«Зима 2025»

Планирование урока

токтың және тұрақты магниттің магнит өрісін түсіндіру

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Биниязова А


Сабақ тақырыбы:

Тұрақты магниттіӊ қасиеттерін оқып үйрену және магнит өрісініӊ кескінін алу.

Түзу токтыӊ магнит өрісі. Тогы бар катушканыӊ магнит өрісі.

Мектеп:

№26 ЖББМ,

Алматы қаласы

Мерзімі:

3.04.2017

Мұғалімнің аты:

Нурсадыкова Г.Т

Сынып:

8 г,е,ж,з

Оқушылар саны


Сабақтың оқу мақсаттары

- тұрақты магниттіӊ қасиеттерін білу;

- тұрақты магниттіӊ полюстерін білу;

- тұрақты магнит өрісініӊ күш сызықтарын білу;

- тұрақты магниттіӊ күш сызықтарын кескіндей білу;

- түзу токтыӊ магнит өрісін білу;

- түзу токтыӊ магнит өрісін кескіндей білу;

- тогы бар катушканыӊ магнит өрісін білу;

Сабақтың міндеттері

Оқушылар біледі:

- тұрақты магниттіӊ қасиеттерін;

- тұрақты магниттіӊ полюстерін;

- тұрақты магнит өрісініӊ күш сызықтарын;

- тұрақты магниттіӊ күш сызықтарын кескіндей;

- түзу токтыӊ магнит өрісін;

- түзу токтыӊ магнит өрісін кескіндей;

- тогы бар катушканыӊ магнит өрісін;

Тілдік

мақсаттар

Арнайы пәндік лексика және терминология:

Тұрақты магнит- Permanent magnet

Магнит өрісі- magnetic field

Магнит өрісініӊ күш сызықтары- The magnetic field lines

Магниттік полюстер- magnetic poles

Оӊтүстік полюс -South Pole

Солтүстіқ полюс - North Pole

Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:

Магнит өрісінің негізгі қасиеттері: 1) Магнит өрісін магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер тудырады; 2) Магнит өрісінің күш сызықтары тұйықталған; 3) Магнит өрісі құйынды өріс (күш сызықтары тұйықталған өріс).

Оң бұрғы ережесі: егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді.

Ампер гипотезасы: Тұрақты магниттің магнит өрісі зат молекуласының ішінде айналушы микротоктармен туындайды. Табиғатта электрлік зарядтар сыяқты магниттік зарядтар болмайды.

Өткен сабақ материалдары

Тұрақты магниттер. Тұрақты токтыӊ магнит өрісі.



ЖОСПАР

Уақытша жоспарлау

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақ басы

Ұйымдастыру. Сабақтыӊ мақсаты және оқу мақсаттарын айтамыз.

Электр тогын еске түсіреміз. Тұрақты магниттер туралы айтамыз.


Ортасы

Тұрақты магниттер



Тұрақты магниттіӊ екі полюсы бар:

оӊтүстік (S)- қызыл түсті

солтүстік (N) – көк түсті

Ампер гипотезасы: Тұрақты магниттің магнит өрісі зат молекуласының ішінде айналушы микротоктармен туындайды. Табиғатта электрлік зарядтар сыяқты магниттік зарядтар болмайды.

Аттас полюстер тебіледі (N-N немесе S-S);

Әр аттас полюстер тартылады (N-S).



Магнит бөліктерінде полюстердіӊ пайда болуы



Тұрақты магниттіӊ өрісі

Магнит өрісіндегі темір бөліктерініӊ (опилки) пайда еткен сызықтары магнит өрісініӊ күш сызықтары (индукция сызықтары) деп аталады.

Осы сызықтарға жүргізілген жанамалардыӊ бағытын магниттік тілшелер көрсетеді.




Түзу токтыӊ магнит өрісі

Электр тогы бар өткізгіш орналасқан кеӊістікте магнит өрісі болады. Бұл магнит өрісі магниттік тілшені қозғалысқа келтіреді, яғни магнит тілшесіне магниттік күштер әрекет жасайды.



Егер токтыӊ бағыты өзгерсе

Әр түрлі жазықтықтардағы магнит индукциясы

векторыныӊ бағыты


Оӊ бұрғы ережесі

Оң бұрғы ережесі: егер бұрғының ілгерілемелі қозғалысы токтың бағытымен сәйкес келсе, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Оӊ қол ере




Топпен жұмыс: Тогы бар катушканыӊ магнит өрісі зерттеу


Соленоид ( грек. Солен – құбыр (трубка)) – бұл тогы бар катушка.

Электр тізбегі: ток көзі (аккумулятор), кілт, катушка, қосатын сымдар.

А) Тізбекте электр тогы жоқ, өйткені ол тұйықталмаған (кілт қосылмаған).

Б) Электр тізбегін тұйықтаймыз (кілтті қосамыз). Тізбекте ток болған кезінде метал предметтер катушкаға тартылады.

Тогы бар катушканыӊ магнит өрісі




Катушканыӊ магнит өрісініӊ күш сызықтары:





Катушканыӊ магнит өрісініӊ оныӊ орамдар санынна тәуелділігі

А) Орамдар саны аз катушка

Б) Орамдар саны көп катушка

Қорытынды: Катушканыӊ орамдар саны артса, оныӊ магнит өрісі артады.

Магнит өрісініӊ ток күшіне тәуелділігі:

А) Тізбектегі ток күші кіші.

Б) Тізбектегі ток күші артты.

Қорытынды: Ток күші артса, магнит өрісі артады.


http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba077-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/4_1.swf









































































































































































http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba078-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/4_2.swf

Соңы

Үй тапсырмасы: Физика және астрономия. 8 –сынып. § 52, § 54.






Рефлексия


Сабақтың мақсаты / оқу мақсаты дұрыс па?

Оқушылар бүгін не оқып-үйренді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Мен дифференцияланған жұмысты сәтті дайындай алдым ба?

Мен уақытты сақтадым ба?

Мен жоспарда қандай өзгеріс енгіздім және қандай?

Төменде қалдырылған орынды жүргізілген сабақ бойынша түсіндірмелер үшін қолданыңыз. Сол жақтағы бағанда берілген сабақ бойынша неғұрлым маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды баға

Ең табысты екі сәті қандай еді (білім беру мен оқуды қараңыз)?

1:

Сабақтың қандай екі сәтін жақсарттым (білім беру мен оқуды қараңыз)?

Мен сабақта сынып және жекелеген адамдар туралы нені білдім, мен келесі сабақта нені әңгімелеймін


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее