«Зима 2025»

Тұлғаның өзін-өзі тану процесінің мәні

Адам өзіне өмірінде бір рет болса да: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмірімнің маңызы неде?» деген сұрақтар қояды. Бұл филисофиялық қиын сұрақтарға әр адам әртүрлі жауап береді: кейбірі бұған жауап таппайды, кейбіреуі өзіне толық сипаттама беруге және өзінің тіршілік әрекеттерінің бағыттары мен болашағын анықтауға тырысады. Дегенмен, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып өз жауаптарына қанағаттанбайды. Шынында әрқайсымыздың ішкі әлеміміз - ғалам тәрізді шексіз, сарқылмас әлем. Оның кейбір жасырын бұрыштарына көз тастамай өмір сүруге болады

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІН ӨЗІ ТАНУ ПРОЦЕСІНІҢ МӘНІ

Адам өзіне өмірінде бір рет болса да: «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің өмірімнің маңызы неде?» деген сұрақтар қояды. Бұл филисофиялық қиын сұрақтарға әр адам әртүрлі жауап береді: кейбірі бұған жауап таппайды, кейбіреуі өзіне толық сипаттама беруге және өзінің тіршілік әрекеттерінің бағыттары мен болашағын анықтауға тырысады. Дегенмен, қойылған сұрақтарға жауап бере отырып өз жауаптарына қанағаттанбайды. Шынында әрқайсымыздың ішкі әлеміміз - ғалам тәрізді шексіз, сарқылмас әлем. Оның кейбір жасырын бұрыштарына көз тастамай өмір сүруге болады. Сондықтанда барлық адамзат тарихында өзін өзі тануға қызығушылық өз мәнін жоймайды. Өзін өзі тану - бұл өзін тану, өзінің әлеуетті және маңызды қасиеттерін, жеке бастық, интеллектуалдық ерекшеліктерін, мінез ерекшелігін, өзінің өзге адамдармен қарым-қатынасын тану процесі. Сонымен қатар өзін өзі тану маңызы, құрылысы, механизмдері туралы көптеген мәселелер туындайды. Ежелгі Грекия храмдарының бірінде жазылған «Өзіңді өзің таны!» сөзінің осы күнге дейін құпия болып қалуы да тегін емес. Көпшілік үшін бұл сөйлем құпия емес және оны сөзбе-сөз өзіңді танып білу деп ұғынады. Егер өзіңді сипаттап бер деп сұраса, онда жауап беруші болмашы ғана: «Мен ақылдымын, адамгершілігім мол, шыншыл, өзгелермен қарым-қатынасым жақсы» деп жауап береді. Кішкентай балада осындай тәсілмен: «Мен жақсымын», «Мен үлкенмін» деп ата-анасының айтқанын қайталап жауап береді. Жоғары білімді және мәдениетті адамды «Өзіңді өзің таны» сөзі байыпты ойлауға әкеледі, жаңа философиялық сұрақтар тудырады. Біз бар болғаны төртеуін қоямыз: - Адам үшін өзін өзі тану маңызы қандай? - Өзіңнен нені тану керек? (өзін өзі тану объекті не?) - Адам өзін қалай және қандай тәсілмен таниды? (өзін өзі тану механизмдері, жолы және құралы қандай?) - Адам өзін таныды, ары қарай? Барлық философиялық білімнің дамуы адамға өмір маңызын, адамның шынайы бағыты мәселелерін, жалпы адами құндылықты ұғынуды іздеу тән екенін растайды. Өзін өзі тану процесі адамдағы шынайы адами: даналықты, адамгершілікті, әдемілікті, өзімен және қоршаған ортамен үндестікті бекітуге бағытталған. Ең ежелгі дүниетаным түрі – мифологияда дүниенің тұтас гармониялық бейнесі: табиғаттың, адамның, Тәңірдің тұтас стилінде сипатталған болатын. Қоғамның алғашқы даму сатысында адам «өзін қалған тірі табиғаттан ажырата алмаған. Өзінің генетикалық, барлық қалған органикалық дүниемен тығыз байланысын сезінді». Рухани және адамгершілік мәселелері ежелгі философтардың еңбектерінен орын алды. «Адамгершіліктің алтын ережесі» туралы «Махабхаратта», Будда Духовно-культурные основания казахстанской государственности: Сборник Материалов республиканской научно-теоретической конференции, посвященной 20-летию независимости и 105-летию со дня рождения Акжана Машани. - я2012. - С. 242-246 нақыл сөздерінде, Гомерде және Геродотта кездеседі. Ежелгі шығыс дәстүрі адамның ішкі дүниесін жетілдіруге бағытталған. Мысалы, ежелгі үнді әдебиетінде – адамның адамгершілік мәселелері, оны объект және құмарлық әлемінен босату жолы мен тәсілдері ашып көрсетіледі. Ежелгі Грекия және Римде жаңа адам ұғымы пайда болды, адам келбетін дамытуда адамды жаңа қоғамдық бағалау «Антигона» трагедиясындағы Софоклмен бейнеленген: «әлемде көп керемет бар, Адам - бәрінен де керемет». Көне заман ойшылдары Пифагор, Сократ, Платон және т.б. адам туралы, оның мәні және танымдық мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлді. Пифагор және оның ізбасарлары тұрмыстық мәселелерді талқылай отырып, от, ауа, су және жер күштерінің араласу заңдылықтары туралы, бірігу (толымды және толымсыз, шекті және шексіз), үн синтезі (аккорд, интервал) процесіндегі сан қосылысы туралы маңызды тұжырымдар жасады. Осы теория бойынша рухты және рухсыз, махаббат пен өшпенділік, жақсылық пен жамандық, еркіндік пен озбырлықтың өзара әрекеттесуі, олардың синтезі рухани мазмұнды білдіреді. Сократ адам бәрінен бұрын өзін және өз ісін тануды, өз іс-әрекетінің бағдарламасы мен мақсатын анықтауды, жақсылық пен жамандықтың, әдемілік пен сиықсыздықтың, шындық пен адасушылықтың барын ұғынуды қажет етеді деп санады. Ежелгі грек философы тек өзінің «Менін», өзінің ішкі дүниесін терең толғану арқылы ғана өзін жетілдіру, дұрыс құндылықты таңдау, сондай- ақ игі ойлармен әрекеттеу мүмкін екендігіне көз жеткізді. Әл Фарабидің адам өмірінің мақсаты ретіндегі бақыт туралы ілімі оның ақыл туралы ілімімен тікелей байланысты. Бақыт ақылмен және рақымшылықпен қатар әл Фараби көзқарасының негізгі санаты және оның шығармаларының негізгі тақырыбы. Әл Фараби ойынша, бақыт – адам ұмтылатын кемелдік. Шындық, махаббат, әдемілік және Жарықтан басталатын нұр - әл-Фараби философиясындағы гуманистік түсіндірменің негізгі ұғымы. Махаббат - кемелдіктің ең жоғары әдемілігі мен идеалын бейнелейтін жоғары қағидаға дүние тану сатысы бойынша ұмтылу. Махаббат – ең төмен (жер) және ең жоғары (аспан) әлемді байланыстыратын көпір ретінде танылады. Эстетикалық бағытта осы екі әлемді дуалистік қарама-қарсы қою сиықсыздықтан әдемілікті, жаманнан жақсыны ажыратуға мүмкіндік беретін «ішкі көзқарас» ретінде идеал проблемасын қояды. VII ғасырда өмір сүрген, ел ішінде «ілім қақпасы» аталып кеткен, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әлі (Әли ибн Әби Талиб) «Бұл әлемде үлкен құндылық иесі байлық па әлде білім бе?» деген сұраққа келесі жауаптар берген: - Білім сені сақтайды, ал байлықты сен қорғаштайсың, сондықтан білім құнды. - Білім досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады. - Білімді көп жисаң олар артып отырады, білімді қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні таусылады. Сондықтан, білім байлықтан артық. Психология ғылымында өзін өзі тану маңызы толығымен қарастырылады. Мұнда өзін өзі танудың әр түрлі аясы ашылады: - өзін өзі тану тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулығын табу жағдайы болып табылады; - өзін өзі тану – ішкі гармония мен психологиялық кемелдікті табу құралы; - өзін өзі тану – тұлғаның өзін жетілдіретін, оны іске асыратын жалғыз жол. Психологияда өзін өзі тану саласын алғаш американдық психолог У.Джемс қарастырды. Адам санасындағы танылатын элементтер ретінде: жеке тұлғаны, әлеуметтік тұлғаны және рухани тұлғаны бөліп көрсетеді. Бұл үш жеке тұлға түрлері иерархиялық ұйымдасқан. Рухани тұлға – жоғары дейгейде, жеке тұлға – төменгі деңгейде. Әлеуметтік тұлға аралық қатынасты білдіреді. Өзін өзі бақылау және өзін өзі тануға ұмтылуда келесі салаларды бөлуге болады. Жеке бастық мінезтану ерекшеліктері: басқа адамдарға (адалдық, көпшілдік, сыпайылық, жұмсақтық, т.б.), іс-әрекеттерге; еңбекке, білімге (жігерлілік, орындаушылық, еңбексүйгіштік, т.б.); өзіне (өзін құрметтеу, сенімділік - сенімсіздік); заттарға (ұқыптылық, жинақтылық, тазалық); табиғатқа; өнерге; ғылымға қатынасты айқындалатын жеке бас сапасы мен мінез-құлық ерекшеліктері. Тұлғаның мотивациялық-құндылық аясы – іс- әрекет пен мінез-құлықты анықтайтын өздігінен талаптану, мүдде, мотив, құндылықты өзінен тану. Жеке бастың эмоциялық-еріктік аясы - стрестік жағдайларда өзінің басыңқы сезімін, эмоциялы жағдайын, жұмыла кірісу, табандылық таныту, батылдық, мақсаттылық және т.б. таныту. Қабілеттілік және мүмкіндік аясы - әртүрлі тіршілік аясында өз қабілеттілігін талдау, ойын жүзеге асыру үшін мүмкіндігін бағалау. Жеке бастың танымдық аясы – психикалық процесстердің: қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау; өз ақылының ерекшелігі мен сапасы, зерделілік, өмірлік және кәсіби міндеттерді шешу қабілетінің жұмыс істеуін тану және түсіну. Сыртқы келбет, темперамент ерекшелігі аясы - өзін өзі бақылауға өзінің келбеті, сыртқы түрі, жүрісі, өзін ұстау, сөйлеу мәнері, сондай-ақ темпераментті анықтайтын өзінің жеке ерекшелігі жатады. Әлеуметтік қоршаған ортамен, өзге адамдармен қарым-қатынас аясы – адам өзінің өзге адамдармен, өте жақын адамдармен қарым-қатынасын, өзара қарым қатынасын бақылайды, өзінің мінезін, шиеленісі мен кедергісін бақылайды. Іс-әрекет аясы - адам өзінің білімін, икемділігін, ептілігін, қабілеттілігін білуі маңызды, ол оны өмірде, іс- әрекетінде қалай қолданса, оны өзінде солай дамытады. Өз өмір жолы аясы - әрбір адам өткенін бақылайды, қандайда бір қорытынды шығарады, болашаққа жоспар құрады, жеке басын болжайды. Психологияда өзін өзі тану саласы мен аясын кеңінен ашатын Д.Лафт және Г.Ингрома құрастырған модель «Джогари терезесі» (1 кесте) деп аталады. Осы модельге сәйкес әрбір адамның өзінде жеке басының төрт «кеңістігін» алып жүретінін көрсетеді. Арена мен өзім туралы білемін, менің айналамдағы адамдар ол туралы біледіні қамтиды. Соқыр дақ – мен туралы өзгелер біледі, бірақ мен өзім білмеймін. Көрерлік - мен өзім туралы білемін, бірақ басқалар ол туралы сезбеуі де мүмкін. Белгісіз – мен өзім туралы білмеймін, өзгелер де мен Мен аспектілері білмейді. Осының есебінен өзін өзі тану міндеті өз аренаңды кең деңгейде ұлғайту, белгісізді ең төменге түсіру, қажеттік бойынша соқыр дақ аясын кеміту, көрерлікке қатысты өз позициясын нақты анықтау (шынында басқалардан нені жасыру қажет, нені ашуға болады, жеке бас мақсатына жету үшін пайдалануға тиімді) жүзеге асырылады. Арена Соқыр дақ Көрерлік (жасырын ая) Белгісіз 1 кесте. «Джогари терезесі» Сонымен, біз біздің өзін өзі сезінуіміз қалай жұмыс істейтінің көрсетуге тырыстық. Ал ол бір жағынан өзін өзі сезіну, эмоциялық-құндылық қатынас механизмі, екінші жағынан өзін өзі реттеу, өзін өзі бақылау механизмдері белсенді әрекет ететін «Мен» түрлі аспектілерінің тұрақты өзара әрекеттесу қағидалары бойынша жұмыс істейді. Осы өзара әрекеттестіктің өзіндік өнімі өзін тану, Мен-концепциясы болып табылады. Мен-концепциясының схемалық құрылымын келесідей бейнелеуге болады (2 кесте). 2 кесте. Мен-концепциясы құрылымы Шынайы (немесе шынында менің қандай екенім туралы) Мінсіз (немесе менің қандай болғым келетіні туралы) Айнадай (немесе мені басқалар қалай қабылдайтыны) Эмоциялық Жеке бастылық Әлеуметтік Ақыл-ой Мен өзім туралы не білемін Менің өзіме қатынасым қандай Мен өзім туралы не ойлаймын Мен өзімді қалай бағалаймын Өзің туралы білу, яғни жеке бастың өзіндік бейнесі Мен-концепциясының негізін, оның мазмұнын құрайды. Мысалы, адам өзі туралы: мен ақылдымын, көпшілмін, дарамын, ұқыптымын, келбеттімін және т.б. қасиеттерін атайды. Сонымен, «Өзін өзі тану» пәнінің мақсаты тұтастай рухани адамды, планета азаматын, өркениетті дәуірде өмір сүруге, бақытты болуға қабілетті, қоршаған ортаны қорғап, аялай білетін, басқа адамдарды түсіне білетін, өзінің жеке және ұлттық дүние бейнесін қорғап, дамыта отырып, әртүрлі мәдениетке және өмір тәжірибелеріне құрмет білдіре алатын адамды қалыптастыру болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. –М., 2002.

2. Орлов Ю.М. Самопознание и самовоспитание характера: Беседы психолога со старшекласниками: Кн. для учащихся. - М., 1987.

3. Анаьев Б.Г. Человек как предмет познания. – СПб: Питер, 2002.

4. Боголюбов Л.Н. Человек и общество. – 7-е изд. – М.: Просвещение, 2001.

5. Кон И.С. В поисках себя: личность и ее саморазвитие. – М., 1986.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее