«Зима 2025»

"Отаным Қазақстан"

Кішкентай балалардың ө еліне жеріне деген патриоттық сезімдерін ашу қазақтың ертегі кейіпкерлерін танып, білу.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспекті


Білім саласы : «Коммуникация»

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы : Менің Отаным- Қазақстан!

Мақсаты : Балаларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Білімділік: Балалардың білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық: Тақпақтар, мақал-мәтел арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, тілдерінің дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік: Еліне деген патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Қостілді компонент: Қазақстан республикасы, елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, елорда- Астана қаласы, рәміз, ту,елтаңба, гимн.

Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты суреттер.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелету, сұрақ-жауап, ойын.

Қызмет кезеңдері

Педагогтің қызметі

Мотивациялық қозғаушылық




Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері.

Сәлем саған жер ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық

Бейбітшілік қалайық!

Ұйымдастыру-

іздестіру

Мұғалім: Балалар қазір қандай мезгіл?

Балалар:Қыс мезгілі.

Мұғалім: Қыс мезгілінде қандай айлар бар?

Балар: Декабрь-желтоқсан

Ай бұл қыс басталған

Январь -қаңтар

Айнала ақ қар

Февраль-ақпан

суықтан сақтан

Мұғалім: Бүгінгі тақырыбымызды бастамас бұрын мен сендерге сөзжұмбақ жасырғым келіп тұр.

- Мынау не?

Баллар: Мынау орындық

- орындық сөзінде бірінші қай дыбысты естіп тұрсыңдар?

-"О" дыбысы

- Мынау не?

- Мынау түлкі

- түлкі сөзіндегі бірінші дыбысы қандай?

- "Т" дыбысы.

- Мынау не?

- Мынау арыстан

- Арыстан сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

- "А" дыбысы.

- Мынау не?

- Мынау нан

- Нан сөзі "Н" дыбысынан басталып тұр.

- Балалар, осы дыбыстарды қосқанда бізде "Отан" деген сөз шықты, яғни біздің бүгінгі тақырыбымыз Отанымыз Қазақстан туралы болмақ. Отан деген не?

Балалардың жауабы.

Тақпақтар:

Отан деген Атамекен

Отан деген туған жер.

Отан Ана,Отан үлкен

Қазақстан туған жер.


Отан -сенің ата-анаң

Отан-досың,бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан,ауылың.

Дыбыстық жаттығу:

Қа-қа-қазақстан

Сы-сы-елбасы

Міз-міз-рәміз

Таң-таң-елтаңба

У-у-біздің ту

Да-да-елорда

Қа-қа-қала

Мұғалім: Балалар, бүгін бізге қонаққа қазақ халқы ертегілерінің кейіпкерлері келеміз дейді. Қане оларды шақырайық.

Домбыраны тартайық

Қонағымызды шақырайық.

Ертөстік:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Ертөстікпін, ертегінің мықты батырымын.

- Сәлеметсің бе, Ер Төстік. Балалар сенің мықты екендігіңді біледі, ал біздің балалар білімді.

Ер Төстік: Қазір тексерейін. Менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. Біздің Республикамыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан Республикасы

Ер Төстік: Елбасымыз кім?

  • Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ер Төстік: Елордамыз қай қала?

  • Елорда-Астана қаласы.

Ер төстік: Мемлекетіміздің рәміздерін атаңдаршы.

- Ту,елтаңба,гимн

Ертөстік: Туымыз қандай түсті?

  • Ту көгілдір түсті.

Мұғалім: Көгілдір түс - ашық аспанның түсі.

Ертөстік: Туымызда не бейнеленген?

Балалар: Туымызда күн, қыран құс, ою-өрнек бейнеленген.

Мұғалім: Күн - бұл молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Қыран құс-бостандықтың белгісі.

Балалар Ертөстікке ту туралы тақпақ айтып берейік.

Тақпақ: 1.Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды

2.Ақ ниеті-алтын күн  
Асқақ арман - қыраны, 
Жалауы бұл халқымның, 
Мәртебесі,Туы, ары. 

Ертөстік: Елтаңбада не бейнеленген?

Балалар: Елтаңбада шаңырақ , қанатты тұлпар, «Қазақстан» деген жазуы бар.

Мұғалім: Шаңырақ дегеніміз киіз күмбезі - отбасының бейнесі. Екі жағында тұлпарлар-бұл алдыға ұмтылған құлшыныстың бейнесi. 

Елтаңба туралы тақпақ кім айталады?

Тақпақ: Қазақстан Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр танда
Мемлекеттік Елтаңба.

Ертөстік: Гимн деген не?
Балалар: Гимн- басты ән.

Мұғалім:Гимн туралы тақпақ айтып берейік.

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Ертөстік: Балалар, сендер ақылды екенсіңдер. Білімдерің арта берсін. Менің қайтатын уақытым болды, қош сау болыңдар!

Мұғалім: Балалар, енді бір серігіп алайық.

Сергіту сәті:

Биік, биік таулары бар

Орманы бар,көлі бар

Даласы бар, шөлі бар.

Кең даласы құлпыраған

Отанымыз Қазақстан!

Мұғалім: Келесі қонағымызды шақырайық.

Домбыраны тартайық

Қонағымызды шақырайық.

Мақта қыз: Мен мақта кыз, мақта кыз

Ертегіден келген кыз

Ойнап, күліп бәріміз

Сабақты өткізейік бәріміз.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Мақта қызбын. Сендерді жылдам, ұғымпаз балалар дейді, сендерге ойын ойнатқым келіп тұр. Мынау қазақтың ою-өрнегі, бұл ою "Қошқар мүйіз" деп аталады. Қазір сендер осы оюды құрастыруларың керек.

Мақта қыз: Мынау қазақтың ұлттық ыдысы "Торсық". Енді маған осы торсықты құрастырып беріңдер.

Мақта қыз: Мынау қобыз, қазақтың ұлттық аспабы. Енді қобыздың суретін құрастыру керек.

Мақта қыз: Жарайсыңдар балалар. Менің тапсырмаларымды жақсы орындадыңдар. Білімдерің таудай болып өсе берсін. Ал, мен ертегіме қайтайын, сау болыңдар!

Мұғалім:Домбыраны тартайық

Қонағымызды шақырайық.

Алдар Көсе:

Мен Алдармын, Алдармын
Досымын адал жандардың
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым!
Сәлеметсіндер ме! Балалар, маған менің досым Қожанасыр Отан жайлы мақал-мәтелдер жаттап келсін деп еді. Мені үйретесіңдер ме?

Балалар: Ел іші – алтын бесік.

Туған жердің ауасы да шипа.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

Отан үшін күрес – ерге тиген үлес.

Ер – елінде, гүл – жерінде.

Отан- отбасынан басталады.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Әркімнің өз жері – жұмақ.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Отан оттан да ыстық- Родина горячей огня

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат

Отан елдің анасы, 
Ел ердің анасы.

Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.



Су жүрген жер береке,

Ел жүрген жер мереке.


Ана тілің алпыс тілге татиды.



Тіл - достықтың алтын көпірі.



Отаның тыныш- сен тыныш

Отаны бірдің жүрегі бір

Жүрегі бірдің тілегі бір



Бақа көлінде патша, жігіт елінде патша

Алдар Көсе: Жарайсыңдар балалар, мен енді көп мақал-мәтел білемін.

Барып Қожа досыма айтып беремін.

Балалар, енді "Алма кетті домалап " ойынын ойнайық. Мынау не?

  • Мынау алма.

Алдар көсе: Осы алма кімнің қолында қалады, сол бала Отанымызға қатысты сөз айту керек.

Балалар: Алма кетті домалап

Өзен бойын жағалап

Кім алманы табады

Сол ойыннан шығады.



Алдар көсе:Балалар, сендер білгір, ақылды балалар екенсіңдер. Осындай білімдерің үшін мен сендерге сыйлық алып келдім.

Менің қайтатын уақытым келді. Сау болыңдар!


Рефлексивті - түзетушілік

"Алма кетті домалап " ойыны арқылы тақырып бойынша сөздерді бекіту


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее