«Зима 2025»

Парыз тәртіптен басталады

Қазақ сыныптарында өзін -өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған. Жаңартылған бағдарлама бойынша жазылған қысқа мерзімді жоспар.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Мектеп: «Саурық батыр ауылындағы орта мектеп Бірлік бастауыш мектебімен»КММ

Мерзімі: 14.12.2017ж

Тақырып Парыз – тәртіптен басталады

Құндылық Дұрыс әрекет

Қасиеттер: адалдық, тәртіптілік, жауапкершілік

Мұғалім А.К.Гайнанова Сынып 7

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тәртіп пен парыз ұғымдарының мәнін аша отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Оқушыларға тәртіп пен парыздың мағынасын түсіндіру арқылы адалдық қасиетін ұғындыру.

  • Оқушыларға тәртіп пен парызға қарсы дұрыс әрекетке баули отырып, жауапкершілік қасиетін дамыту.

  • Оқушыларды айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, тәртіпті жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті

Орманда оймен серуендеу. Мұғалім : Отырыңыздар, арқаны түзу ұстаңыздар, көздеріңізді жұмып, терең тыныстаңыздар. Әр тыныс алған сайын көбірек босаңсуға және тынышталуға тырысыңыздар. Біз қазір орманға қыдыруға барамыз. Елестетіңіздер сіздер сынып есігіне жақындап келе жатырсыздар , есікті ашыңыздар, дәлізбен жүріп, далаға шығыңыздар. Таза ауаны жұтыңыздар, шаштарыңызға желдің соққанын беттеріңізге күннің жеңіл қыздырған жылы лебін сезініңіздер. Орман жаққа бет алыңыздар. Сақ болыңыздар, жүріп келе жатып жәндіктерді басып кетпеңіздер. Бір минут тоқтап жан-жақтарыңызға қараңыздар. Табиғаттың сұлулығы мен балғындығын сезініңіздер. Қандай да болмасын бір гүлге жақындаңыз. Иіліңіз және оған мұқият қарап оның нәзіктігін қараңыз. Иіскеп оның хош иісінен тыныстаңыз. Ары қарай жүріңіз, айналаңыздағының бәрін байқаңыз.Гүлдің, ағаштың иістері, құстардың әні, жәндіктердің ақырын ызыңы. Орманға сүңги түсіп қараңыз, ағаштар одан бетер биік және көбірек. Жарық пен көлеңкенің ойынын тамашалаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыздар. Орман ішінде біз өзімізді бақытты және қауіпсіз сезінеміз. Біз тоғай ішіндегі алаңқайға шығыңыз. Сіз астында демалғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындап келіңіз оның бұтақтарынан қолыңызбен ұстаңыз. Оның мықты екенін сезініңіз, оның бойында өмір қуатының бар екенін түйсініп, сезінуге тырысыңыз. Енді оның астына отырыңыз, оның діңіне арқаңызды сүйіңіз. Көзіңізді жұмыңыз, терең дем алыңыз және айналадағы тыныштыққа назар аударыңыз.Бізге бақыттың қандай екенін, қандай жеңіл екенін сезінеміз. Табиғат қандай тамаша және біз оны қалай сүйіп, қалай құрметтеу керек екенін, оны қорғау керектігін, бірде-бір тіршілік иесіне зиян келтірмеуді түсінеміз.есте сақтаңыздар бұл сіздердің және ағаштарыңыз, кез-келген уақытта сіздердің оған оралуларыңызға болады. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыздар. Тұрыңыздар да жан-жақтарыңызға тағы бір көз тастаңыздар. Жайлап артқа қарай бағанағы соқпақ жолға жолдағы жәндіктерді басып кетпей оралыңыздар. Міне, біз мектептің алдына келдік. Жан-жақтарыңызға тағы бір қараңыздар, терең таза ауамен тыныс алыңыздар, есікті ашып, өз орындарыңызға оралыңыздар. Өздеріңізде осы сезімді, тыныштықты және қанағаттанушылықты сақтаңыздар. Көздеріңізді ашыңыздар және күліңіздер!


Ресурстар:

Дәйексөздер, водиоролик,тыныштық сәтінде, топпен ән айтуда аудио касета пайдалану, үлестірмелер.

2.Үй тапсырмасын тексеру

«Шектен шықпа» мәтіні бойынша

«Тәртіп бар жерде сүйіспеншілік бар» деген ойдың төңірегінде пікір алмасу

1.Адамдар неліктен тәртіп пен парыз ұғымын жоғары қоюға ұмтылады?

2. Оған жетудің жолдары қандай?

3.Парыз алдында адал болу кез келген азаматтың міндеті ме?

Сабақтың барысын талқылау:

3.Дәйексөз

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды»

Б.Момышұлы

Дәйексөзді алдымен мұғалім оқып береді.




Мұғалімнің сыйы /

4.Әңгімелесу (сұхбат)

-Парыз  дегенде ойымызға не келеді?

-Ана парызы дегеніміз не?

-Перзенттік парыз дегеніміз не?

-Пенделік парыз дегеніміз не?

-Азаматтық алдындағы парыз

дегеніміз не?


5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс


1-тапсырма

Төменде мынандай ой тұжырымдамалар берілген, өздерің үшін дұрыс жауапты белгілеп дәлелдеңдер

1.Тәртіп- белгілі бір қоғам мүшелеріне ортақ орындалуы міндетті ереже заң.

2.Адамды мәжбүрлі түрде реттеу құралы.

3.Бір нәрсенің реті, жөн жобасы, жеке адамның мінез-құлқы.

4.Тәртіптілік -амалсыз атқаратын міндет емес,іштей мойындап,қажет саналған парыз.

5.Тәртіптілік –айнала қоршаған ортаға өзі жайлы жақсы туғызатын амал айла.

2-тапсырма

Өздеріңнің өмірдегі тәртіп ережелеріңді құрастырыңдар

1-топ.

Мектептегі тәртіп ережесін құрастырыңдар

2-топ.

Үйдегі тәртіп ережесін құрастырыңдар

3-топ. Мәдени орындағы тәртіп ережесн құрастырыңдар.


6. Топпен ән айту



7.Үйге тапсырма беру

Ә.Қайдардың шығармасыннан берілген үзіндіні оқып келу.


8.Тыныштық сәті

Бүгінгі сабаққа қатысқандарыңызға алғыс білдіремін. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап алуларыңызды өтінемін.

Шаршағанымызды басып, келесі сабаққа дайындалу үшін сіздермен тыныс алу жаттығуын жүргізейік.

Мұғалім: Аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6 рет)

Сіздерге көп рахмет. Келесі сабаққа сәттілік тілеймін!

















































































































































Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее