«Зима 2025»

Су –еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар.

Урок разработан в помощь коллегам. На уроке применены различные методы и приемы для эффективного урока и интересного усвоения материала.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Дүниетану.

2-сынып.

Ашық сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Су –еріткіш.

Суда еритін және ерімейтін заттар.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға судың еріткіштік қасиетін түсіндіру.

Тәжірбиелер арқылы суда еритін және ерімейтін заттар

туралы мәлімет беру.

Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде баяндау,

түсініп оқу,сауатты жазу, ойлау, есте сақтау, олардың

байқағыштығын пәнге деген қызығушылық қабілеттерін

дамыту.

Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: Дәстүрден тыс тәжірибе сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтті тақта,электронды оқулық тәжірибеге керекті заттар.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу, тәжірибе жасау, баяндау, тест.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын алу.Зейін қою.

Психологиялық жаттығу.

Табиғат

Тіріліксің тұнып тұрған,

Сен күнсің.

Көтерілген күліп қырдан

Сен-Көлсің,

Сен-Ормансың

Сен-бұлақсың

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Суда еритін және ерімейтін заттар.Суды еріткіш тұрғысынан қарау.Судың қасиеттерін анықтай түсу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге қандай тапсырма берілді? Су.Судың қасиеті.

Тәжірбие жасау. I-тәжірбие.Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйамыз. Екеуін салыстырамыз. Сүт-ақ, ал су-түссіз.Таза суды аз мөлшерде алсақ,түссіз.Ал өзен,көл суларының түсі әр түрлі болады.

2-Тәжірибе. Екі стақанның біреуіне сүт,біреуіне су құйамыз:Олардың ішіне қасық салайық.Қайсындағы қасық анық көрінді. Неге?

Бұл тәжірбиеден судың қандай қасиетін байқадың? Суды иіскеп көр. Иісі жоқ.

Олай болса су, түссіз,мөлдір, иіссіз.

3-тәжірибе.Бірнеше ыдысқа: кесеге, шыныға, стақанға су құй.Осы ыдыстардың ішіндегі қара. Су қандай пішінде ие болды? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды.

Кез-келген беті тегіс нәрсеге суды құйып көрейік. Ол жан-жағына аға бастайды, себебі ол сұйық. Оның орнында дымқыл, сулы із қалады. Су жұғады. Кез келген затты суға малып алсақ, ол су-су болып шығады. Су жабысқақ.

Тасты суға сал. Ол да су болып шығады.

Жуылған киімді далаға жаямыз. Оның бойындағы су қайда кетті?

Күн көзі жылуынан су буға айналды.

Қысқы суықта су қатып, мұзға айналады.

Сұрақтар қою.

Тірек- сызбамен жұмыс.

жабысқақ

еріткіш

жұққыш

мөлдір

бу

пішінсіз

сұйық

















Жаңа сабақ. Кіріспе сөз.

-Судың қасиеттерін айтып жатырсыңдар.Ал, енді мына картаға қарасаңдар, біздің жер шарымыздың ең көп жерін су алып жатыр.Су жердің ¾ бөлігін алады екен.Адам өміріне ең қажет-жарық,ауа, су,жылу, тамақ.



4 модуль

Бөлімі

Сабақ саны

Модульдің мазмұны

Уақыты

Кіріспе

бөлімі

1 сабақ

Су.Судың қасиеті.Жалпы түсінік.

1 сағ.

Сөйлеу

бөлімі

2 сабақ

Су-еріткіш.

Суда еритін және ерімейтін заттар.


1 сағ.


Қорытынды бөлім


3 сабақ

Судың маңызы.

Қорытынды сабақ.


1сағ.






Суда еритін және ерімейтін заттар









Тәжірбие

Топпен жұмыс







Ойындар





Тест







Электронды оқулықпен жұмыс.

1.Тәжірибе. Таза суды әйнек бетіне тамызамыз.Оның астынан май шаммен қыздырамыз.Су буға айналып, ұшып кетеді. Ал әйнектің бетінеде ақшыл дақ қалады. Бұл не?

Суда басқа еріген заттар бар дегенді дәлелдейді.

Таза, мөлдір судың өзінде ерілген заттар көп.Ащы суда мұндай заттар көп болады.

Табиғатта ешбір қосылысы жоқ таза су кездеспейді.

Қант, тұз, сал.Еріп көрінбей кетті.Дәмі өзгерсе де, түсі өзгермей қалды.Марганец түсі өзгергенімен, мөлдір суда еритін заттар.

Ал суда ерімейтін заттар суды лайлайды.

2-тәжірибе.Стақандағы суға лай салайық.Су лайланды.Саз суға араласқанымен,еріген жоқ.Құм, саз, түрлі ерімейтін шірінділерді қоса әкетеді. Өзен, көл суларының түрі осы түбіндегі шөгіндісінің түсіне байланысты түрліше болып көрінеді (көк, жасыл, қоңыр).

Суда ,ауада еріп оған араласқан.

3-тәжірибе.Стақанға салқын су құй.Стақан қабырғаларында ұсақ көпіршіктер пайда болды.Бұл су ішіндегі ауа. Су ішіндегі ауамен су жануарлары мен өсімдіктер тыныс алады.

Сергіту сәті:

Қоршаған орта-табиғат,

Жануар, өсімдік, адамзат.

Сүю, қорғау-парасат.

Білейік мұны-жамағат.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар мәтінді өздігінен оқып, тапсырмаға жауап дайындайды.

Ойын: «Кім тапқыр».Үш кішкене шыныға су , бензин, сірке суын құйып, аузын мықтап жауып, үстел үстіне қоямын.Осылардың ішінен суды табыңдар.



Ойын: Суды қажет ететін заттар.

Ойын: «Мен бастаймын,сен аяқта».

Су бар жерде ... бар.

Сулы жер ... жер.

Су тіршілік ....

Ой қозғау.Үстіне жүк артқан екі есек келе жатты.Біреуінің үстінде тұз, екіншісінде мақта.Олар терең өзеннен өту керек болды.Үстіне тұз артқаны судан шыға салып бүлкілдеп жорыта жөнелді. Ал мақта артқаны аяғын әрең басып, қабырғасы қайысып кетті. Неге?

Тұз суда еріп жеңілдеп қалды.Мақта су болып ауырлап қалды.

Топпен жұмыс.

І

түссіз

иіссіз

мөлдір

жұққыш

-топ:











ІІ-топ:

Еритін зат қант тұз.

Ерімейтін заттар құм, тас, саз.

Мақал-мәтелдер жарысы.

*Суды улама, суға түкірме.

*Су анасы-бұлақ.

**Бір адам қазған құдықтан,1000 адам су ішеді.

Жұмбақтарды шешу.

Жылт-жылт еткен,

Жылғалардан өткен. (Бұлақ суы)

Өзі судан жаралған

Бірақ судан қорқады. (Мұз)



Дәмі де жоқ, түсі жок,

Пайдаланбас кісі жоқ. (Су).

Тест.

1.Судың қасиеттерін белгіле.

А) ақ Ә) мөлдір Б) сұр.

2.Суда еритін затты белгіле.

А) қант Ә) тас Б) құм

3.Тірі табиғатты белгіле.

А) ауа Ә) адам Б) су.

4. Суда ерімейтін затты белгіле.

А) құм Ә) тұз Б) қант.



Сабақты қорытындылау. Сонымен балалар бүгін сендер нені

білдіңдер?





Семантикалық қарта

Р/с

Су-еріткіш

Еритін

Ерімейтін

1

Тұз



2

Тас



3

Саз



4

Қант



5

Құм






Бағалау: Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге: 45-46 бет. Оқу.Әңгімелеу. Бақыла.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее