«Зима 2025»

"Ойлайық та ойнайық"

Білімділік. Оқушылардың ой ұшқырлығын дидактикалық ойындар арқылы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық. Сөз байлығын,шығармашылық қаблеттерін ойын арқылы дамыту.

Тәрбиелік. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ойлайық та ойнайық.

Б.К.Казбекова

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

Кітапханалық сабақтың тақырыбы: «Ойлай отырып,ойнайық»!

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың ой ұшқырлығын дидактикалық ойындар арқылы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық. Сөз байлығын,шығармашылық қаблеттерін ойын арқылы дамыту.

Тәрбиелік. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Әдістер: Сұрақ – жауап,талдау,құрастыру.

Көрнекіліктер:Төрт түліктің суреттері,цифрлар,әріптер,ойыншықтар,қоржын.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Сәлеметсіздер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай,жақсы ма?Ендеше,ойын сабағымызды бастамас бұрын әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық,сонда ойынымыз сәтті өтеді.

Ережесі: Күлімсіреу, бір-біріне кедергі жасамау,сөзді бөлмеу,тыңдау.

2.Негізгі бөлім:

1. Әр оқушы өз есімдерін айтып таныстырады да, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Осылайша жалғасып, «достық шеңберін»құрап,бір –бірлеріне сәттілік тілейді.

2.Әділқазы мүшелерімен таныстыру.

I кезең: Белсенді әріптер.

Ойын шарты: Әр түрлі әріптер көрсетіп,сол әріптерден сөз ойлап айтып,жарысады.

II кезең: Төлін тап.

Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді.Оқушылар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс.

III кезең: Сөз ойла , тез ойла.

Ойын шарты:Кітапханашы бір сөз айтады,оқушылар жалғасын тез ойлап табу керек.

Суретші...(сурет салады)

Дәрігер...(адамдарды емдейді)

Қойшы...(Қой бағады)

Биші...(би билейді)

Мұғалім...(сабақ береді)

IV кезең: Адасқан сандар.

Ойын шарты:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сандары жазылған карточкаларды кітапханашы шатастырып тақтаға іледі,адасқан сандарды балалар ретімен тура санап іледі.

V кезең: Аққала құрастыр.

Ойын шарты:Балалар екі топқа бөлінеді.Әр түрлі қиып дайындалған геометриялық қиындылардан аққала құрастыру керек.

VI кезең: Қайсысы қалай дыбыстайды?



Ойын шарты: Үй жануарларының ойыншықтарын көрсету.Оқушылар олардың атауын тауып,қалай дыбыстайтынын айту керек.

VII кезең: Досыңды тап.

Ойын шарты:Балалардың көздерін таңып,өз достарын табу керек.Олар өз досының қолын,шашын,киімін ұстап,сипау арқылы табады.

Талдау:

1.Балалар,ойындар ұнады ма?

2.Жауап беру қиынға соқты ма?

3. «Күлегештер»(смайликтер салу).Балалар бүгінгі ойындардан алған әсерлерін,көңіл-күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып,ол арқылы өзінің көңіл – күйін көрсетеді.

Қорытынды: Бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл-күй сыйлаған екен,оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл-күйі арқылы байқап тұрмын.

Осылайша,сабақ ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып,белсенді ойнасаңдар,өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлелдеп көрсетесіңдер.Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп,ақылды болып жүріңдер!



Қарағанды облысы.Балқаш қаласы.















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее