«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Сан есімнің емлесі.сан есімді қайталау " (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есімнің емлесі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;

2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 12.12.2016

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі .сан есімді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Сан есімнің емлесі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;

2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 152-жаттығу. Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен көшіріп жазып, олардың сан есімнің қай түріне жататынын айтыңдар. Астана туралы әңгімені толықтырыңдар.

«Ыстық орындық» әдісі.


ІІІ.Жаңа тақырып. Сан есімнің емлесі. Сан есімді қайталау.

Ережесі

Мысалы

1

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады.

Жиырма бес, бір миллион жеті жүз алпыс бес мың.

2

Цифрмен берілген сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

Атам 70 –ке толды. Інімнің жасы 10-нан 11 –ге қарады.

3

Реттік сан есімдер араб цифрымен таңбаланғанда -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұранағының орнына дефис қойылады.

6-сынып, 5-қатар, 20-есеп, 123-мектеп,т.б.

4

Ал рим санымен берілгенде дефис қойылмайды

VI том, ХХ ғасыр, V тарау ,т.б.

5

Жыл, ай, ғасыр,күннің ретін білдіретін сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис қойылмайды.

1986 жыл, 16 желтоқсан, 8 наурыз,т.б.

6

Екі,алты, жеті есептік сан есімдеріне жинақтық сан есім жасайтын –ау,-еу жұрнақтары жұрнақтары жалғанғанда , түбір соңындағы (ы,і) дыбыстары түсіп қалады.

Ек (і) еу, алт (ы) ау, жет(і) еу.

7

Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, олардан кейін келетін қосымшалар дефис арқылы жазылады.

10-даған, 20-дай, 100-деп, 50-55 –терде


ІV. Оқулықпен жұмыс.

153-жаттығу. Мәтіндегі сан есімдердің жазылуы мен мағыналық түрлерін талдап беріңдер .

154-жаттығу. Мәтіндермен танысып шыққан соң, сан есім емлесіне қатысты ережелерді еске түсіріп, қатесін түзетіп жазыңдар.

155—жаттығу. Мәтінмен танысыңдар. Жеті қазынаға байланысты пікір алмасып, ой қорытыңдар. Өз пікірлеріңді сан есім түрлеріне пайдалана отырып, жазып шығыңдар.

V.Сабақты бекіту.«Топтастыру»

Болжалдық сан есім

Есептік сан есім

Сан есім




Топтау сан есім

Реттік сан есім



Жинақтық сан есім

Бөлшектік сан есім



Сұрақ-жауап:

1.Есептік сан есім дегеніміз не? Мысал келтіру

2.Реттік сан есім дегеніміз не ? мысал келтіру

3.Жинақтық сан есім дегеніміз не? Мысал келтіру

4.Болжалдық сан есім дегеніміз не? Мысал келтіру

5.Топтау сан есім дегеніміз не? Мысал келтіру

6.Бөлшектік сан есім дегеніміз не? Мысал келтіру

7.Сан есімнің жазылудағы емлесі туралы жеті ережені еске түсіріп тататып айту.


VІ.Үйге жұмыс. 156-жаттығу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее