«Зима 2025»

Негізгі және туынды еліктеу сөздер. 5 сынып.

ҮІ модуль. СПОРТПЕН АЙНАЛЫСАМЫЗ

Спорт-денсаулық кепілі

1

Есімдіктер

Спорттың пайдасы

1

Жіктеу есімдігі

Спорт түрлері. Футбол

1

Өздік есімдігі

Спорт кешені

1

Етістіктің болымсыз түрі

Қазақтың ұлттық спорт түрлері

1

Демеулік шылау

Салауатты өмір салты

1

Есімдіктер

Тіл дамыту

1

Жіктеу есімдігі

Олимпиада жеңімпаздары –біздің мақтанышымыз

1

Өздік есімдігі

Диктант

1

Өткен ережелерді қайталау

Дені сау адам

1

Демеулік шылау

Спорт –сенің серігің

1

Есімдіктер

Ел күтпеген хабарландыру

1

Жіктеу есімдігі

Шахматшылар

1

Өздік есімдігі

Нәтиже сабақ

1

Етістіктің болымсыз түрі

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Сыныбы --------------------

Мерзімі --------------------

Сабақтың тақырыбы:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға конституциялық құқық ұғымы, оның қайнар көздері мен нормалары жайлы түсінік беру.

Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекет жасамауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: төменгі сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, тиянақтай отырып, жаңа сабақпен байланыстырып конституциялық құқық нормалары мен қайнар көздерін аша білуге қол жеткізу.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Білімдерін жан- жақты тексеру

  3. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

    1. Конституциялық құқық.

    2. Конституциялық – құқықтық нормалар.

    3. ҚР конституциялық құқығының қайнар көзі.

Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқықтық нормалар жиынтығы.

Конституциялық құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысын айқындайтын негізгі қағидаттарды баянды етеді. Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы – басқару мен мемлекеттік құрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жағдайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.

Конституциялық құқық тәсілдері дегеніміз – ол конституциялық-құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарға және оған қатысушыларға құқықтық әсер ету тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.










Құқық беру әдісі



Конституциялық құқық тәсілдері

Рұқсат ету әдісі



Міндеттеу әдісі




Тыйым салу әдісі


  1. құқық беру әдісі, яғни конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру;

  2. рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқықтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету,

  3. міндеттеу әдісі, яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту;

  4. тыйым салу әдісі, яғни құқық субъектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу.

Конституциялық-құқықтық нормалар – мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық-құқықтық нормалар:

  • реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәні мен байланысы өзінің мазмұнымен;

  • баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда – мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;

  • құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді.


Конституциялық құқық нормасының құрылымы




гипотеза

дизпозиция

санкция





Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі

Құқық субектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі

Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық-құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жғдайларда ғана кездеседі






Конституциялық-құқық нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойынша құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:

  • құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;

  • міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;

  • тыйым салатын нормалар өз ұйғарымында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз – конституциялық-құқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердің түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:

  • 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  • Конституцияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» және т.б. заңдар.

  • Заңдар – конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір кең тараған түрі. Оларға «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі», т.б. заңдар жатады.

  • Конституциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарының қаулылары;

  • Қазақстан Президентінің конституциялықұқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары сртының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқықтық нормалары қамтылған қаулылары;

  • Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т.б. шешімдері.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

    1. Конституциялық құқық неліктен Қазақстан Республикасының қолданымдағы құқықтарының жетекші саласы болып табылады?

    2. Конституциялық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері қандай?

    3. Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

  2. Жаңа материалды бекіту:

    1. Қазақстан Республикасы конституциялық-құқығының қайнар көзі дегеніміз не?

    2. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?

  3. Үйге тапсырма:§ 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні.

  4. Бағалау:



































Сыныбы --------------------

Мерзімі --------------------

Сабақтың тақырыбы: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.

Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.

Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.

Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.

Көрнекілігі: тірек сызбалар.

Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезең

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын тексеру

в) оқушылар назарын сабаққа аудару

2. Үй тапсырмасын тексеру

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?

2. Конституциялық құқық дегеніміз не?

3. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?

3. Білімдерін жан- жақты тексеру


Конституциялық құқық нормасының құрылымы




гипотеза

дизпозиция

санкция





Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі

Құқық субектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі

Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық-құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жғдайларда ғана кездеседі






4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.

2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.

3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.

4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.

Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы «Адам және азамат» деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі – адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.

Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.

Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.

«Қазақстан Республикасының азаматтық туралы» Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:

- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;

- басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;

- «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;

- егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;

- тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру – Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алу

Азаматтығын тоқтату

Азаматтыққа қабылдамау

-тумысынан

-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;

-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;

-«ҚР азаматтығы туралы» Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;

- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса

- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;

- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;

- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша

- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;

- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;

Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;

- терорлық әрекеті үшін сотталған болса;

- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;

- басқа мемлекеттің азаматы болса



Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз- жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.

Конституцияның «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.

Конституциялық құқықтар




Жеке құқықтар мен бостандықтар

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар

Саяси құқықтар мен бостандықтар






Жеке құқықтар мен бостандықтар – адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.

Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз – жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.

Саяси құқықтар мен бостандықтар – Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.

Жеке адамның конституциялық міндеттері – ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38- баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:

  • әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;

  • әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;

  • әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін - Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;

  • заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;

  • Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;

  • Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;

  • Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді мемлекеттің баға жетпес құндылығы деп жариялайды?

  2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтықтың қандай құқықтары мен бостандықтары бар?

7. Жаңа материалды бекіту:

  1. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары не үшін қажет?

  2. Мазмұнына қарай конституциялық құқықтар мен бостандықтар неше топқа бөлінеді?

8. Үйге тапсырма: § 2. Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.

9. Бағалау:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее