Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, олардың төлдері туралы әңгімелеу. Септік жалғауларын дұрыс қолдануды үйрету.
Ойлау, көру жүйелерін, сөйлеу тілі қимылын, тыныс алуын дамыту. Дыбыстың ырғағы мен күшін түзету.
Үй жануарларын қорғауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар:заттық,мазмұнды суреттер.
Әрекет кезеңдері | Логопедтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
-Логопед фонетикалық жаттығуларды орындауға шақырады. | -Балалар фонетикалық жаттығулар орындайды. |
Ұйымдастыру іздену | -Тыныстау жаттығуы. -Артикуляциялық жаттығулар «Сағат», «Әткеншек».
-Тақырыпқа байланысты жұмбақ жасырады. Үй жануарларының суреттері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сұрақтар қояды.
-«Аз-көп» дидактикалық ойын. Балаларға үй жануарларын атап, көптік жалғауды қосып дұрыс айтуды ұсынады.
-Сергіту сәті. -Логопед балалармен музыка әуенімен сергіту сәті сөздері мен қимылдарын сәйкес орындайды.
-«Адасқан төлдер» дидактикалық ойын. Логопед балаларға үй жануарлардың төлдерін табуды ұсынады. -Сиырдың (қойдың, ешкінің, жылқының) төлі не? | -Балалар тыныстау жаттығуын орындайды. -Балалар артикуляциялық жаттығуларды орындайды.
-Балалар суреттерге қарап, мұқият тыңдайды. -Балалар сөзге көптік жалғау қосып, сөздің жаңа формасын құрады: сиырлар, түйелер, т.б.
-Балалар сергіту сәті сөздерін қимылдарға сай орындайды, көңіл-күйлерін көтереді , демалады.
-Балалар үй жануарларының төлдерін табады: -Сиырдың төлі бұзау. Қойдың төлі қошақан. т.б.
|
Рефлексивті түзету | -«Не жоқ?» дидактикалық ойын. Балаларға бірнеше үй жануарларының суретін көрсетін, оны жасырып, не жоқ екенін табуға тапсырма береді.
-Қорытындылау: марапаттау, кім жақсы жұмыс істегенін сұрау. | -Балалар жасырынған суреттерді атайды.
-Балалар бір-біріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже
Білу: Үй жануарларының төлдерін атауды.
Игеру: Көптік жалғауларды пайдалануды.
Меңгеру: Сұраққа толық жауап беруді.