«Зима 2025»

Тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа

Сабақ мақсаты: оқушыларға жақсылықтың мәнін аша отырып, дұрыс әрекет құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, имандылық қасиеті туралы түсінік беру.
  • Оқушыларды жақсылық жасау іскерліктеріне баулу арқылы, мейірімділік қасиетін дамыту.
  • Оқушыларды жақсылық жасауға үйрету арқылы, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: №253

Сынып: 4

Мұғалім: Ержанова Анар

Саны: 26

Күні:

Тақырыбы: Жақсылықтан жақсылыққа

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеті: Имандылық, мейірімділік, қайырымдылық



Сабақ мақсаты: оқушыларға жақсылықтың мәнін аша отырып, дұрыс әрекет құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, имандылық қасиеті туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды жақсылық жасау іскерліктеріне баулу арқылы, мейірімділік қасиетін дамыту.

  • Оқушыларды жақсылық жасауға үйрету арқылы, қайырымдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

5 «Т» ережесін еске түсіру.


Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену.


Ескертулер


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Кеңесбек Демешовтың Мөлдір бұлақ ертегісін оқып келу.


Сұрақтар:

  1. Халықтың сусыз қалуының себебі неде?

  2. Жалаңбас бала қандай әрекеттер жасады?

  3. Қарлығаштың қандай көмегі тиді?


Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп, айтып беріңдер.


3.Дәйек сөз.

«Ешқандай жақсылық зая кетпейді»

Үнді нақылы

Үнді халқының нақылынан қандай ой түйдік?



4. Әңгімелеу


Кішкентай кісілер

Ертегі

Ағайынды Гриммдер


Баяғыда бір етікші болыпты. Көк тиын ақшасы болмапты. Ақырында әбден кедейленіп бітіп, қос етік тігерліктей ғана былғарысы қалыпты. Іңірде әлгі былғарыдан етік пішеді де: «Қазір жатып, ұйқымды қандырайын. Таңертең ертерек тұрып, тігіп тастармын» деп ойлайды.

Сөйтеді де жатып ұйықтап қалады. Таң сәріден оянып, беті-қолын жуып, жұмысқа кіріспекші болып ыңғайланса, жұмысы дайын тұр – етіктерді біреу тігіп қойыпты.

Етікші өз көзіне сенер-сенбесін біле алмай, аң-таң қалады. Мұны неге жоруын да білмейді.

Етікті қолына ұстап, аударып, төңкеріп қарай бастайды.

Қалай мінсіз тігілген десеңші! Тігісінде бір ақау жоқ. Асқан ісмер адамның қолынан шыққаны көрініп тұр. Көп күттірмей, сатып алушысы да табылды. Етікке қызығып, көп ақша төлеп, сатып алып кетеді. Етікші енді қос етік тігетіндей былғары сатып алады. Іңірде екі қос етікті пішеді де: «Қазір жатып, көз шырымын алайын, таңертең ертерек тұрып, тігіп тастармын» деп ойлайды.

Таң сәріден тұрып, бетін-қолын жуып, жұмыс орны жақа қараса, екі қос етіктің екеуі де тігулі, дайын тұр.

Сатып алушылар бұл жолы да тез табылады. Етіктерге қатты қызығып, көп ақша төлейді. Етікші енді бақандай төрт қос етік тігетіндей былғары сатып алады.

Келесі күні таңертең төрт қос етік те тігіліп, дайын тұрса керек.

Сөйтіп содан бері күн сайын осылай қайталана береді. Іңірде пішілген етік таңертең тігіліп, дайын тұрады. Етікшінің тапшылық, жоқшылық өмірі ұмыт бола бастайды.

Бір күні іңірде күндегідей бірнеше етік пішіп қояды да, ұйықтар алдында әйеліне:

  • Бәйбіше, бүгін ұйықтамасақ қайтеді, етікті тігіп жүрген кім екен, көрсек қайтеді, - дейді.

Бұл сөзге айелі қуанып:

  • Мақұл, ұйықтамасақ, ұйықтамайық, көрейік кім екенін, - дейді. Үстел үстіне шырақ жағып қойып, бұрышта ілінген киімдердің артына барып тығылып, күтіп отыра береді. Бір уақытты, дәл түн ортасы болғанда, үйге кішкентай кісілер кіріп келеді. Етікшінің үстеліне шығып отыра қалып, кіп-кішкентай саусақтарымен пішілген былғарыны алып тіге бастайды.

Бізді шанышқанына, тарамысты өткізгеніне, былғаны тықылдатқанына көз ілеспейді екен. Етікші таңырқап, кішкентай кісілерден көпке дейін көзін тайдыра алмайды. Бар етікті тігіп болғанша, аналар бір тыным алмайды. Соңғы етік дайын болысымен, үстелден секіріп-секіріп түседі де, көзден ғайып болады.

Таңертең әйелі күйеуіне:

  • Бұл кішкентай кісілер қолымызды байлыққа жеткізді. Біз де бұларға бір жақсылық жасауымыз керек қой. Кішкентай кісілір біздікіне ылғи түнде келеді. Үстерінде киімі жоқ, сірә, тоңатын шығар. Менің басыма мынадай бір ой келіп отыр: мен әрқайсысына көйлек, күрте, шалбар тігіп қояйын. Ал сен етік тік, - дейді.

Етікші әйелінің сөзін тыңдап болып:

  • Ойың жақсы екен. Шіркіндер, сірә, бір қуанып қалар! – дейді.

Сөйтіп бір күні кешке сыйлықтарын пішілген былғарымен бірге үстелге қойып, өздері тағы да бұрышқа тығылып, кішкентай кісілердің келуін тосып отыра береді.

Бұрынғыдай дәл түн ортасы болғанда, үйге кішкентай кісілер кіреді. Үстелге секіріп шығып, іске кіріспек болса, пішілген былғарымен бірге әдемі көйлек, күрте жатыр. Қасында кіп- кішкентай етік тұр.

Кішкентай кісілер ә дегенде абыржып, аузын ашып қалса да, соңынан қуанып мәз болады.

Әдемі киімдерін тез-тез киіп алып, би билеп, өлең айта бастайды:

Сәнді киім мұнша көп,

Киіндік те кеңелдік!

Етік тігер мұрша жоқ,

Қызыққа енді бөлендік!

Үстелден – үстелге секіріп, орындықтан-орындыққа секіріп, кішкентай кісілер ұзақ өлең айтып, би билейді. Содан соң бір кезде ғайып болады. Олар қайтып етік тігуге келмей қояды. Бірақ бақыт пен сәттілік етікшінің ұзақ өмірінде одан екі елі айырылмайды.


Сұрақтар:

  1. Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

  2. Кішкентай кісілер етікшіге қандай жақсылық жасады?

  3. Етікші мен онын әйелі кішкентай кісілердің жақсылығын қалай қайтарды?

  4. «Жақсылыққа жақсылық» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Өздерің жақсылық жасағанда, мейірімділік танытқанда қандай сезімде боласыңдар?



5.Шығармашылық жұмыс.

1 топ. «Жақсылық тамшысы» шығармашылық жұмыс. Әрбір оқушыға тамшы үлгісіндегі қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсылықтарын жазып, тамшыларды құндылық ағашыныңтамырына жария етіп, «көп түкірсе көл болады» деген мақсатта қою.

2 топ. «Жақсылық бастауынан» тармағындағы сұрақтарға жауап жазады және айту. Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүрсіңдер?

3 топ. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазыңыздар.


  1. Топпен ән.

Достық әні

Сөзі: Е.Елубаев

Әні: И.Нүсіпбаев

Ортақ мекен – жер шары,

Төбеміде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымы жарасқан.


Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жер ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң,

Бақытты өмір сүреміз.



  1. Үйге тапсырма. Атаның өнегесі. Ә.Табылдиевтің мәтінің түсініп оқып келу. 130–бет. 27 –сабақ. Дәптердегі 1 тапсырманы орындау.


  1. Қорытынды.

Баяу ән қойылады. Балалар көздерің жұмып бүгінгі сабақты еске түсіреді. Жақсылық жасау – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Риясыз жақсылықты жасау – биік адамгершіліктің белгісі.






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее