«Зима 2025»

"Түбір мен қосымша" ( 2-сынып)

Түбір мен қосымша туралы түсініктерін бекіту

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Түбір мен қосымша  2 сынып



Сабақтың мақсаты:Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру.Сөздердің түбірі мен қосымшасы болатынын байқату.Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру.Ой-өрісін дамыту.Сөздік қорын байыту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Өз елін мақтан тұтуға,еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Сиқырлы өлке, қария, алма ағашы, ойындар, суреттер, домбыра, қобыз, мақал-мәтелдер

Сабақтың түрі:кіріктірілген аралас сабақ

Сабақтың жүрісі:Ұйымдастыру

                              Үй тапсырмасын сұрау.

Эдвард де Бано «6 ойлау шляпасы» технологиясы бойынша өтілген сабақты қорыту.

Ақ қалпақты сұрағы: Түбір дегеніміз не? Қосымша дегеніміз не?

Сары қалпақтың сұрағы: Мына сөздерге қосымша жалғап айт. Етік, егін, қар.

 Қызыл қалпақтың сұрағы: Мақалда оқы, қарамен жазылған сөздерді салыстырып, ерекшелігін айт.

Еңбек – ер аттандырады.

Еңбектің түбі – рахат.

Жасыл қалпақтың сұрағы: Өлеңді мәнерлеп оқы.

Мен ғарышкер боламын

Аспан, аспан, арайлым.

Саған жиі қараймын

Сені көзбен шоламын.

Мен ғарышкер боламын!

Ғарышкер сөзінің түбірі мен қосымшасын тап. Қандай ғарышкерлерді білесің?        

Көк қалпақтың сұрағы: Түбірге қосымша не үшін жалғанады? Мысал келтір.                   

Жаңа сабақ:

-Ерте-ерте, ертеде,біз білмейтін сиқырлы өлкеде  бір қария өмір сүріпті.Ол қарияның бағында алтын ағаш өсіпті.Қария сол ағашта өскен алманы базарға апарып сатып күнін көреді екен.Оның көршісі оны қызғанып,түнде келіп ағашты кесіп кетеді де,оны өз үйінің бағына отырғызады.Ағаш өспей қалады.

-Неге?

Қария ертесі есіктің алдында тұрған ағашының жоқ екенін байқайды.

 

Мақал-мәтелдер: Жаманмен жолдас болсаң кесірі жұғар,

                                Жақсымен жолдас болсаң нәсібі жұғар.

 

                          Жақсы дос пайдасын тигізбесе де,зиянын тигізбейді,

                          Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді.



-Көршісі кешірім сұрап алма ағашын қайтарып береді.Қария ағаштың түбіне су құйып күте бастайды.Сонда ағашқа қосымша бұтақтар өсіп,кейін қайтадан жеміс береді.

Мінекей балалар біздің сөзімізде түбір болмаса мағынасы болмайды.

 

Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігін түбір(түбір сөз) дейміз.

Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.



 

Оқулықпен жұмыс.  272-жаттығу. Ауызша орындау

 

273-жаттығу.  Тақтада орындату

 

274-жаттығу.  Өздігімен орындау

Ұшаққа келдім, ұшаққа міндім, ұшақтан түстім, ұшақты көрдім.



Дәптермен жұмыс. Диктант

Бүгін Әнуар мен Нұржан ерте тұрды. Олар қардың қалың жауғанын көрді. Екеуі есік алдындағы қарды күреді. Әнуар әжесіне құдықтан су әкеліп берді. Нұржан тауықтарға жем шашты.

  • Жалғауларды тап.

Сабақты қорытындылау.

Карточкамен жұмыс.

Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін қой

Төмендегі сөздерге тұсындағы жұрнақтардың тиістісін қой

-шы, -ші, -шіл, -шыл, -дық, -кер, -шік, -гі, -лы, -қы, -ғы

БИ ІС ҚЫС

ҚОБЫЗ ОРЫН АРБА

КӨП ТАЛАП ТҮН

САУЫҚ КӨЛ ЖАЗ

Үйге тапсырма: 276-жаттығу.

Бағалау:

 







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее