«Зима 2025»

П п дыбысы және әрпі

Мектепалды даярлық сыныбы " П п дыбысы және әрпі" технологиялық картасы

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Күні:

Тақырыбы: Пп дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Өткен әріптерді еске түсіре отырып,ойлау қаблетін арттыру.

П дыбысы мен таныстыру,П дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру және осы сөздерді қатыстырып,бірнеше сөйлем құрастыру.

Дыбыстық талдау жасауға, сауатты жазуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Көрнекіліктер: П әрпінің суреттері,кеспе әріптер,буындар,текшелер, слайд

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбер:

Армысың алтын күн!

Армысың көк аспан!

Жылуыма жылу қос ,

Сенсің менің жан досым

П дыбысы бар буындарды хормен оқытқызу: па,пе,пу,по.

Пілдің суретін көрсете отырып,піл туралы білетіндерін әңгімелету,

Жұмбақ жасыру:

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Слайд көрсетіліп дауысты, дауыссыз ойыны ойнатылады екі топ өзара жарысады

Тақпақ оқып ондағы п дыбысы кездесетін сөздерді тапқызу.

Пайдалы деп, пияз жеп, парлады жас көзімнен.

«Піссінші біраз»,-деп, пысылдадым төзіммен.

Піл,партаның суреттерін көрсетіп сипаттап айтқызу, П дыбысының

сөздік қай жерде тұрғанын тапқызу.

Дәптермен жұмыс: балапан, піл, доп сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, П дыбысының сөздегі орнын түсіндіру. Өткен дыбыстармен П дыбысын қосып буын,сөз құрастыртып оқыту. Хормен қайталау. Қолды жазуға даярлау. Ауада жазу.

Жазба жұмысын жүргізу,дәптердегі үлгі бойынша П дыбысының кіші және бас әрпінің таңбасын үзік сызықтарды қосу арқылы жаздыру.

Баспа түрімен таныстыру.

Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз ,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Отырамыз, тұрамыз,

Жақсы сергіп қаламыз.

Ойын:Кім жылдам ойыны , балалар текше әріптерден топ болып сөз құрау керек, кім жылдам жинаса сол топ жеңіске жетеді.Жеңген топ марапатталады.

Қортындылау:

Парта ,піл сөздерін қатыстырып,сөйлем құрау,буынға бөлгізу.

«Сөз ойла,тез ойла» ойыны. П дыбысы сөздің ортасында және аяғында кездесетін үш-төрт буыннан құралған сөз ойлату.


Оқу ісінің меңгерушісі:



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее