«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас. (8 сынып)

Пәні: қазақ тілі күні: 29.01.2016 сыныбы:8ә,в

Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас. Сабақтың мақсаты: Түсіндірмелі салаласпен таныстыру Міндеттері: оқушыларға түсіндірмелі салалс туралы түсінік беру, түсіндірмелі салалстың жалғаулықтарымен таныстырып, оны таба білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. 109 жаттығу, өздерің тапқан салалас құрмалас сөйлемдерді оқып шығыңдар, мәтінге қалай ат қойғандарыңды жазыңдар. 2. тест тапсырмасы. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Сілтеу есімдіктерін есімізге түсірейік. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз. Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, Іргелесе байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер болады. Олар: мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай т. б. Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қойылатын тыныс белгілері Қос нүкте Сызықша Сол, ол т. б. Сонша, соншалық, сондай 1. Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса - сонасы мен құрт - құмырсқа, бақа - шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.) 2. Сіздерге айтар тілегім сол: мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз. 1. Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды. (Б. Соқп.) 2. Адам баласы керуен сияқты – тоқтады, көшті де кетті. (Қорқыт) ІV Бекіту жаттығулары. 110 – жаттығу ауызша Тапсырмасы: Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңдар. 111 - жаттығу. Топпен жұмыс Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп - салдар салалас екенін анықтаңдар 1 - топ түсіндірмелі салаласты табады 2 - топ себеп - салдар салаласты табады.

Ыңғайлас салалас сөйлем Күн де батты, жол айрығына біз де жеттік. Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады. Менде құжат жоқ, әрі баратын үйдің мекен жайы жоқ. Ол төмен түсіп еді,жол екіге бөлінді. Қарсылықты салалас Сәрсен оны анық көрді, бірақ Жетес оны байқамады. Жоспарланған шара уақытында өтті,бірақ нәтижеге жете алмадық. Оны сұраған ешкім жоқ, ал сұрай қалса айтар жауабым дайын. Қыс түсті, бірақ әлі аяз бола қойған жоқ. Түсіну. Постермен жұмыс 5 минут Түсіндіру 4 минут V. Өздік жұмыс. Фонетикалық, морфологиялық талдау 1 - топ фонетикалық: опасыз; морфологиялық: тұрақтамайды 2 - топ фонетикалық: өтірік; морфологиялық: түспеген Фонетикалық талдаудың сызбасы: Мысалы 1. Шырша - Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауыстылар жуан дыбыстар. Бұл сөз екі буынға бөлінеді: шыр - ша, себебі, сөзде екі дауысты дыбыс бар. Шыр (б. б), ша (а. б.) Шырша сөзінің бір ғана тасымалдану түрі болады, себебі 2 буынды сөз. шыр - ша Қазақ тілінде сөз екпінінің орны бір шама тұрақты, сондықтан бұл шырша сөзінде екпін «а» дыбысына түседі. Шырша - түбір сөз, үндестік заңы жоқ. әр дыбысты талдау Морфологиялық талдаудың сызбасы: Мысалы Айтуға Үш кұрамнан тұр: Айт+у+ға Тұлғасына қарай - негізгі Құрылысына қарай — дара Сөзде 1 лексикалық, 3 грамматикалық мағына бар Лексикалық мағынасы қимыл әрекетке берілген атау бірінші грамматикалық мағына айт не істе? Негізгі етістік екінші грамматикалық мағына у тұйық етістік арқылы берілген атауыштық мағына үшінші ға барыс септігі арқылы жасалған категориялық грамматикалық мағына VІ. Сабақты қорытындылау. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не? Жалғаулық арқылы байланыса ма? Қандай тыныс белгілері бар? VІІ. Үйге тапсырма: Түсіндірмелі салалас, 112 жаттығу. Тапсырмасы: Көшіріп жазып, қажетті тыныс белгілерін қой. VІІІ. Оқушыларды бағалау.

1) Берілген сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз. Біз жұмыстан кеш қайттық, себебі тексеріс келген еді. А) Талғаулы В) Ыңғайлас С) Кезектес Д) Қарсылықты Е) Себеп - салдар 2. Ілгерінді ықпалды табыңыз. Өзіңді кез келген жаннан тым биік көтермесеңші. А) Өзіңді В) Жаннан С) Көтермесеңші Д) Кез келген Е) Тым биік 3. Бұйрық райлы етістікті табыңыз. А) кешке алтыбақан құрамыз. В) Мерекеге жақсы дайындалды. С) Балаларым аман болса екен. Д) Айбек үйіне қайтсын Е) Өмірмен күнесіп келемін 4. Берілген сөйлемнің ішінен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз Хаттар көбінесе қара сөз түрінде жазылады. А) Түрінде В) Көбінесе С) Сөз Д) Жазылады Е) Қара 5. Жалаң сөйлемді белгілеңіз. А) Ұзамай тағыда қонақтар келді. В) Бәріне бірдей тапсырма берілді. С) Жұмысшылар қайтып келді. Д) Жаңадан үш жүз жұмыскер аламын. Е) Бәрі тапсырманы орындады. 6. Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз А) Себеп - салдар В) Қарсылықты салалас С) Түсіндірмелі салалас Д) Талғаулы салалас Е) Кезектес салалас 7. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз А) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды. В) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда, шыж - быж етіп ұрыспайды да. В) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды. Д) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті. Е) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер. 8. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз А) Түн. Ышқынған дауыл. В) Қасиетті мекен, күн сәулесі. С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті. Д) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ. Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты. 9. Матасуға қай септік тән екенін белгілеңіз. А) Барыс В) Ілік С) Көмектес Д) Атау Е) Жатыс 10. Сөздің ауыспалы мағынасын белгілеңіз А) Әжем қоңыр сиырды іздеп кетті. В) Қызыл, қоңыр, сары – күз түстері. С) Қоңыр қарындашымды көршіме бердім. Д) Әміре сахнада қоңыр дауыспен ән салды. Е) Сізге қоңыр көйлек жарасады екен.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Пәні: қазақ тілі күні: 29.01.2016 сыныбы:8ә,в

Сабақтың тақырыбы: Түсіндірмелі салалас.
Сабақтың мақсаты: Түсіндірмелі салаласпен таныстыру
Міндеттері: оқушыларға түсіндірмелі салалс туралы түсінік беру, түсіндірмелі салалстың жалғаулықтарымен таныстырып, оны таба білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 109 жаттығу, өздерің тапқан салалас құрмалас сөйлемдерді оқып шығыңдар, мәтінге қалай ат қойғандарыңды жазыңдар.
2. тест тапсырмасы.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сілтеу есімдіктерін есімізге түсірейік.
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы
алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын
құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.
Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз,
Іргелесе байланысады.
Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер болады. Олар: мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай т. б.
Түсіндірмелі салаластың ара жігіне қойылатын тыныс белгілері
Қос нүкте Сызықша
Сол, ол т. б. Сонша, соншалық, сондай
1. Байжанның дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса - сонасы мен құрт - құмырсқа, бақа - шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.)
2. Сіздерге айтар тілегім сол: мені ұшқыштың оқуына жіберіңіз. 1. Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі парыздан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды. (Б. Соқп.)
2. Адам баласы керуен сияқты – тоқтады, көшті де кетті. (Қорқыт)
ІV Бекіту жаттығулары.
110 – жаттығу ауызша
Тапсырмасы: Түсіндірмелі салаластың жасалу жолын түсіндіріңдер. Тыныс белгісінің қойылу себебін айтыңдар.
111 - жаттығу. Топпен жұмыс
Қос нүкте қойылған сөйлемдердің қайсысы түсіндірмелі, қайсысы себеп - салдар салалас екенін анықтаңдар
1 - топ түсіндірмелі салаласты табады
2 - топ себеп - салдар салаласты табады.

Ыңғайлас салалас сөйлем
Күн де батты, жол айрығына біз де жеттік.
Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.
Менде құжат жоқ, әрі баратын үйдің мекен жайы жоқ.
Ол төмен түсіп еді,жол екіге бөлінді.
Қарсылықты салалас
Сәрсен оны анық көрді, бірақ Жетес оны байқамады.
Жоспарланған шара уақытында өтті,бірақ нәтижеге жете алмадық.
Оны сұраған ешкім жоқ, ал сұрай қалса айтар жауабым дайын.
Қыс түсті, бірақ әлі аяз бола қойған жоқ.
Түсіну. Постермен жұмыс 5 минут
Түсіндіру 4 минут
V. Өздік жұмыс. Фонетикалық, морфологиялық талдау
1 - топ фонетикалық: опасыз;
морфологиялық: тұрақтамайды
2 - топ фонетикалық: өтірік;
морфологиялық: түспеген
Фонетикалық талдаудың сызбасы: Мысалы
1. Шырша
- Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауыстылар жуан дыбыстар.
Бұл сөз екі буынға бөлінеді: шыр - ша, себебі, сөзде екі дауысты дыбыс бар.
Шыр (б. б), ша (а. б.)
Шырша сөзінің бір ғана тасымалдану түрі болады, себебі 2 буынды сөз. шыр - ша
Қазақ тілінде сөз екпінінің орны бір шама тұрақты, сондықтан бұл шырша сөзінде екпін «а» дыбысына түседі.
Шырша - түбір сөз, үндестік заңы жоқ.
әр дыбысты талдау
Морфологиялық талдаудың сызбасы: Мысалы
Айтуға
Үш кұрамнан тұр: Айт+у+ға
Тұлғасына қарай - негізгі
Құрылысына қарай — дара
Сөзде 1 лексикалық, 3 грамматикалық мағына бар
Лексикалық мағынасы қимыл әрекетке берілген атау
бірінші грамматикалық мағына айт не істе? Негізгі етістік
екінші грамматикалық мағына у тұйық етістік арқылы берілген атауыштық мағына
үшінші ға барыс септігі арқылы жасалған категориялық грамматикалық мағына
VІ. Сабақты қорытындылау.
Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?
Жалғаулық арқылы байланыса ма?
Қандай тыныс белгілері бар?
VІІ. Үйге тапсырма: Түсіндірмелі салалас, 112 жаттығу. Тапсырмасы: Көшіріп жазып, қажетті тыныс белгілерін қой.
VІІІ. Оқушыларды бағалау.









1) Берілген сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз.
Біз жұмыстан кеш қайттық, себебі тексеріс келген еді.
А) Талғаулы
В) Ыңғайлас
С) Кезектес
Д) Қарсылықты
Е) Себеп - салдар
2. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
Өзіңді кез келген жаннан тым биік көтермесеңші.
А) Өзіңді
В) Жаннан
С) Көтермесеңші
Д) Кез келген
Е) Тым биік
3. Бұйрық райлы етістікті табыңыз.
А) кешке алтыбақан құрамыз.
В) Мерекеге жақсы дайындалды.
С) Балаларым аман болса екен.
Д) Айбек үйіне қайтсын
Е) Өмірмен күнесіп келемін
4. Берілген сөйлемнің ішінен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз
Хаттар көбінесе қара сөз түрінде жазылады.
А) Түрінде
В) Көбінесе
С) Сөз
Д) Жазылады
Е) Қара
5. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Ұзамай тағыда қонақтар келді.
В) Бәріне бірдей тапсырма берілді.
С) Жұмысшылар қайтып келді.
Д) Жаңадан үш жүз жұмыскер аламын.
Е) Бәрі тапсырманы орындады.
6. Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін
көрсетіңіз
А) Себеп - салдар
В) Қарсылықты салалас
С) Түсіндірмелі салалас
Д) Талғаулы салалас
Е) Кезектес салалас
7. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз
А) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың
қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
В) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда, шыж - быж етіп ұрыспайды да.
В) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.
Д) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті.
Е) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.
8. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз
А) Түн. Ышқынған дауыл.
В) Қасиетті мекен, күн сәулесі.
С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.
Д) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.
Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.
9. Матасуға қай септік тән екенін белгілеңіз.
А) Барыс
В) Ілік
С) Көмектес
Д) Атау
Е) Жатыс
10. Сөздің ауыспалы мағынасын белгілеңіз
А) Әжем қоңыр сиырды іздеп кетті.
В) Қызыл, қоңыр, сары – күз түстері.
С) Қоңыр қарындашымды көршіме бердім.
Д) Әміре сахнада қоңыр дауыспен ән салды.
Е) Сізге қоңыр көйлек жарасады екен.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее