«Зима 2025»

Уроки самопознания

өзін-өзі тану пәнінен 4 сынып сабақ жоспары

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектеп

Мерзімі:

Мұғалім: Кожантаева Салтанат Жузумхановна

Сынып _4_ Оқушылар саны: _______

Сабақтың тақырыбы: Өзін-өзі тану – өмірді тану ; _1_ сабақ

Құндылық: Ақиқат. Қасиеттер: кішіпейілділік, қарапайымдылық, шындықты айту, тек жақсы және қажет заттарды айту.


Сабақтың мақсаты: Ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларды шындықты айту, тек жақсы және қажет заттарды айтуға үйрету.

Дамытушылық: оқушылар бойында кішіпейілділік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды қарапайым болуға тәрбиелеу.

Ресурстар (құралдар, мәліметтер)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т» ережесін еске түсіреміз. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңсыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуен естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


Үй тапсырмасын тексеру:

  1. 3 сыныпта өзін-өзі тану сабақтарынан үйренгендерін еске түсіру. Өзін және айналасын тануға қызығушылық. Оқуға, білім алуға деген құштарлық. (Адам ақиқатқа не үшін талпынады? -деген жетекші сұрақ арқылы өз ойын ортаға салу).

Дәйексөз:

«Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің».

А.Пивен

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу, жұмыс дәптеріне жазғызу, оқушылар жауаптарын тыңдау, қорытынды жасаймыз).


Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) Еңбексүйгіш пен Еріншек (аңыз-әңгіме)

Еңбексүйгіш пен Еріншек деген егіз туған ағайындылар болған екен. Еңбексүйгіш таңның атуы мен күннің батуына дейін жұмыс істейді, ал Еріншек күн шыққанша ұйықтайды. Ал күн шыққан кезде бір жамбасынан екінші жамбасына аунап түсіп жата береді, сәске түстің кезінде оянады...Сөйтіп, қос бауыр өмір бойы осылай тіршілік етеді. Қартаяды,олардың да бойынан күш қуат қайта бастайды. Оларды бір күні ауыл қариясы өзіне шақырып алып:

  • Сендер неше жыл жарық дүниеде өмір сүрдіңдер? - деп сұрайды,

  • Тоқсан тоғыз жыл өмір сүрдік, - деп жауап береді ағайындылар.

  • Жарайды, менің де сендерге кезек беретін уақытым жетті,-дейді қария.

  • Қане, маған өмірді қалай өткізген жылдарыңды көрсетіңдерші,-дейді.

Еңбексүйгіш: «Менің өмір сүрген жылдарым»,-деп, ну орманды көрсетеді. Өз өмірінде ол күн сайын бір ағаштан отырғыза беріпті, содан орман өсіпті.Қария орманмен бір күн жүріпті, ал орман қалыңдаған үстіне қалыңдай түсіпті. Бір апта жүріпті, бір жыл бойы жүріпті, ал орманның қиыр шеті көрінбепті. Қария шаршап, жерге отыра кетіпті - сондай қауқарсыз шал, ал Еңбексүйгіш: «Тағы да ілгері жүре түсейік?» - дейді. Қария қолын бір-ақ сілтейді де, Еріншекке қарап: «Сен көрсетші өзіңнің өткізген жылдарыңды», - дейді. Ал Еріншектің көрсетері жоқ. Еріншектің ұнжырғасы түсіп тұрып қалады...Қария аһлап-үһлеп, орнынан әрең тұрып: «Енді ауыл қариясы мына - Еңбексүйгіш болады»,- дейді. Әлемнің бар сұлулығын осы жасайды. Ал сен, Еріншек, тағы да тоқсан тоғыз жыл өмір сүресің. Содан кейін - өзіңнің бауырыңа келесің. Еңбексүйгішке өзіңнің өткізген жылдарыңды көрсетесің». Адам өмір сүреді, өтеді, ал егер ол нағыз адам болса, өткен жылдары өшпейді. Адамдар қандай да болмасын, әр істің айқындығын, дәлдігін қалайды.

1. Бұл аңыз әңгімеде қандай құндылық жөнінде айтылған?

2. Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?

3. Қария нені түсіндіргісі келді?

4. Ақиқатқа жетудің қандай жолдары бар деп ойлайсың?

5. Аңыз-әңгімеден не ой түйдіңдер?

.

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Шеңберлердің ішіне: Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Қиянат жасамау – жалпыадамзаттық құндылықтарды жазып, құндылықтар туралы ой бөліседі, пікір алмасады.


Топпен ән айту. Айгөлек

сөзі Н.Баймұхамедовтікі, әні Б.Байқадамовтікі

Ақиқатпен жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Сүйіспеншілік шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Дұрыс әрекет болар ма?

Қайырмасы: 2 рет

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі кел, бөбек.


Ақыл сөздің ұстасы -

Шыншыл болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз.

Тыныштығы жарасқан,

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Қиянатсыз ұрпақпыз.

Қайырмасы: 2 рет


Үй тапсырмасы.

  1. Ақиқат құндылығы туралы мақал-мәтелдерді жазып келу.

  2. Келесі №2 сабақ. Оқулықта 12-бет, Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» атты әңгімесін оқып келу.


Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қойылады. (- балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер). Осы сабақта үйренген жақсы қасиеттеріңді жүрек түкпіріне сақтайық.

Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат бар жерде.

Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат, Ақиқат бүкіл әлемде.


_________________



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее