«Весна — лето 2024»

Открытый урок 4 класс Петр Ильич Чайковский

Знакомство детей с творчеством Великого русского композитора Петр Ильич Чайковский

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки

Республика Казахстан Акмолинская область

Есильский район г. Есиль

Бердигулова Айгуль Женисовна

Учитель Музыки


Музыка 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: «Петр Ильич Чайковский»

Мақсаты:

1. Оқушыларға П. И. Чайковскийдің өнер - шығармашылығымен таныстыру.

2. Оқушылардың вокалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3. Музыка сабағына жалпы мәдениетке деген сүйіспеншілік тәрбиелеу.

Білімділігі: Оқушыларға өнердің қайнар көзі халықта екенін ұғындыру. Музыка сауатын ашу.

Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, танымын кеңейту, ой - өрісін дамыту

Дамытушылығы: Сын тұрғысынан ойлай білуге, өз ойын жүйелі баяндап, айта білуге, өз - өзінен білім алуға дағдыландыру, ұжымда, топта жұмыс

жасай білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка әдебиеті.

Көрнекілігі: П. И. Чайковскийдің суреті, композитордың балет - операларынан суреттер, «Аққу көлі», «Щелкунчик» видео бейнелерінен үзінділер, интерактивті тақта, үнтаспа, электронды пианино, ямаха.

Музыкалық материал:

1. «Щелкунчик» мультфильмнен үзінді - видео бейне

2. «Аққу көлі» «Кішкене аққулар биі» балетінен үзінді - видео бейне

3. «Жыл мезгілдері» « Песнь жаворонка» үзінді тыңдату

4. «Жаса мәңгі Қазақстан» әнін орындау

5. «Наурыз келді» әнін тыңдату, үйрету

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.

Қызығушылығын ояту. қазір біз «Өз гүліңді тап» ойынын ойнаймыз.(1топ-қызғалдақ,2 топ- бәйшешек, 3 топ- бақбақ.4 топ қызғалдақ Музыка ойнап тұрады.Әр топ балаларынан қолдарындағы гүлдерінің аттарын сұраймын.)

Бағалау: Оқушыларға әр тапсырмаға өздері бір гүлден тақтадағы гүлшоқтарын толтыру керек.

Сұрақ - жауап: Кубизм тәсілі

  1. Кімнің өмір жылдары: 1685 - 1750? (И. С. Бах)

  2. В.А.Моцарт дегеніміз кім?

  1. Ең алғашқы симфониясын 8жасында жазған композитор? (В. А. Моцарт)

  2. Вокалды музыка деген не?

  3. «Фиделио» операсының, «Эгмонт» драмасының авторы? (Л. Бетховен)

  4. Л.В.Бетховен дегеніміз кім?

  5. Ансамбль деген іміз не?

  6. Иоганн Себастьян Бах дегеніміз кім?

Дауыс жаттығуы:

Б. Бейсенова «Анаға сыйлаймыз» әнін орындау

П. И. Чайковскийдің «Щелкунчик» балетіне қойылған мультфильм үзіндісін көрсету

Ой шақыру стратегиясы

- Бұл қай мультфильм деп ойлайсыңдар?

- Кім туралы?

- Ал мультфильмге музыкасын кім жазды деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс балалар, бұл «Щелкунчик» мультфильмі. Ал музыкасын жазған П. И. Чайковский

- Ендеше, бүгінгі сабағымызда Ресей елінің ұлы композиторы, дирижеры П. И. Чайковский мен танысамыз.

Мағынаны тану

Сабақ тақырыбы: «Петр Ильич Чайковский»

(композитордың өмір баянымен таныстыру) Топтарда оқулықтағы берілген мәтінді талдайды. Үй тапсырмасындағы мәліметтерін ортаға салады.

Чайковский Петр Ильич — дирижер, педагог, дүниежүзілік классикалық музыканың аса ірі өкілі. Музыка әлемінде өз орны бар дара дарын иесі, ұлы орыс композиторы. Ресейдің Воткинск қаласында 1840 жылы дүниеге келді. Музыкалық қабілеті ерте байқалып: 5жасында фортепиано аспабында ойнап, ал 3жылдан кейін нота оқып, шағын өз шығармаларын жазып бастаған. Мәскеу қаласының ең жоғары музыкалық білім беретін оқу орны - консерваторияға түсіп, үздік бітіріп шығады. Петр Чайковский музыкасында ерекше әсемдік, сұлулық, қайталанбас мәні бар. Ол көптеген симфониялар, опералар, фортепианоға арналған шығармалар жазды.

Орыстың ұлы композиторы П. И. Чайковский (1840-1893) - Ресейдің Воткинск қаласында дүниеге келген. Мәскеу консерваториясында білім алған. Ол туған жерінің табиғатын шексіз сүйетін. Осы басты тақырып оның шығармашылығының негізі болып табылады. Белгілі орыс сазгері, дирижер, музыкант ретінде әлемге аты әйгілі. «Евгений Онегин», «Ормандағы қыз» опералары, «Щелкунчик», «Аққу көлі» балеттері, оркестрге арналған сюита, концерттері әлемнің алтын қорына енген шығармаларға жатады.

П. И. Чайковский «Жыл он екі ай» атты шығармасын XIX ғасырдың 70-жылдарында жазды. Адам жанының табиғат пен тұрмыстағы әртүрлі сезімін бейнелеген осы шығарма алғаш рет 1876 жылы Петербургтің «Нувелист» журналында жарық көрді.

«Жыл он екі ай» жыл мезгілдеріне, яғни айларына байланысты 12 пьесадан тұрады. Әр пьеса атына сай сол айдағы табиғат көрінісі мен одан нэр алған адамның көңіл күйін бейнелейді:

Қаңтар - «камин жанында»

Ақпан - «масленица»

Наурыз - «бозторғай әні»

Сәуір - «бәйшешек»

Мамыр - «ақ түндер»

Маусым - «баркорома немесе балықшы әні» (Венеция)

Шілде - «шалғышының әні»

Тамыз - «егін ору»

Қыркүйек - «аңшылық»

Қазан - «күз әні»

Қараша - «үш ат жеккен шана үстінде»

Желтоқсан - «Светки» діни мейрамы.

Оқушыларға балет, опера және балет театры бейнеленген түрлі түсті суреттер көрсетіледі. Танымы, ой-өрісі ашылады.

М: Мысалы: «Ұста Вакула», «Евгений Онегин», «Пиковая дама» операларын; «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» балеттерін; Кішкене балаларға арналған арнайы «Балалар альбомы», «Жыл мезгілдері» атты музыкалық жинақтарын жазған. Оның музыкалық туындылары дүниежүзі елдеріне кеңінен тарап, халықтың рухани игілігіне айналды. П. Чайковскийді дүниежүзі халқы балет музыкасына ең үздік шығармалар жазған дарынды композитор ретінде біледі.

Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка - хореография образдар арқылы ашылатын спектакль.

Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді ( "Щелкунчик" балетінен Николай Цискаридзенің биі, видео бейне)

(«Аққу көлі» балетінен «Кішкентай аққулар биі» видео бейнесін көрсету)

- Шығарма қандай оркестрге арнап жазылған? (симфониялық)

- Музыка әуеніне қандай қимыл жасауға болады? (би қимылдарын)

- Қандай аспаптардың үнін естідіңдер? (скрипка, виолончель, флейта)

- Бұл шығарма қандай музыкаға жатады? (классикалық)

Композитордың танымал шығармаларына «Жыл он екі ай» циклі жатады. Циклда жыл мезгілдері, яғни 12 пьесадан тұрады. Әр пьеса атына сай сол айдағы табиғат көрінісі мен одан нәр алған адамның көңіл күйін бейнелейді.

Бағалау: Оқушыларға әр тапсырмаға өздері бір гүлден тақтадағы гүлшоқтарын толтыру керек.

Жадыны дамыту ойыны : топтарға

1 топ: Қаңтар - «Камин жанында»

Ақпан - «Масленица»

Наурыз - «Бозторғай әні»

Сәуір - «Бәйшешек»

2 топ: Мамыр - «Ақ түндер»

Маусым - «Баркорома немесе балықшы әні»

Шілде –«Шалғышының әні»

Тамыз - «Егін ору»

3топ: Қыркүйек - «Аңшылық»

Қазан - «Күз әні»

Қараша - «Үш ат жеккен шана үстінде»

Желтоқсан - «Святки»- діни мейрамы

(Ақпан «Песнь жаворонка» «Бозторғай әні» үзіндісін тыңдату)

Б. Бейсенова «Наурыз келді» әнін тыңдау, үйрету

1. Әннің екпініне, мазмұнына көңіл бөлу.

2. Музыкалық сауаттылық – Балет, опера

3. Әнді қосылып айту, үйрену.

Сергіту сәті: Жер қазайық(саусақтармен жер қазған әрекетті көрсетеді)

Дән салайық (сұқ саусақпен дән салады)

Гүл өсірейік (гүлдің өскенін көрсетеді)

Су құяйық (тамшылатып су құяды)

Шаршағанда ырғалып

Гүлге ұқсап дем аламын

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқаламын

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Желге ырғалып шайқалған

Шығармашылық жұмыс:

Бағалау: Оқушыларға әр тапсырмаға өздері бір гүлден тақтадағы гүлшоқтарын толтыру керек.

Толғаныс: Семантикалық карта толтыру

Бекіту:

1. Чайковский қай елдің композиторы?

2. Қандай шығармаларын тыңдадық?

3. Балет дегеніміз не?

4. Опера дегеніміз не?

Бағалау: Гүлдер арқылы

Үйге тапсырма:

1.«Наурыз келді» әнін жаттау.

2. Ұнаған шығармаға сурет салу.

3. Балет, опера сөздеріне 5жолды өлең

Бағалау:

Рефлексия: Бас бармақ арқылы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее