«Зима 2025»

Сутек-химиялық элемент және жай зат

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

 

Сабақ №41

8 химия

07.02

Сабақтың тақырыбы

Сутек-химиялық элемент  және  жай зат.Сутектің изотоптары.

Сілтеме

Жоспар

Сабақтың жалпы мақсаты

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптастыру мақсатында элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамыту, табиғатта таралуы және алыну жолының ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру.

Күтілетін нәтиже

Сутектің химиялық элемент және жай зат ретіндегі түсінігін қалыптасады, элементті сипаттауға ерекше мән беріп, білімдерін дамытады, табиғатта таралуы және алыну жолдарын одан әрі жетілдіреді

Негізгі идеялар

Сабақтың өткізу әдісі әңгімелесу , сыни тұрғыдан ойлау элементтері, жеке, жұппен, топпен жұмыс


Ұйымдастыру

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аударту, смайлик көрсетіп сабақты формативті бағалау, топқа бөлу(2-3 минут) Топқа бөлу; 1- топ оттек, 2 сутек 3 су 4 қышқыл

Қызығушылықты ояту

       « Миға шабуыл»



1.Заттар нешеге жіктеледі?  Жай және күрделі заттар дегеніміз не?

2.Химиялық элемент дегеніміз не? Оттек элементіне сипаттама беріп көрелік( аты, таңбасы, сал.ат.массасы, молекуласы, сал.мол.массы,валенттілігі, периодтық кестеде орны бар,аллотропиялық түр өзгерісі бар)

3.Химиялық реакцияның неше типі бар? Атаңыз

4.Термохимиялық реакция дегеніміз қандай реакция,ол нешеге жіктеледі?

Семантикалық карта



 






Қосылу реакциясы

Айырылу реакциясы

Орын

 басу реакциясы

Алмасу

реакциясы

Экзотермиялық реакция

Эндотермия

лық реакция

   Са + О2    =  2СаО

+

 

 

 

 

 

   Fe + CuCI2 = Cu + FeCI2

 

 

+

 

 

 

   CaCO3 = CaO  +  CO2 - Q

 

+

 

 

 

+

   HCI + NaOH = NaCI + H2O + Q

 

 

 

+

+

 

    2H 2O =   2H2  + O- Q

 

+

 

 

 

+

    2H2  + O =  2H 2O + Q

+

 

 

 

+

 


  1. «Мені тап»



Мен судың арғы тегімін,

Серігімін оттек атты серінің.

Ежелден ең жеңіл газбын,

Оттекке қарағанда азбын.

    1 пайыз ғана жер бетіне тарағам,

     Ғаламшарда  92 пайызбын.

     Бармын газбен көмір,мұнайда,

     Болашақта өзім отын бола алам.        (Сутек)

Мағнаны тану

 Химиялық таңбасы :   Н ,  Ar( Н ) = 1,008  м.а.б.                

                                          Н2 ,Mr (Н2= 2 м.а.б.

          Н2   ↑, и , т, суда АЕ (100Vсуда -  2V Н2 ериді).

    Жер бетінде оттекке қарағанда сутек едәуір аз.Ең көп тараған қосылысы- Н2О

   Күн жүйесі планеталарының 92%-ін сутек атомы құрады.

    Сутектің жер қыртысында газ күйіндегі метанның, қатты тас көмірдің, сұйық күйдегі мұнайдың, көптеген минералдар мен тау жыныстарының құрамында оттекпен қатар сутек те кіреді. Жер қыртысындағы сутектің массалық үлесі 1 %. Ол аз болып көрінгенмен, шындығында жердегі әр 100 атомның, шамамен, 10 атомы сутектің үлесіне келеді.

  Сутекті отын ретінде пайдаланған тиімді. Әзірше сутекті көп мөлшерде өндіруге болатын шикізаттар – метан мен суды айыру қымбатқа түсіп отыр. Келешекте автомобильдерді сутек отыны көмегімен жүргізуді дамыту көзделуде.

Жер қыртысындағы сутектің мөлшері:

 Жер бетінде сутек бос күйінде кездеспейді, көп тараған қосылысы-су. Судағы сутектің массалық үлесі 11 пайыз. Сонымен қатар сутек табиғатта қосылыстар құрамында кездеседі

 Минералдар мен тау жыныстарында

 Мұнай құрамындағы метан газында

Жануарлар мен өсімдіктер организмінде

  Сутектің ашылуы

Сутекті алғаш ХҮІ ғасырда неміс дәрігері ПАРАЦЕЛЬС  ашқан.

 ▪1776 жылы ағылшын ғалымы Г.Кавендиш сутектің қасиетін анықтап,басқа газдардан айырмашылығын анықтап берген.

 ▪Француз ғалымы А. Лавуазье сутекті алғаш судың құрамынан бөліп алды және судың құрамы сутек пен оттектен тұратындығын дәлелдеді. Ол сутектің жай зат екенін анықтап, оған “гидрогениум” деп ат берген. Латынша бұл “су тудырушы” дегенді білдіреді.

         Генри Кавендиш                            Антуан Лавуазье

 Өнеркәсіпте алынуы:

 

  1. Жер бетінде су кең тарағандықтан өнеркәсіпте сутекті алудың негізгі әдісі – суды тұрақты электр тогының көмегімен айыру болып табылады.

      2H 2O =   2H2  + O2

  1. CH4 +  2H2O = CO+  4H2  -165 кДж

Іс- әрекеттер

Тапсырмалар

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Жаңа мәтінді жеке , одан барып, жұппен оқып, одан кейін топта талқылайды. (Жигсо әдісі)

2-тапсырма. Жұппен жұмыс жаңа сабақтан бірі-біріне сұрақтар қою. Өзара бағалау.

Білімді қорытындылау Жеке тапсырма. Химиялық реакция теңдеулерін аяқтаңдар:

1. Na + H2O=

2. S + H2=

3. Na + H2 =

4.Li +H2O=

5.Al + HCl =

6. C+ H2 =

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Сутектің табиғи қосылыстарының

А) су;

Ә) метан СН4

Б) пропан С3Н8 қайсысының құрамында сутектің массалық үлесі көп?


Зертханада алынуы

 Сынауыққа 1-2 түйір мырыш салып, үстіне сұйытылған тұз немесе күкірт қышқылын құяды. Реакцияның жүре бастағанын сұйықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуынан байқауға болады. Ол – сутек газы.

Сутек газының бөлінгенін дәлелдеу үшін сутек жиналған сынауықты жанып тұрған спиртшамға жақындатса «пах» деген дыбыс шығарады.

  1. Zn + H 2SO4 =  ZnSO4  +    H2  ↑        

  2. Zn + 2 HСІ   =  ZnСІ2   +     H2  ↑ 

Белсенді ме.  +  қышқыл     =   тұз   +  сутек

       5  Са  +  2 Н2О   =   Са ( ОН )2  +  Н2

      6.   2Nа + 2 Н2О   =   2 Nа ОН    +   Н2

Белсенді ме.  +   су     =   металл гидроксиді   +  сутек

      Зертханада сутекті жинау әдістері:

        ( оттегін жинау әдісімен салыстыру)

Ауаны ығыстыру  арқылы            Суды ығыстыру арқылы      

Сутегін зертханада алуға арналған құрал - Кипп аппараты


«Мырышқа қышқылмен әсер етіп сутек газын алу» (дәптерге орындау)


Оқушының алдына  ойықшалар беріліп ішіне мырыш түйіршіктері салынады. Үстіне (өте сақ болу! ) күкірт немесе тұз қышқылдары тамшуырмен құйылады. Бөлініп жатқан газ көпіршіктерін көзбен көреді.Бөлініп жатқан газды сынауыққа жинап жанып тұрған спиртшамға апарып сутек екендігін дәлелдеу.

А.Тақтадан сәйкес теңдеулерін табады.

ә. Неге сутекті сынауықты төмен қаратып жинайды?

Б.сутек толған сынауықты жалынға жақындатқанда не байқадыңдар?

В. Сутектің жану теңдеуін жазыңдар.  

      2H2  + O =  2H 2O - Q  

Тест тапсырмалары


1.Сутектің химиялық таңбасы:

а) Н      ә) Не           б) Cu          в) Si                 

 2.Күн жүйесі планеталарының қанша пайызын сутек атомы   құрайды?

а)25%      ә)32%       б)24%           в)92%

 3.Сутекті ең алғаш алған ғалым?

а) Ломоносов     ә) Менделеев        б) Кавендиш           в) Лавуазье

 4.Сутек латынша қандай мағынаны береді: а)түтінді газ     

ә)су тудырушы       б)қопарғыш газ       в)су тасушы     

 5.Сутекті өнеркәсіпте алу жолы:

а)Электр тоғы арқылы                        ә)белсенді металдан

б)ауаны ығыстыру арқылы                в)айдау арқылы             

 Жауаптары:

 

1

2

3

4

5

А

В

Б

Ә

А


Рефлекция

Оқушылар өз ойларын еркін жазады

Кері байланыс

Спикерге жазып үміт ағашына жабыстыру

Формативті бағалау

Бағалау критериалары арқылы

Өз –өздерін бағалау

Смайликтер арқылы топ басшысы бағалау

Үйге тапсырма

§ 41  № 1-12





Тексерген _____________________________________Б.Т.Сағатов

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее