«Зима 2025»

Тәрбие сағаты "Қарттарым-асыл қазынам!"

Тәрбие сағаты: «Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Тәрбие сағаты: «Қарттарым – асыл қазынам

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, нақыл сөздер.

Барысы:

І.Кіріспе сөз:

А) Келген қонақтарды қарсы алу.

ІІ. Негізгі бөлім:

Ә) Қарттарымыз қазына екендігін түсіндіру;

Б) Қарттар күніне арналған ақын жазушылардың өлең шумақтары;

В) Аталарымыздың оқушыларға берер ақыл кеңестері, оқушылардың сұрақтары;

ІІІ. Қорытынды.

1-жүргізуші:

Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, сөзі нәр.

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
2-жүргізуші:

Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар. 5-9 сыныптар оқушыларының қатысуымен  1  қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Қарттарым-асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:

Мерекеңіз құтты болсын ата-апа!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма?
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
2-жүргізуші:

Біздің ауылымызда қадырлы де, құрметті қарт ата-әжелеріміз бар. Солардың бірі ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________әжелеріміз бүгін бізде қонақта.

1-жүргізуші:

Қадірлі ата-әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
2-жүргізуші:

Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І бөлім Ата-әжем мақтанышым 
ІІ бөлім Жырымды сізге арнаймын
ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
1-жүргізуші:

Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектесу бәріміздің міндетіміз. Осы күнге арнап қазір біз 5-6 оқушымен «Менің күнім» атты психологиялық ойын деген сөз.
Алдарыңызда жатқан параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің ата немесе әжелеріңіздің есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)

2-жүргізуші:

І бөлім   «Ата-әжем мақтанышым»
Ата-ардақты тұлға. Иә, «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс-әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

1-жүргізуші:

Әже-ақ сүт берген аналардың анасы. Әже әрқашан да балалық бал дәреннің басықасында болып, асыраушы, аялаушы,тәрбиелеуші басты кісі. Өмір өрнектеріне, тіршілікке көбірек араласқан ана перзентін көбінесе әженің қарауында қалдырады. «Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Жан жүрегін салып нәрестені, бүлдіршін жасөспірімді тәрбиелейді.
Ауыл әжелері туралы мәлімет беру.

2-жүргізуші:

ІІ бөлім «Жырымды сіздерге арнаймыз»

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.
1-жүргізуші:

Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев былай дейді.
Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен.
Немеренің бойында,
Бар жақсылық бар екен.
Туған балаң жай ғана,
Демесең де жат бөтен,
Нағыз бала ойласаң.
«Немере» екен тәтті екен.
в/ Оқушылардың ата-әжелеріне деген жыр шумақтарына берелік.

1 оқушы:

Ата күні - әже күні әлем күні

Әлемде теберінділер ақылды үні

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны

Ата - әже мерекелеріңіз құтты болсын

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.
2 оқушы:

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз. 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

3 оқушы:

Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып.
Маған сақтап жүреді,
Тәттіні де жасырып.
Тосып тәтті дәмдерін,
Ол бар жерде бал жедім.
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.


4-оқушы:

Атама Аташым менің тірегім.

Көп еді- ау сенің тілегің.

Атыңды сенің ардақтап,

Жүремін әр кез мақтанып.

Көп жүріп кейде ойланам,

Атам жайлы толғанам.

Аташым болса қасымда.

Қуаныштан шаттанам.
5-оқушы:

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен

6-оқушы:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
7-оқушы:

Ақ әжем Өзің мені өсірген,

Айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген

Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,

Шекер салып, жан әжем.

Өзім құйып берейін.

Балдай тәтті бал әжем.
2-жүргізуші:
Ата-әжем мақтанышым менің де,
Қонақ болып отыр менің төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен,
Ән салатын кезім келді менің де.
Ән: _______сынып оқушылардың орындауында «______________________________»

Ән: _______сынып оқушылардың орындауында «______________________________»

1-жүргізуші:

ІІІ бөлім Мен атамның жалғасымын
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Халық арасында ауызы дуалы, әңгімесі бәтуалы ақсақалдар барда ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастары жөнсіз кетпейтіні белгілі.

Ал енді біздің қымбатты да, қадірлі қонақтарымыз Ана бақытын көрдіңіздер, бала тәрбиелеңіздер, ал Әже бақыты қалай екен?

2-жүргізуші:

- Немелеріңізге берген сертіңізді үнемі орындайсыздар ма?

1-жүргізуші:

- Шыдамды деген не?

2-жүргізуші:
-
Немелеріңіз сұраған заттардың бәрін алып бересіздер ме?

1-жүргізуші:

- Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?

2-жүргізуші:

Немелеріңіз сізге сырын айта ма?

1-жүргізуші:

- «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

2-жүргізуші:

- Сіздердің жастық уақыттарыңыз бен қазіргі таңдағы жастардың қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыздар?

(Қарияларымыз оқушылардың сауалдарына жауап береді)

1-жүргізуші:
Бейбітшілік тілегі,

Өмірлері толы аңыз.

Ел деп соққан жүрегі,

Бізде азамат боламыз.

Туған жерді сүйеміз,

Тау менен өзенін.

Алдында бас иеміз,

Ата менен әженің.

Оқушылардың ата-әжеге арналған өздерінің шығарған өлең шумақтарына кезек берейік.

2-жүргізуші:

Атаменен немере – аяқталмас бір дастан

Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!

Балаңнан тәтті дейді немере,

Маған ақы сен өмірде төлеме

Гүл сияқты алақанмен аялап

Күн сияқты көтеремін төбеме

-дей келе Қазақстанның болашағы – жастардың қолында дейді, сондықтан біз сияқты жастарға берер ақыл кеңестеріңізді немелеріңізбен және оқушылармен бірлесе отырып «Тілек ағашына» өздеріңіздің жылы лебіздеріңізді жазуыңызды сұраймыз.

1-жүргізуші:

- Сіздердің тілектеріңіз үшін көп рахмет!

Қарттарымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарттардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!

(Бата алу)
2-жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее