«Зима 2025»

Органикалық дүниенің алуантүрлілігі

Оқушылардың ой - өрістерінің дамуына көмектеседі

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Мектеп: Свободный орта мектебі

Мұғалімнің аты жөні: Дузелбай Д

Күні: 18.04

Биология 9-сынып

Cабақтың тақырыбы. Органикалық дүниенің алуантүрлілігі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар тірі организмдердің пайда болу эволюциясымен және тірі табиғаттың дүниеге жіктелуімен танысады.

Дамытушылық: Оқушыларды тіршіліктің даму эволюциясын оқи отырып, өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеулерін дамыту.

дүниетанымын арттыру. Тарихи ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Тәрбиелік: Топтық жұмыс арқылы оқушылар адамгершілікке, ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға, қорытынды шығара білуге тәрбиеленеді.

Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, география, зоология, ботаника

Сабақ типі: Аралас

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, тірі табиғаттың дүниеге жіктелуі /плакат/, суреттер, аппликация, таратпа ресурстар.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау,

Бағалау түрі: 3 жақты: оқушы, топ жетекші, мұғалім

Бағалау бойынша ұсыныс:

1. Әр топ таңдап алған тірі ағзалар патшалығына ауызша сипаттама береді;

2. Берілген тапсырмаларды орындайды.

3. Электрондық оқулық арқылы тапсырма орындайды.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

І. Оқушы қызығушылығын ояту

«Мәңгілік ел» идеясын ашу.

Үй тапсырмасын тексеру түрі. Жер тарихының шежіресі:

Заман - кезең - дәуір - ғасырға бөлінеді. Заманның аталуы: Архей. Протерозой. Палеозой. Мезозой. Кайнозой.

Топтық жұмыс. «Мәңгілік ел» пойызымен саяхатқа шығу, замандарды аралау.

Тапсырма әр заманға келгенде тіршіліктің даму сызбасын даярлап оны вагондарға тиеу қажет.

1 топ. Архей – ежелгі заман

2 топ. Протерозой – алғашқы тіршілік заманы

3 топ. Палеозой – Ертедегі тіршілік заманы

4 топ. Мезозой – ортадағы тіршілік заманы

5 топ. Кайнозой – жаңа өмір заманы

Пойыз аралап келеді.

«Температураны өлшеу» әр топтың жұмысын қадағалап отыру.

3 оқушымен карточка тарату арқылы жеке жұмыс жасау

1. Жер тарихы неше заманға бөлінеді? (5)

2. Замандардың ең көнесі? Архей

3.Тіршіліктің дамуына жол ашатын маңызды процесс? (Фотосинтез)

4. Фотосинтез нәтижесінде ауаға не бөлінеді? (Ауа)

5. Қазір қай заман? (Кайназой)

ІІ. Мағынаны таны

Слаидтан сурет көрсетіледі.

Суретке қарап тірі ағзалардың қандай белгілері негізінде топқа біріктіруге болады?

Топта осы мәселені 1минут уақытта талдау.

Прокариоттар — қүрылысы өте карапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оларда тұкым қуалау ақпараты жазылған ДНҚ цитоплазмада сақина тәрізденіп бос күйінде орналаскан. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар табиғаттағы зат айналымында үлкен рөл атқарады.

Эукариоттар — сыртынан қабықшамен қоршалған клеткасында цитоплазмасы және айқын көрінетін ядросы бар организмдер. Ядрода тұқым қуалау ақпараты орналаскан.

Қоректенуіне қарай: автотрофтф, гетеротрофтылар.




Оқушылар 2 ші рет топқа бөлінеді.

Олай болса тірі табиғат 5 дүниеге жіктеледі екен. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.

«Мәтінмен жұмыс». Әр топ «постер» қорғайды.

Қолдарындағы ақпарат құралдармен қазақша атауларды орысша, ағылшынша табу.




3 тілділік

Вирус Бытыранық Саңырауқұлақ Өсімдік Жануар

Вирус Бактерия Грибы Растения Животные

Virus Bakteria Mushroom Plants Animals




Әр топ постер қорғайды. ЭО арқылы көрсетілім көрсетіледі.

1 топ. Вирустар дүниесі.

Тіршіліктің клеткалық емес формасы — вирустар жене фагтар. Оларды анциттер деп атайды. Вирустарды 1892 жылы орыс ғальгмы Д.И.Ивановский ашқан. Вирус терминін ғылымға Бейерник енгізген. Олар — кез келген сүзгіден өтіп кететін майда, мөлшері 12-ден 500 мкм-ге дейінгі организмдер. Вирустар — клеткадан тыс тіршілік ете алмайтын, клеткаішілік паразиттер. Бактерия клеткасында болатьш вирустарды фагтар немесе бактериофагтар деп атайды.

2 топ. Бактериялар дүниесі

Клеткалық құрылымды организмдер. Ядросы жоқ прокариоттар. Прокариоттар — қүрылысы өте карапайым, клеткасында ядросы жоқ организмдер. Оларда тұкым қуалау ақпараты жазылған ДНҚ цитоплазмада сақина тәрізденіп бос күйінде орналаскан. Көк жасыл балдырлар мен бактериялар табиғаттағы зат айналымында үлкен рөл атқарады.

3 топ. Саңырауқұлақтар дүниесі

Саңырауқұлақтар дүниесі — гетеротрофты коректенуге қабілетті эукариоттардың ерекше тобы. Олар сапрофиттік немесе селбесіп паразиттік тіршілік етуге бейімделген организмдер. Табиғатта саңырауқұлақтардың пайдалы және зиянды түрлері ете көп. Бұлардың барлығы да ертедегі қарапайым құрылысты гетеротрофты эукариоттардан шыққан дейді. Төменгі сатыдағы эукариоттарға сонымен қатар кыналарды жаткызады. Қыналар — саңырауқұлақтар мен көк жасыл және жасыл балдырлардың селбесіп тіршілік етуінен түзілген организмдер.

4 топ. Өсімдіктер дүниесі

Өсімдіктер дүниесі. Бұған автотрофты қоректенуге қабілетті өсімдіктер жатады. Өсімддіктердің ерекшелігі клеткаларында пластидтер және сыртқы қалың целлюлоза қабықшасы болады. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар жатады. Алғашқы құрлыкка шықкан псилофиттер жоғары сатыдағы спорамен көбейетін мүктер, плаундар мен кырыкбуындар және папоротниктердің шығуына бастама берді. Кейін келе тұқыммен көбейетін папоротниктерден барлык вегетативті мүшелері жетілген жалаңаш тұқымды ж\е жабық түкымды өсімдіктер шықты.

5 топ. Жануарлар дүниесі

Жануарлар дүниесі. Жануарлар — даяр органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар дүниесі қарапайымдыларға (бірклеткалылар) және көп клеткалыларға бөлінеді. Оларды жіктеу.

Электронды оқулық арқылы тапсырма орындау.

ІІІ. Ой қозғау

Жаңа білімді бекіту барысында «Ақылдың 6 қалпағы». Өтілген тақырып бойынша қорытынды жасалады.

Қалған оқушылар өз топтары туралы «Синквеин» құрастырады.

Ақ қалпақ – Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады.

Қызыл қалпақ -қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? 

Сары қалпақ -сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады?  

Қара қалпақ -қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? 

Жасыл қалпақ -жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды

Көк қалпақ -көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?




Рефлекция. Сабақты қаншалықты ұнағанын стикер арқылы ілу. Қорытынды арқылы

«Мәңгілік ел» болуымызға қосқан үлестері туралы айту.

Үйге тапсырма беру.

  • Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қалай жіктелетінін және филогенетикалық қатар құраудықарап келу.

Бағалау. 3 жақты: оқушы, топ жетекші, мұғалім қорытынды шығарады.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее