«Зима 2025»

Педагогический чтения по теме " Білім сапасы - мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізгі кепілі"

Доклад для Педагогический чтения по теме "Білім сапасы - мұғалімнің шеберлігінің кәсіби кепілі"

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Білім сапасы – мұғалімнің кәсіби шеберлігінің негізгі кепілі


Ж.Б Кунусбаева

2 санаттағы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қарасу әкімдігінің білім бөлімі «Шолақаша орта мектебі» ММ


Mұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады»
К. Д. УШИНСКИЙ

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс .

Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пəнінің терең білгірі болу емес, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, жан-жақты тарихи таным, саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заманына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі - білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр. «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян.
Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.

Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін жүк ауыр» - деген болатын. Демек, бүгінгі таңда педагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады.
Сабақ – біртұтас жүйе және педагогикалық шығарма, сондықтан да ол бір тұтастығымен, бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен, мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс- тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу-тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, экологиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.
Әрине, ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсатым деп есептеуі керек.
Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектептің жаны - мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.
Ендеше, бүгінгі біздің алдымызда тұрған келелі міндет-оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау. Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда, ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы-қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты.

Оның ішінде маған да байланысты деп ойлаймын. Олай болса, өзімді -өзім танып, үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбектенуім керек деген мақсатпен бүгінде танысып, үйреніп жатқан Кембриждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсында тыңдаушының бірі болып, үйрендім.

Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігімен өзара байланыста қарастырылады. Мұнда негізгі мәселе тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 49-бет).

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу-оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал педагогтар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Мен дәстүрлі сабақтар мен бүгінгі тәжірибем негізінде өткізілген сабақтарды салыстыра отырып, төмендегі айырмашылықтарды байқадым. Дәстүрлі сабақтар үрдісіндегі мұғалімнің әдістері мен оқушының іс-әрекетін жеке-жеке сараласақ, мұғалім тақырыпты өзі түсіндіреді, тақырыпты талдайды, оқушыларға әр түрлі тапсырмалар беріп отырады. Ал оқушы мұғалімнің айтқанын қайталайды, түсінгенін айтады, тапсырманы жеке орындайды. Ал Кембридж бағдарламасындағы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгізген сабақтарымда мұғалім оқушылардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмаларға бағыттайды, ал оқушылар болса өз ойларын еркін айтып, пікірлерін қорғауға, кез-келген мәселеге сыни көзқарасын білдіре алатынын аңғардым. Осы салыстырудан сыни тұрғыдан ойлаудың негізгі қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз.

Сабақтарымның барлығында да АКТ, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолданып отырамын және бұның қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына оңтайлы екенін ұғындым. Александердің «балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек» деген пікірін (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 51-бет) негізге ала отырып сабақ жоспарларыма осы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін енгіздім. Бұл маған сабақтарымды жүйелі жоспарлауға және тізбектелген сабақтар топтамасын құруға көмектесті. Сондай-ақ оқушылар еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта білу, бір-бірінің пікірін тыңдау және бағалауға үйренді. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. (нұсқаулық) Бұл жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, сабақтарда дұрыс шешім қабылдауға үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі

ойлау жоғары сынып оқушыларымен қатар жас балаларға да тән. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.

Мектептегі тәжірибе кезінде әдебиет пәнін таңдап алдым. Сабақтарымда жаңа бағдарлама модульдерін қолдана бастадым. Mенің мектепке барған кездегі ең бірінші мақсатым oқушыларды реттеп алу болды.

Мектептегі тәжірибе кезіндегі модульдерді топпен талқылау кезінде «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» тақырыбын таңдадым, өйткені мен осы тақырып бойынша мектептегі тәжірибе кезінде оқушылармен жұмыс жүргіздім. Оқушыларды реттеп алу үшін, өз беттерімен және топта жұмыс жасауға үйретуде әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдандым. Алдағы уақытта осы жұмысымды одан әрі қарай жалғастырғым келеді.

Себебі «Сыни тұрғыдан ойлауды бағалау» барлық сабақ кезеңдерін қамтиды және сабақ нәтижесін көруге болады.

Қoрыта айтқандa менің мектептегі тәжірибеде байқағаным сыни тұрғыдан ойлау модулі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, кейбір оқушылардың шығармашылығы да арта түсті. Сыни тұрғыдан ойлау оқушыға еркін, нақты ой айта алуға үйретеді. Сондай ақ оқушы сыныптacымeн жұптық жұмыста да, тoптық жұмыстa да өз ойын айтып дәлелдей алады, өз -өзіне бaға беріп, cыныптacтарын да бағалaй aлaды.       

Практика кезінде сабақ жоспарын құрастыру кезінде мынадай әдебиеттер: 7-сынып әдебиет, хрестоматиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы, мақал-мәтелдер жинағын қолдандым. Бұл әдебиеттерден сабағыма керекті көптеген мәліметтер алдым. Мысалы: мәтін ішінен сөздерді теріп жазу, сәйкестендіру, мақалдардың екінші сыңарын табу, ақын өлеңіне талдау жасау жұмыстарын орындады.

Қорыта келгенде айтарым, қашықтықтан оқыту кезеңіндегі мектептегі тәжірибе менің өз еңбек тәжірибеме көптеген өзгеріcтерді әкелді. Сабақтарымның жүйелі түрде құрылғаны оқушыларымның тақырыпты еркін мeңгеруіне, өз беттeрімен жұмыc жасауына жағдай туғызды. Caбақта топпен талқылап, пікір алмасатын, ізденіс жұмыстарына жетелейтін тапсырмалар беруді бала ұғымына сай таңдап, жүйелеу басты мақсатыма айналды. Ең маңыздысы- өзімнің және оқушыларымның бойында сенімділік қасиеті қалыптaca бастады. Мен оқушыларымның өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік беріп, олардың орындап шығатынына сенім арта бaстадым. Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда oқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Oқушыларды топқa бөлу барысындa мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлece отырып, oртақ қорытынды шығарады.

2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.

3. Топтарының сұрақтарынa жауап береді.

4. Барлық oқушылар жұмыс істей бacтайды.

5. Қорытынды шығaрaды.

Ocындай тoптa бірлесіп жұмыc істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім aлуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға cалып және сол ойларды кеcте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.

Сабақ барысында тек қана бағыт беріп, жетелеп отырдым. Келешекте осы жеті модульді өз тәжірибемде пайдаланып, зерттеулерімді жалғастырамын.

Жаңалықты жатсынбай қабылдайтын шәкірттерімнің жүрегіне нұр құятыныма сенімдімін және солай етуге бар күшімді, жігерімді жұмсаймын. Болашақта сыныбымда белсенді, көшбасшылыққа қабілетті, шығармашыл оқушылар көп болса екен деймін. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулінің басты мақсаты да осы екені белгілі. Осылай болған жағдайда еңбегімнің жемісті болатынына сенім артқым келеді.

Aлдағы уaқыттa алдыма мынадай мaқсат қoямын:

Оқу мен жазу aрқылы cын тұрғыcынан oйлaуды дамытуғa жұмыcтaр жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттырамын, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптacтыруға мүмкіншілік беремін. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, caналы шешім қабылдауға үйретемін.






Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012ж

2. Бітібаева Қ. Ғылыми жұмысқа баулу. Оқу-әдістемелік құрал, Алматы, 2012ж
































Тезис


Мектеп – тәрбие негізі.

Mұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады»
К. Д. УШИНСКИЙ

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Мұғалім –мектептің жүрегі.

Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі жастар.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін жүк ауыр» - деген болатын.

Өз білімін көтеру негізінде басты тұлға–мұғалім.

Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Әрине, ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа, еңбекқорлыққа, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жаңаша оқыту – заман талабы. Оның ішінде маған да байланысты деп ойлаймын. Олай болса, өзімді -өзім танып, үздіксіз ізденіп, тынымсыз еңбектенуім керек деген мақсатпен бүгінде танысып, үйреніп жатқан Кембриждік жоба үлгісіндегі ұстаздар біліктілігін арттыру курсында тыңдаушының бірі болып, үйрендім.











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее