«Зима 2025»

Сабақта іскерлік ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру

Сабақта іскерлік ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақта іскерлік ойындар ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру


Қазіргі кездегі ізгілендіре білім берудің міндеттерін жүзеге асыратын педагогикалық технологиялардың бірі – ойынды оқыту технологиясы. Ойынды оқыту технологиясы – альтернативті таңдау негізі бар тапсырманың шешімін табу іскерлігін қалыптастыруға, оқытуда әр түрлі дидактикалық ойындарды қолдану жүйесі. Оқыту процесінде ойынды қолданудың үлкен мүмкіндіктері айқындалады. Тұлғаның дамуына ойынды іс-әрекет рөлінің де маңызы зор. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.

Ойын – ситуациялар мен оқу тапсырмаларын шешетін іс-әрекет түрі болып табылады. Оқу тапсырмасы деген – оқушылардың білімі мен іскерлігін жетілдіруді қамтамасыз ететін проблемалы белгісі бар оқытушы құрастырған ситуациялар.

Оқыту ойыны – ол оқушылардың білімі, іскерлігі және дағдысы қалыптасатын ойын. Ойын – оқушының өмірлік тәжірибесінің бейнеленіп, қоршаған орта туралы түсініктері тереңдейді және бекітеді, табысты еңбек іс-әрекетін орындауға машықтанады және ұйымдастырушылық қасиеті шыңдалатын іс-әрекет түрі. Оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгерту басты міндет. Сондықтан сабақты әртүрлі ойындар негізінде өткізу оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Біз сабақ жоспары бойынша «Басқару стильдері» іскерлік ойынын өткіздік, енді сол ойынның әдістемесін ұсынамыз.


«Алты ойлау қалпағы» ойыны. (Six Thinking Hats)

Бұл әдісті Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.

Бұл ойынды «Басқару шешімдері» деген тақырыпты өткізгенде қолдануға болады.

Ұйымдастыру: тақырып бойынша проблеманы анықтап, бір ситуация негізінде басқару шешімін қабылдау.

Бұл қалай жұмыс істейді:

Алты қалпақ бар, әр қайсысы ойланудың түрлі элементтерінің рөлін атқарады. Оқушыларға қалпақ беріп (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы – сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау. Сыныпты түрлі қалпақтарға бөліп және мұғалім талқылауды басқара алады.

Ойын ережесі

Бұл әдісте оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, топта (немесе жеке) жұмыс істеу ұйымдастырылады.


Ақ қалпақ белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

 

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақпен сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ бұл – сыни тұрғыда ойлау, сыни баға беру немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

 

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

 

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

 

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.


Бұл әдісте оқушылар 6 топқа бөлінеді. Әрқайсысы өздеріне берілген түске қарай өз жұмыстарын жүзеге асырады.


Ақ шляпа – бұл ақпарат. Яғни басты назарда – «Кәсіпорындағы проблема» туралы ақпаратқа көңіл аударылады.

Біз бұл проблема туралы не білеміз және бұл проблемадан тағы да қандай мәселелер туындауы мүмкін деген сұрақтарға жауап табу керек. Және ол проблема ақпаратты қайдан аламыз? Ең бастысы – бізде қандай ақапарттар бар? Қандай ақпараттар керек?


Қызыл шляпа – сезімдер, интуициямен байланысты. Оқушы өз ойын, түсінігін айтумен байланысты. Оқушы тақырыпқа сай өзінің білгендерін айтады. Бұл кезде оқушы өз білгенін дәлелдемейді, тек қана нені білетінін, өзі не ойлайтынын, пайымдауларын ортаға салады. Топтағы оқушылар белгілі бір жағдайға байланысты басқару шешімдерін қабылдау үшін әртүрлі ақпараттармен жұмыс істейді.


Қара шляпа – сыни тұрғыда ойлау, сыни баға беру. Проблемаға сай басқару шешімдерін қабылдауда қандай тәуекелдер болуы мүмкін екенін қарастыру. Қауіп-қатер жағдайында тәуекел ету және шешім қабылдауды ойластыру. Бұл шешім дұрыс па? Деген сұрақ төңірегінде ойлану.

Сары шляпа – қарастырылып отырған проблеманың жағымды жақтарын, артықшылықтарына көңіл аударуға мән береді Кез-келген басқару шешімдерінің артықшылықтарын, қасиеттерін қарастыру. Топтағылар – неге бұл басқару шешімін қабылдау керек? Оның артықшылығы неде? – деген сұрақтарға жауап іздейді.

Жасыл шляпа – жаңа идеялар. Бұрынғы идеяларды өзгерту, баламалар іздеу, мүмкіндіктерді қарастыру

Проблеманы қарастыруда басқару шешімдерін дайындау және қабылдауда жаңа мүмкіндіктер мен жаңа тұжырымдарды қарастыру

Көк шляпа – барлық жұмыс процесін басқару. Біз қандай жетістікке жеттік, ары қарай не істеуіміз керек – деген сұрақтың жауабын табу. Оның басқа шляпалардан айырмашылығы – не істеу керек екенін анықтау және соңында – барлығын қорытындылау және жаңа мақсаттар қою.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее