«Зима 2025»

Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа!

Тақырыбы: Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа

Мақсаты: Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін,сезімдерін ояту. Қазақтың мақтанышы, Жаңаарқа елінің символы С.Сейфуллиннің еңбектерімен таныстыру.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қарағанды облысы

Жаңаарқа ауданы

«№132 ЖОББМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Мустафина Жанагүл Картаевна

Тақырыбы: Нұр тұнған, құлпырған Жаңаарқа

Мақсаты: Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін,сезімдерін ояту. Қазақтың мақтанышы, Жаңаарқа елінің символы С.Сейфуллиннің еңбектерімен таныстыру.

Көрнекілігі: Жаңаарқа көрінісі. С.Сейфуллин суреттері. Буклеттер, бейне материалдар.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар,қонақтар, оқушылар биыл Жаңаарқа ауданының құрылғанына 85 жыл толды және қазақтың мақтанышы, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері С.Сейфуллин ағамыздың 120 жасқа толу мерекесі аталып өтуде.

Қилы-қилы сан заманды өткердің.

Гүлдей жайнап, қанат жайып көркейдің.

85 жылдық мерейтойдың алдында

Өлеңменен құттықтауды жөн көрдім.

-деп жырлағандай 2А сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.

-Алғашқы сөз кезегін осы мерекемізбен құттықтап келіп отырған қонағымыз

аты Республикаға танымал, «Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы», «Мәдениет қайраткері» , әнші, композитор және Мұхтар мен Берекенің атасы Қорабай Есенов ағамызға береміз

Альфия:

Атанған бір кездері Асанқайғы,

Бұл өлке баян етер талай жайды.

Шежіре тұнып тұрған тарихы бар,

Тамсантар тыңдаушысын маңайдағы.

Бөленіп алтын күннің шұғыласына,

Құлпырған масатыдай бар аймағы.

Диас:

Жаңаарқа- қиялыма шабыт берген,

Өлең- жыр күнде қоздап, егіз өрген.

Туған жер, толғанамын сен күрсінсең

Анамсың бал емізіп, исің сіңген.

Рахат:

Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,

Қазақтың он ғасырлық өмір салты.

Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,

Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы.

Индира:

Шежірелі Жаңаарқа,

Жаңаарқаға таңырқа.

Бұл күнде өзгерген,

Жайнаған ЖАҢААРҚА!

Ән: «Шежірелі Жаңаарқа» орындайтындар Береке, Жалын

Ермұхамед:

Жаңаарқа алғашқы аты Асанқайғы

Көріпкел аруағымен атанғанды.

Баласы алты Алаштың қоныс қылып,

Мәңгілік маңдайында шырақ жанды.

Мұғалім: 1923 жылы Асанқайғы атанған аудан, 1929 жылы Сәкен Сейфуллин ұсынысымен Жаңаарқа аталды.

Көрініс:

Ауыл. Жиналыс.

Хатшы:

Құрметті аудан тұрғындары. Бүгінгі жиналуымыздың басты себебі, өзіміздің Сейфолланың Сәкені сіздермен кездесуге келіп отыр. Сәкен бүгінде барша қазақтың азаматы. Сөз кезегі Сәкенде.

Сәкен:

Жерлестер! Туыстар! Бауырлар! Апа-қарындастар! Бүгін заман өзгерді. Жаңалықтар заманы. Мен өзім туып өскен елім Асанқайғы ауданына жаңа есім атағым келіп отыр. Ол – Жаңаарқа. Жаңарған Арқа, Гүлденген Арқа болсын деген ниетпен атадым. Қалай қарайсыздар, халайық!

Ауыл азаматтары:

  1. Дұрыс біз қолдаймыз!

2. Естілуі де жеңіл, мағынасы да зор екен...

3. Сәкеннің өзі де батыл, сөзі де батыл ғой.

4. Біз бәріміз өзің құрған мемлекеттің адамымыз. Сенің сөзің біз үшін дұрыс шешім!

Мұғалім: Сәкен Сейфуллин халық жадында сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы. Сәкен-біздің ұлттық мақтанышымыз, елі үшін еңіреген ер, Қайтпас қайсар күрескер.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған бұл суреттер Сәкен Сейфуллиннің қамшының сабындай қысқа ғұмырының әр сәтінен сыр шертеді. Әр сурет бір тарих. Әрбір фотобейнеден аяулы Сәкеннің бітім – болмысы, жан – дүниесі, тағдыры қаншама тылсым шыр көрініс береді.

Нұрасыл:

С.Сейфуллин «Інішегіме»

Ойынды қой, оқы, інішегім, алға бас!

Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.

Балалыққа жас миыңды алдатпа,

Ғылым үйрен, нұрға толсың кеудең жас....


Сәкен Сейфуллиннің әні «Тау ішінде» орындайтындар Қорабаев Мұхтар және атасы Есенов Қорабай аға.

Сыныптың «Балдырған» бишілер тобының орындауында «Домбыра» биі

Бибігүл:

Жаңаарқа – Сәкен қойған жердің аты,

Жәнібек шырқап салған әннің аты.

Ежелден елі жайсан, көңілі дархан,

Бекболат, Қайратымен шықты даңқы.

Олжас:

Жаңаарқа Бәйсейіт, Шәбден, Жанайдарлар,

Үзілген үкілі үміт, ақ армандар.

Шалғынбай, Сатан және Дәулетбеков-

Өмірлік ерлік үшін жаралғандар.

Т.Ақнұр:

Жаңаарқа Сайлауханның өлеңдері,

Ақселеу, Ғабдолланың ой – өрнегі.

Ғалым мен Аманжолдың ойнап шыққан,

Бұлақтай көзі бітпес теңеулері.

Әсем:

Жаңаарқа-Айтқожа мен Қордан, Сәрсен,

Сәкеннің кіндік қаны тамған жерден.

Алтыннан медаль тағып үшеуі де

Бітіріп он жылдықты ғылым емген.

Балдана:

Жаңаарқа -Сарыарқаның бел баласы,

Құт пен байлық – дәулет ен даласы.

Көрген жұрт дидарыңнан ләззат алған,

Сұлулық осы өңірден басталады.

Ән: «Атамекен» орындайтын Сырым

Береке:

Жаңаарқа- Ортау, Өспен, Көктінкөлі,

Қызылтау, Ақой, Батық -жердің бегі.

Бұрмаша, Қарамұрын шетке өтсе де

Еседі еркелетіп самал желі.

Аружан:

Жаңаарқа түгіскендей ел бірлігі,

Жер емген Ескенедей ел тірлігі.

Сарысу, Құдайменде, Манақа да

Жайлаған қалың елдің бір түңлігі

Алуа:

Жаңаарқа – асылбектің сар жазығы,

Исаның ата- қоныс Бидайығы.

Ақтау мен Айнабұлақ, Қоңырөлең,

Мал бағып, егін салған жер байлығы.

Ән «Туған жер» орындайтындар Олжас, Айжан, Анель

Е.Ақнұр: Ісләм Жарылғапов

Көп тілден түйіп ой-сезім,

Төл тілдің аршып көл көзін.

Төлдетіп ана тілімді,

Бес мың сөз қостым мен өзім.

Ән «Ананың тілі» орындайтындар Сәуле, Ақнұр

«Балдырған» бишілер тобының орындауында би «Сарыарқа»

Мұғалім: Ғасырлар куәсі, нұр тұнған, ырысты да құт мекен Жаңаарқа жайлы айтылған сыр да, жазылған жыр да аз емес. Сарыарқаның кіндігі- осынау байлығы берекелі, адамдары дархан өлкенің кешегісінен бүгінгісі гүлденіп келе жатқан осы топырақта кіндік қаны тамып өскен түлектері куә. Өлкенің кең қабатын қопарып, мыңғыртып мал өсіріп, жасампаздық еңбекпен Жаңаарқа атын баршаға әйгілеп, даңққа бөлеген де солар.

Ән «Жаңаарқа вальсі»






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее