«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев "Ана тілім ғажап деп айта аламын", "Биіктер" өлеңі(6 сынып)

Білімділік: ақын өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ойлау,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушылардың Отанға,еліне,жеріне дегені сүйіспеншілік сезімін ояту;

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Күні: 27.01.2017 оқу жылы

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев "Ана тілім ғажап деп айта аламын", "Биіктер" өлеңі

Білімділік:  ақын өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ойлау,сөйлеу мәдениетін жетілдіру;

Тәрбиелік: оқушылардың Отанға ,еліне,жеріне дегені сүйіспеншілік сезімін ояту;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау, баяндау, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті, суреттер т.б.

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс: музыка, ағылшын, орыс тілі т.б

Көрнекілігі: Ақын портреті, кітаптар, көрнекі кеспе қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

С.Сарғасқаев "Тәмпіш қара" повесінен үзінді

Сұрақтар: Сансызбай Сарғасқаев өмір жолы мен өсу жолдары

Сансызбай Сарғасқаев кім?

Қай жылдары өмір сүрген?

Қай жерде туды?

Шыңармалары?

Сұрақтар

Шығармадағы ауыл тұрмысы,балалар өмірі қалай суреттелген?

Хикаяттың басты кейіпкері Ертайдың Шаншатаймен танысуы қандай оқиғамен байланысты еді?

Шығарма неге "Тәмпіш қара" деп аталған?

Иманбек шығармада қандай кейіпкер, оған қандай баға берер едіңдер?

К ейіпкерлерге мінездеме беріңдер?

ІІІ.Жаңа тақырып.

Мұзафар Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», "Биіктер" өлеңі

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы қазіргі Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келген.

  • Әкесі Айтмағамбет ескіше оқыған, сауатты кісі болған.

  • Анасы Зейнеп баласының халықтың жыр-аңыздарымен сусындауына, қазақтың атақты ақын-жазушыларының шығармаларымен таныс болуына ықпал етті.

  • 1939 жылы «Қызыл Ту» газетінде болашақ ақынның тұңғыш өлеңі басылды.

  • 18 жасында өз еркімен Ұлы Отан соғысына аттанады.

  • 1952 жылы «Қарағанды жырлары» деген тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.

  • Мұзафар Әлімбаев –балалар ақыны,

  • Кітаптары: «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ-олақ», «Шынықсаң- шымыр боларсың»

  • Ертегілері: «Түлкі мен жолбарыс», «Екі бұғы», «Түлкі мен қоян», «Түйебас»,

  • 1984 жылы «Аспандағы әпке» атты балаларға арналған жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді

  • Жинақтары: «666 мақал мен мәтел» , «Мақал-сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз- ортақ қазына», «Аржан сөз», «Нақылдар», «Батамен ел көгерер»

Мұзафар Әлімбаев

(1923 жылы туған)

Кім? Ақын, Балалар әдебиеті жазушысы, Мақал – мәтел зерттеуші

Балдырған” журналының бас редакторы


ІV. Оқулықпен жұмыс.

1.Мәнерлеп оқу

2. Өлеңдерді құрылысына СКТ жасау

3 ."Бес жолды өлең» әдісі






Ана тілім ғажап деп айта аламын


А-на ті-лім // ға-жап деп// ай-та а-ла-мын - а 12буын

Жан-нат-тай // жан бал-қы-та// жай та-ба-рым.- а 11 буын

Шыр-қа-тып// ғұ-мыр бо-йы// ай-тар ә-нім, - а 11 буынды

Ке-ле-ді //то-лас тап-пай// қай-та-ла-ғым. - а 11 буын


Тоз-бай-ды сы-ны ке-тіп, сұ-ры қа-шып, - а 11 буын

Біз ә-лі қан-ған жоқ-пыз сы-рын а-шып... –а 11 буын

Қа-за-ғы қа-ді-рі-не жет-кен са-йын , -б 11 буын

Жай-най-ды, ер-тең-ге де нұ-рын ша-шып.-а 11 буын/

Биіктер

Ем-шек-тен шық-пай жүр-ген-де; (а)8 буын

"Бе-сік-тен би-ік жоқ!"-деп ем. (б)8буын

О-йын-ға кір-ген күн-дер-де: (а)8буын

"Е-сік-тен би-ік жоқ!"-деп ем. (б) 8буын


Са-нат-қа кір-ген жыл-дар-да: (а) 8буын

"А-уыл-дан би-ік жоқ!"-деп ем. (б) 8буын

Көз тас-тап қар-лы шың-дар-ға: (а) 8буын

"Та-уым-нан би-ік жоқ!"-деп ем. (б) 8буын


Бір-тін-деп сы-рын а-ша-тын, (а) 8буын

Би-ік-тер әс-те көп е-кен... (б) 8буын

А-дам-ға шұ-ғы-ла ша-ша-тын, (а) 9 буын

Ар-ман-нан би-ік жоқ е-кен!!! (б) 8 буын


Әдебиет теориясы

Ұйқас- өлең-жырларда тармақтың (өлең жолы) соңындағы үндестік. Ұйқас өлеңнің ырғағын күшейтуге септігін тигізеді. Академик Қ.Жұмалиев қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрін төмендегідей көрсеткен:

1

Қара өлең ұйқасы

(а, а, б, а)

2

Шұбыртпалы ұйқас

(а, а, а, а)

3

Ерікті ұйқас

(а, б, в, г, б)

4

Шалыс ұйқас

(а, б, а, б)

5

Егіз ұйқас

(а, а, б, б)

6

Аралас ұйқас

(а, а, б, в, б, в, б, б, б)

7

Шалыс ұйқас

(а, б, а, б, в, г, д, г, ж, д)


Өлеңдерге СКТ жаса

1

Авторы:

Мұзафар Әлімбаев

1

Авторы:

Мұзафар Әлімбаев

2

Тақырып:

Ана тілім ғажап деп айта аламын

2

Тақырып:

Биіктер

3

Жанр:

Поэзия

3

Жанр:

Поэзия

4

Шумақ:

2 шумақ

4

Шумақ:

3 шумақ

5

Тармақ:

8 тармақ

5

Тармақ:

12 тармақ

6

Бунақ саны:

3 бунақ

6

Бунақ саны:

2 бунақ

7

Буын саны:

12,11 буынды

7

Буын саны:

8 буын

8

Ұйқас түрі:

Шұбыртпалы ұйқасы, қара өлең ұйқасы

8

Ұйқас түрі:

Шалыс ұйқасы


"Бес жолды"өлең әдісі

1

Зат есім ( 1 сөз)


2

Сын есім (2 сөз)


3

Етістік (3 сөз)


4

Сөйлем (4 сөзді)


5

Синоним



V.Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)

1.Ана тілінің қадірі мен қасиеті туралы автор қалай ой толғайды?

2.Адамның танымының жыл артқан сайын өсуі заңды құбылыс па, осы мәселе өлеңде қалай көрініс тапқан? сендер "биктер" деп нені есептейсіңдер?


VІ.Үйге тапсырма беру.

Мұзафар Әлімбаев «Ана тілім ғажап деп айта аламын», "Биіктер" өлеңі (біреуін жаттау)




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее