«Зима 2025»

Виет теоремасын меңгеру

Виет теоремасын меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі есептерді шығаруға дағдыланады.Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Ақтоғай ауданы Нарманбет аулы М.Ержанов атындағы ЖББОМ

Байжұманова Жарқын Туяққызы математика мұғалімі

Тақырыбы

Виет теоремасы

Мақсаты

Виет теоремасын меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі есептерді шығаруға дағдыланады.

Жалпы мақсат

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылары қалып-тасады

Күтілетін нәтиже

Тақырып толық менгеріледі, ерекшеліктерін пайдалана отырып есептерді шешуді ұсына алады

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Кім жылдам», Миға шабуыл, «Адасқан әріптер» Ойлан бірік- бөліс, Ойлан тап

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер,

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Миға шабуыл

«Қайталау–оқу айнасы өткен сабақ бойынша сұрақтар беріледі


1. Квадрат теңдеу қалай беріледі?
2. ах²=0; ах²+вх=0 және ах²+с=0 квадрат теңдеулері неліктен «толым-сыз квадрат теңдеулер» деп аталады?
3. в²- 4ас формуласымен есептелетін сан қалай аталады?
4. Толық квадрат теңдеу дегеніміз не?
5. Квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін қандай формуламен табамыз?
6. 2х²- 5х - 3=0 теңдеуінің коэффициенттерін атап шығыңдар.
7. Егер квадраттық теңдеуінде коэффициенттердің бірі – b не с неме-се b мен с - ның екеуі де 0 - ге тең бол-са, мұндай теңдеулерді қалай атайды?
8.Дискриминантым ғаламат,
“Теріс” таңбасы қиянат.
Оң сан шықса түбірден,
Шәкірттің ісі оңалады? (Неге?)
9. Дискриминантым менің жоқ,
Түбірге төнер күмән көп.
Сонда да қорқар жөнім жоқ,
Көңілім менің мүлде тоқ. (Себебі?)
10. Дискриминантым болды - ау теріс,
Табылар ма екен түбірлер тегіс.
Уақытты босқа жіберме енді,
Түбірлер мұнда болмайды мүлде.
(Неліктен?)

1. ах²+вх+с=0, а≠0

2.в=0, с=0; с=0; в=0.

3. Дискриминант

4. ах²+вх+с=0, а≠0

5.Д= в²- 4ас

6.а=2, в=-5,с=-3

7. «Толымсыз квадрат теңдеулер» деп аталады

8. Дискриминант оң сан болса, онда екі түбір табам деген сөз.

9. Дискриминант нольге тең болса, онда бір түбір табам деген сөз.

10. Дискриминант теріс сан болса, онда теңдеудің түбірлері жоқ деген сөз.


«Ойлан, бірік- бөліс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты қорғау.


«Адасқан әріптер» арқылы сабақтың тақырыбын табу.

Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз беттерінше дайындық жасату.Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Постер арқылы бар білімдерін топпен талқылап ортаға топтан оқушы шығып, тапсырманы постер арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады., бір-біріне түсіндіреді, тақырыпты жинақтайды

Интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау арқылы келтірілген квадрат теңдеулерді табады

Ойлан тап

Әр топқа кітаптан есеп беріледі және тақырып бойынша тапсырмалар таратылады.

№1 Кинотеатрдағы бір қатардағы орындардың саны ондағы қатарлар санынан 8- і артық . Егер кинотеатрда барлығы 884 орын болса, ондағы қатар саны нешеу болғаны ?


Әр топтан оқушы шығып жаттығулар орындайды


№2«Маймылдардың үйірі

Ойнап жүрді орманда

Сегіз бөлігінің квадраты

Секірумен болды төменде,

Ал 12- сі олардың , алысты ағаш басында

Барлығын қосып санасақ,

Сауал маған, саған да ? »

«Кім жылдам»

Сөзжұмбақ шешу

Топпен бірігіп сөзжұмбақты шешу

1. Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

2. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

3. Бір тал кессең, он тал ек.

4. х-9х+8=0 х=1, х=8;

5. х²-14х+49=0 х =7, х=7;

6. х² - 10х+24=0 х =6, х=4;


1. х=1000, х= 1 жауабы: х²-1001х +1000 =0

2.х= 7, х=1 жауабы: х²-8х+7=0

3. х=1, х=10; жауабы: х²-11х+10=0

4. жауабы: Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы.

5. жауабы: Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім ал.

6. жауабы:

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса төбедегі жетеді.

Рефлексия

№1.Барлығын білемін, қолдана аламын

№2.Түсінемін, бірақ әлі де көмек қажет. Неліктен?

№3.Мен үшін барлығы киын. Неліктен?

Стикерге өз ойларын жазу

Қорытынды

6-7 слайдтардағы тапсырмалар арқылы сабақты қорыту

Бағалау парақшасын қолдана отырып,оқушыларды бағалау.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее