бәле – жала жерге енсін.
Оқушы:
Ұлыс бақытты болсын,
Төрт түлігің ақты болсын.
Оқушы:
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Бі лім - өнер серік болсын!
Оқушы:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп
Күнге сәлем беріңдер.
Бәрі көріседі.
Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Назар ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын.
(барі жиналып отырады, баланы әкеледі)
Ата: Немеремнің атын қоюды Назар ақсақалға жолдап жатырмын. Назардың алдына баланы апарады.
Назар: Сенің атың Наурызбай. Үш рет қайталайды.
Әкеңнің аты Жарас.
Атаңның аты Төремұрат.
Анаңның аты Айша.
Бақытты бол.
(Келіні Айжан құдағайға баланы апарады.)
Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда.
(бесікке салу дәстүрі)

Әлди-әлди ақ бөпем, орындайтын: Айжан құдағай.
Ән: Шілдехана.
Ата: Құдағай, Назар ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Абай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Келіңдер, наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын.
Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.
1 - жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған «Күш сынасу» кезегіне берелік.

2 - жүргізуші: «АДАЙ» КҮЙІ

Қазақтың әрбір күйінің өзіндік шығу тарихы бар. Құрманғазы

ел аралап жүріп Адай руының бір үйіне түседі. Үйде шал мен

кемпірден бөтен ешкім жоқ екен. Күйшінің көзі кереге басында ілулі

тұрған үкілі домбыраға түседі де, қолына алып бұрауын өзгертіп

қояды. Біраз уақыттан соң он алты, он жеті жасар шамасындағы қыз

бала келіп, отырғандарға қарамай төрдегі домбырасына жармасады.

Бұрауының өзгеріп қалғанын бірден сезген қыз «бүлдірген екенсің

ғой» дегендей, Құрманғазыға қарайды да домбырасын ұсына қояды.

Құрманғазы бір-екі күй тартқаннан кейін үйдегілер бұл өңірде

Ақмаңдайдан өткен күйші жоқ еді ғой, бұл кім болды екен, дегендей

таңдана қарайды. Сұрастыра келе домбырашының қызылқұрт

Құрманғазы екенін біліп, сый-құрмет жасайды. Сол Ақмаңдай қызбен

күй тартысу үстінде осы «Адай» күйі шығыпты.

Әнім де саған, биімде

Құт қонақ өзіңсің үйімде

Шарықтап көңілім асқандай,

Биге бір жаным басқандай.

Биші қыз билей жөнелсе,

Шаттықтың нұры тасқандай.

« Адай» биін орындайтын___________________

Оқушы: «Наурыз көже»
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Оқушы: Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта - ағы бар.
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Оқушы: Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
1-жүргізуші: Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы - Наурыз көже. Оның мәні - Жаңа жылда молшылық, мәнді де, дәмді, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш ету.
- Қане, Наурыз көжеден дәм татайық!
(Наурыз көженің жасалу жолын, оған қажетті тағам түрлерін таныстыру).

1-жүргізуші: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады.
2-жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?
1-жүргізушңі: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек.
Ән: Қазақтың дастарқаны
2-жүргізуші: Наурыз күні той самалық айтудан басталған.
Оқушы:
Самалық, самалық
Қан тауының көк құсы
Ұйқыдан көзін ашты ма?
Оқушы:
Самалық, самалық
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Оқушы:
Самалық, самалық
Жаңа жыл жарылқа,
Ескі жыл есірке.
1-жүргізуші: Бұл күні Самарқанның көк тасы жібиді, яғни бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірімесе «Бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» - деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.
2-жүргізуші: Ал, қәнекей ағайын,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың,
Шырқап әнге салайық.
Ән: Наурыз


1-жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.
2-жүргізуші: Түрлі-түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.
Жеребеге ұсынылатын ұлттық ойындар тақырыбы: қыз қуу, арқан тартыс, алтыбақан, орамал тастамақ, жамбы ату, ақсүйек, көкпар, асық ату, қыз-жігіттер айтысы, сиқырлы таяқ, сақина жасыру
1-жүргізуші: Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Жолы ақ болсын, біреудің ала жібін аттамасын – дей отырып, үлкен сыйлы адамға тұсау кестірген. Шақырған қонақтар шашумен, сыйлықтармен келген. Бүгінгі наурыз мерекесінде қазақ халқының жаңа қаз-қаз басып келе жатырған сәбидің тұсаукесерін жаңа ырымға ала отырып, мектебіміздің биылғы түлектерінің де алды ақ, өмірде сүрінбей сынақтардан өте берсін, қиындыққа мойымай тек жақсылыққа ұмтылсын деп, кішкене ғана сәбидің ақ жолын осы түлектерімізге арнап тұсауын кескелі отырмыз. (кішкентай баланың тұсауын әже кеседі. 2 қыз екі жағынан жетектеп сәбиді ақ жайманың үстімен алып жүреді).

Әженің сөзі:

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Баланы жетектеп жүргізеді, шашу шашылады)

1-жүргізуші:Ал көрермендер, кішкене сергіп, ән-биді тамашалап болсақ, қызықты мағлұматтарға кезек берсек қалай болады.

Жадыңызда жүрсін:

Наурыз жұмбақ -  наурыз айында жұлдыздардың күн мен түн теңелуіне байланысты айтылатын жұмбақ өлеңдер.

Наурыз тілек-  адамдардың Наурыз тойында тақпақтап айтатын тілектері

Наурыз төл - наурыз айында төлдейтін мал, оны ерекше күтіп, бағады, төл басы сатылмайды, сыйға бермейді.

Наурызша -Наурыз күні қар жауса, нұр жауды, жаңа жыл жақсы болады, деп қуанған.
Наурызкөк-  наурыз айында ұшып келетін көктем құсы

Наурыз есім - наурыз күнініде немесе наурыз айында туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған.

Наурызшешек -  наурыз айында өсетін жапырақты өсімдік, «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік

Наурызнама-  шат шадыманды ойын сауық, той. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады.

Наурыз айтыс  - наурызға арналған айтыс. Айтыс қазақтың ежелден бері келе жатқан көркемсөз өнері. Талай қазақтың қыздары мен жігіттері осы сайыста сөз жарыстырып, додаға түскен. бұл өнер қазірде жалғасын тауып келе жатыр.

Наурыз жыры -  жаңа жылға арналған өлең жырлар

Наурыз бата - Халықта батаның түрлері көп. Мұнда наурызнама өткізгендерге, осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға бата беріледі. наурызға арналып сойылған малға, тойға арналған бата Қазақ халқы әр кезде де өз қарияларын сыйлап келген: үлкенге құрмет кішіге ізет дейді дана халық, ендеше әз қариямыз Қыдыр атадан бата алайық:  

 

Уа, құдайым, оңдасын,

Жаманшылық болмасын.

Әруақ біткен жар болып,

Қызыр бабам қолдасын.

Аман сактап, төл басын,

Еккен егін солмасын.

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты,

 Іздесе де таппасын. Әумин!

Білгенге маржан:

Мүшел қайыру

Мүшел қайыру қазақтар секілді Азияның көп елдерінде бар.

Мүшел он екі жануардың атымен аталады. Жыл басы 22 наурыздан

басталады. Бірінші мүшелде адам он үш жасқа толады. Оған он екі

жылдан қосып отырсаңыз, келесі мүшел жасыңызды білесіңдер.

Қазақша мүшел реті

1.

Тышқан

1924

1936

1948

1960

1972

1984

1996

2008

2.

Сиыр

1925

1937

1949

1961

1973

1985

1997

2009

3.

Барыс

1926

1938

1950

1962

1974

1986

1998

2010

4.

Қоян

1927

1939

1951

1963

1975

1987

1999

2011

5.

¥лу

1928

1940

1952

1964

1976

1988

2000

2012

6.

Жылан

1929

1941

1953

1965

1977

1989

2001

2013

7.

Жылқы

1930

1942

1954

1966

1978

1990

2002

2014

8.

Қой

1931

1943

1955

1967

1979

1991

2003

2015

9.

Мешін

1932

1944

1956

1968

1980

1992

2004

2016

10. Тауық

1933

1945

1957

1969

1981

1993

2005

2017

11

. Ит

1934

1946

1958

1970

1982 '

1994

2006

2018

12. Доңыз

1935

1947

1959

1971

1983

1995

2007

2019

Осы он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толады. Бірінші мүшел 13 жас. Одаң соң оған он екі жылдан қосыла береді. Мәселен, тышқан жылы туған адам сол тышқан жылы айналып келген сайын мүшел жасқа шыққан боп есептеледі. Бірінші мүшел 13 жас сәби шақ мүшелі; екінші мүшел 25 жас - ер жету мүшелі; үшінші мүшел 37 жас - жігіттік мүшелі; төртінші мүшел 49 жас - орта жас мүшелі, бесінші мүшел 61 жас - ақ сақалдық мүшелі; алтыншы мүшел 73 жас - қарттық мүшелі; жетінші мүшел 85 жас - кәрілік мүшелі.


Ұлыстың ұлы күнінде

Қытайдың ескі тарихи жазбаларында мынандай деректер бар: Ғұндардың патшасы (Тәңір құтылары) Наурыз күні таң алдында, Күн шығып келе жатқанында таудың басына көтеріліп, Күнге бетін бұрып, екі қолын көкке жайып тұрып, өзіне, еліне Тәңірден амандық пен жақсылық тілейді екен. Патша тілегін аяқтап, артына бұрылып қарағанында абыз 9 қоңыр күй тартады. Оның күйі аяқталғанында 365 жігіт қолындағы қобызымен 365 күй тартып, содан кейін ғана той басталады...

Ертеде грек патшасы Ұлыстың ұлы күні алтын тағынан түсіп, өзіне ұнаған қызметшісін оған бір күн отырғызған.

Ұлыстың ұлы күні байырғы Иран патшасы әділ уәзіріне өз шапанын сыйға тартқан.

Қазақтар ұлыстың ұлы күні басталатын түнде үйдегі ыдыстардың бәрін ырысқа (азық-түлікке), аққа және бұлақ суына толтырып қоятын болған. 


Қазақ шежіресіндегі Наурыз

Ертеден келе жатқан қазақ шежіресінде Наурыз, Алаш деген есімдер кездеседі. Олар бірге туысқан адамдар. Осы шежі-ренің жыр түріндегі үлгісін-де мынандай жолдар бар:


Қазақтан – Наурыз, Алаш – екі ұл туған, 
Наурыздың деп айтады үлкен жасын. 
Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры, 
Келер жыл көктемде оның беріпті асын. 
«Наурыз», - деп қойыпты атап жылдың басын.



Наурыз – жорамал


1. Егерде «Қызыр» түнінен кейін күн жанған оттай қызарып, күн қызыл болып атса, ол жылы өлім-жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістердің де тұтануы мүмкін.
 
2. Егерде күн түсі сары қызыл тартып, ыстық леп бірден бетке ұрып, шақырайып шықса, ол жылы құрғақшылық болады.
 
3. Егерде күннің түсі күң-гірт, қараланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын-шашын ерекше көп болады.
 
4. Егерде күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шанағын төге рауандап атса, ол жылы жанға жайлы молшылық болады.

Жарапазан туралы түсінік.
Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын. Ұлыс береке берсін, Пәле - жәле жерге енсін
Игі тілекпен әндете келген жарапазаншыларды қарсы алайық.
Оларға риза болғандар құрт - ірімшік ұсынып, шапан жауып, белдеріне жібек орамал байлайтын болған.
Айтамыз жарапазан отбасыңа, тілейміз денсаулықты бас - басыңа
Тілесек денсаулықты бас - басыңа, амандық келер әр күн отбасыңа.
(Сый – сиапат беріледі. )
Наурыздың 21 түні даланы Қыдыр ата аралайды екен.
Сол себептен осы түн «Қыдыр түні»деп аталады Қыдыр түні ыдыс атаулыны ырысқа (бидай, күріш), аққа ( сүт, шұбат, қаймақ) кәусәр бұлақ суына толтырған. Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата бере ді.



Наурыз көже

Ұлыстың үлы күні жасалатын - қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бүршақ, күріш сықылды жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түз бен суды қосқанда дэмнің саны 9 болуы тиіс. Түркі халықтарының ұғымында жеті мен тоғыз жэне қырық- аса киелі сандар. Сол себепті Наурыз коже аса қасиетті тағам саналады. Оған қоса ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Әз жүруі

Халық санатында Наурыздың 20-22-сі аралығында Әз кіреді деген ұғым бар. Ол әуеде болар болмас діріл мен гүрілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен , көк, ағаш, тал бұта сынды тіршілік атаулыға жан бітіп, жаңа өмір басталмақ. эздің жүруі әдетте байқала бермейді. Оның өткенін өрісте жүрген қой ғана сезеді. Көкке қарап жамырай маңырап тұрып қалған қойларын көрген малшы да арқаны кеңге салып бел босатар шақтың туғанын біліп, қуанады. «Әз болмай, мэз болмайды» деген мақал да содан қалса керек.

Біздің топшылауымызша, бұл (әз) қазіргі ғылымдағы циклон - яғни ауаның жылы ағысы болуы керек.

Бата беру
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін
Пәле-жәле жерге енсін
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып кәрі-жас,
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жұмырасып өріскен,
Шалдар бата беріскен
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Менің берген бұл батам
Алланың құлағына шалынсын! Әумин!


Қара өлең

Наурыз - шыр айналған жылдың басы,

Адамның өлшенеді өмір жасы.

Қазақтың пейіліне жарасады,

Әр үйде дастарханға толған асы.

Өмірің өте келе шал боларсың,

Томардай отқа түскен дал боларсың.

Ойнап-күл елмен бірге Наурызда,

Бұл күнге өмір өтсе зар боларсың.

Ұшады аққу көлден қазыменен,

Жүреді көл жағалап жазыменен.

Жарасар ойын-күлкі осындайда,

Ойыңды баурайтүғын назыменен.

Көрінер ағаш сүлу алмасымен,

Соғады үста темір балғасымен.

Барады жыл айналып көрмегелі,

Аман ба ауыл аймақ мал-басыменен

Ана тау мына таумен тиісіп түр,

Бастарын бір-біріне иісіп түр.

Екі тау баурайында өскен халық,

Құшақтасып Наурызда сүйісіп түр.

Қар еріп, жер көктемей жаз бола ма,

Мүз кетпей айдын көлге қаз қона ма.

Ойнамай Наурызда думандатып,

Көнілі адамдардың мэз бола ма?

Мінгенім ұлыс күні сұлу сары,

Келгенде желпілдейді жібек жалы.

Кез болған ұлыс күні қалқатайым,

Бола ма бір өзіңдей жанның бәрі

Астымда ойнақтаған қара керім,

Шығады шаппай қалай қара терің.

Ұлыстың үлы күні аянбастан

Ақтаршы қуаныштың тасқын-селін.

Болғанда жүлдыз кіші, ай көлемді,

Асқарға теңемейсің қай белеңді.

Қуанам елмен бірге үлыс күні,

Қосылып құрбыларым айтса өлеңді.



Ән салайык, халқым, сүйген мейрамда

Наурыз

Әні: Б.Есдәулетова.

Сөзі: Ш.Сарынова.

Кел балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық,

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.


Қайырмасы:


Наурыз, Наурыз - жыл басы,

Наурыз - бақыт жалғасы.

Алпыс жылдай жоғалып,

Қайта оралып Наурызым.

Талаптары тас бұзып,

Сайрандауда ұл-қызың.


Қайырмасы:


Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Апам, атам той-тойлап,

Қуанып жүр балаша.




Наурыз айы туғанда

М. Мақатаев.

Наурыз айы туғанда

Той болушы еді бұл маңда.

Сақталушы еді сыбага

Сапарға кеткен ұлдарға,

Наурыз айы туғанда.


Наурыз, Наурыз, күн игі!

Күн игі жердің түрі игі.

Бауыры жылып набат қар

Бабымен ғана жібиді.


Шашылған ырыс шанақтан,

Шақырып бір үй, бір үйді

Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге

Наурыз айы келгенде,


Наурыз тойын бергенде.

Көрмегендер де арманда,

Арманда оны көргенде.

Келіп ем өмір-орманға

Наурыз айы келгенде.


Наурыз - думан

Әнін жазған: Ж.Еңсепов.

Сөзін жазған: Қ. Жұмағалиев.

Наурыз келді жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып!

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.


Қайырмасы.


Наурыз тойың, Наурыз тойың

Құтты болсын халайық!

Күйтөгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық!

Құт-береке, Наурыз айым келді деп,

Жер түледі, жасыл желек желбіреп.

Айналайын атамекен кең далам

Толықсиды нүрға балқып елжіреп!


Қайырмасы.


Аспанымда ақша бұлттар аунайды.

Наурыз тойы көңілімді баурайды.

Тебіренген табиғатта мәз-мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.


Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Әдебиет сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 1. Н.Назарбаев «Қазақстан 2030» Алматы: Білім 2001 ж.

2.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007

3.Уикипедия — ашық энциклопедиясы

4. Салт -дәстүрі басқа, максаты бір. Қайнар вестник.
Бастауыш мектеп. 2005. № 11. - Б. 17-20. 
5.
Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы: «Алматы кітап» ААҚ, 2004. -28, 47 б.
6.Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // «Тілтаным» журналы 2001, №4. 39-43 б.
7. М.І.Әбдуов. Халық ақындары және ислам діні.- Қарағанды, «Санат», 2000.- 48 б.
8. Нұрғалиев Р. Өнер алды қызыл тіл.-
Алматы, «Ғылым», 1972.- 197 б.
9. Сейтжанов З. Тарихи эпос.- Алматы, «Жазушы»,1993.- 223 б.

10. М.О.Әуезов. Әдебиет тарихы.- Алматы, «Жазушы», 1990.- 223 б.

11. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002



Мазмұны

Алғы сөз

Кешті әзірлеудегі жұмыстар

«Наурыз - жыл басы» атты байқаудың ережесі

«Наурыз - жыл басы» баяндама

Сыныптан тыс шара «Наурыз - жыл басы»

Білгенге маржан

Мүшел қайыру

Қазақша мүшел реті


Ұлыстың ұлы күнінде.Қазақ шежіресіндегі Наурыз


Наурыз – жорамал


Жарапазан туралы түсінік


Әз жүруі


Бата беру


Ән салайык, халқым, сүйген мейрамда


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі









19



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее