«Зима 2025»

Разработка урока казахской литературы. Тема: Ахмет Байтурсынов

Урок предназначен для учителей при подготовке к уроку казахской литературы по теме: А.Байтурсынов

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки


Сабақтың тақырыбы:

Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиеттанытқыш»

Сыныбы: 11

Пән мұғалімі: Оразбаева Э.С.

2019-2020 оқу жылы

2-сабақ



1-тапсырма. Ахмет Байтұрсынұлы жайлы деректерді оқып, есіңе сақта.


Б айтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.

Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.


2 -тапсырма. Суреттерге қарап, әңгіме құрастыр.

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

1. Мысалдың аты қалай аталады?

____________________________________________________________________________

2. И.А.Крыловтың мысалын аударған кім?

_____________________________________________________________________________

3. Мысал не туралы?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Бұл мысалдың тәрбиелік мәні неде?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



4-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін оқып, семантикалық картаны, концептуалдық кестені толтыр.

Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері

тақырыбы

сюжеті

композициясы

құрылысы

тіл байлығы














Концептуалдық кесте

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге берілетін баға











5-тапсырма. Есте сақта, жаттап ал!

Ауыз әдебиеті (фольклор)- халық арасында ауызша туындаған, ауызша тараған және ауызша сақталған шығармалар жиынтығы. Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері:

  • шығарманың авторы ауыздан-ауызға көшу барысында біртіндеп ұмытылады;

  • бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады; (Мысалы, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу»

жырының 15 нұсқасы бар)

  • синтаксистік, лексикалық қайталаулар жиі кездеседі.


Ауыз әдебиетінің түрлері:

1. Ертегілер;

2. Тұрмыс-салт өлеңдері;

3. Мақал-мәтелдер;

4. Жұмбақтар;

5. Жаңылтпаштар;

6. Батырлық (эпостық) жырлар;

7. Ғашықтық (лиро-эпостық) жырлар;

8. Аңыз әңгімелер;

9. Айтыстар;

10. Шешендік сөздер;

Глоссарий

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

шаян

рак

cancer

шортан

щука

pike

аққу

лебедь

swan

машақат

трудность

difficulty

ауыр емес

не трудный

not difficult

жүк

груз

load

жұлқиды суға қарай

тянет в воду

pulls the water

балқыған қорғасындай

как расплавленный свинец

as molten lead


СӨЖ және СОЖӨЖ тапсырмалары:

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары (СРС):

1.Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын, шығармаларын білу.

Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы (СРСП):

1. «Аққу, шортан һәм шаян» мысалын оқу, с урет салу.


Әдебиеттер тізімі

1. С.Ч.Тұрсынғалиева, Ә.С.Берекенова Қазақ әдебиеті. Алматы «Арман ПВ» 2015ж.

2. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы. «Ғалым» 1995ж

3. Тарихи тұлғалар Алматыкітап 2009ж

4. С. Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті» Арман баспасы 2009ж

5. «Қазақстан: Ұлттық энцклопедия «Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее